Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
- Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 43-бабы, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 144-3 бабы негізінде ҚР ДСМ, 25.06.2024, №46 «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында бақылау мақсатында сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес 2026 жылдың маусым айында жүргізілген бақылау мақсатында өнімдерді сатып алу нәтижесі туралы 18.06.2026 жылғы №9 актісі, 15.06.2026 жылғы №2260001067860734, №2260001067860764, №2260001067860790, зертхана хаттамасы негізінде «MILANA» түнгі көйлегі (гүлдерімен), «MILANA» түнгі көйлегі (жапырақтарымен), «MILANA» түнгі көйлегі (қара) өнімдерінен таңбалану бойынша сәйкессіздік аңықталды, яғни өнімдердін атауы, қолданылу мақсаты, құрамы, сақтау және қолдану шарттары бөлігінде мемлекеттік және орыс тілдерінде көрсетілмеген.
- Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: Мақат аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы
- Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): Сарапшылар тартылған жоқ.
- Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 06.2026-17.07.2026 жж.
- Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: ЖК «Имашова», Имашова Гулназ Сарбасовна.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: Тергеп – тексеру барысында «MILANA» түнгі көйлегі (гүлдерімен), «MILANA» түнгі көйлегі (жапырақтарымен), «MILANA» түнгі көйлегі (қара), өнімдерінін қадағалануын қамтамасыз ететін ілеспе құжаттар, атап айтқанда жеткізушінің жүкқұжаты тексеруге ұсынылды. Жеткізуші жүкқұжаты және сәйкестікті бағалау құжаттары тексеруге ұсынылғандықтан «MILANA» түнгі көйлегі (гүлдерімен), «MILANA» түнгі көйлегі (жапырақтарымен), «MILANA» түнгі көйлегі (қара) өнімдерінін өндіруді, сәйкестікті бағалауды, әкелуді, тасымалдауды, сақтауды жүзеге асырған субъектілерді айқындауға мүмкіндік болды.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: ЖК «Имашова», Имашова Гулназ Сарбасовна.
- Қабылданған шаралар: 06.2026 жылғы №9 Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына және (немесе) Бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарына сәйкес келмейтін (сәйкес келмейтін) өнімді (тауарды) алып қою және өткізуден кері қайтарып алу туралы жедел ден қою шараларын қолдану туралы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы берілді.