Біздің көпұлтты қаламызда бейбітшілік пен қоғамдық келісім сақталуда. Бұл, ең алдымен, Курчатов қаласы тұрғындарының жоғары мәдениеті мен тәрбиесінің, дәстүрлі құндылықтарды – берік отбасы байланыстарын, жақындарына қамқорлық жасауды және айналада болып жатқан оқиғаларға шынайы жанашырлық танытуды сақтап, дамыту қабілетінің арқасы.
Мәдениет мекемелерінің саны өзгеріссіз қалуда: Қалалық мәдениет үйі, Қалалық кітапхана, Достық үйі және Оқыту орталығы.
Қалалық мәдениет үйінде 7 үйірме және көркемөнерпаздар шығармашылығының 6 ұжымы жұмыс істейді. Оларға 200-ден астам бала қатысады.
Жыл басынан бері бөлім тарапынан 150-ден астам мәдени-бұқаралық іс-шара ұйымдастырылып, оған 13 435 адам қамтылды.