Екібастұз қаласы Қоғамдық кеңесінің 2026 жылдың I жартыжылдығындағы қызметі туралы АҚПАРАТ

    ·

    2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Екібастұз қаласының Қоғамдық кеңесі 6 отырыс өткізді. Отырыстар барысында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына, мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігіне, мемлекеттік қызмет көрсету сапасына және қоғамдық маңызы бар өзге де мәселелерге қатысты мәселелер қаралды.

    Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына сәйкес Екібастұз қаласы Қоғамдық кеңесінің қызметінде қоғамдық бақылаудың келесі нысандары қолданылды:

    1. Қоғамдық сараптама

    Қоғамдық сараптама жүргізу шеңберінде азаматтардың мүдделеріне сәйкестігін бағалау мақсатында 11 нормативтік құқықтық акт жобасына талдау жүргізілді. Қарау қорытындысы бойынша оң ұсынымдар берілді.

    1. Қоғамдық мониторинг

    Мемлекеттік органдардың қызметіне және мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілді.

    Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің ұсынымына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселесі бойынша Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы А.Копежановтың және Шідерті кентінің әкімі А.Насиковтың ақпараттары тыңдалды.

    Аталған мәселені қарау қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес тарапынан тиісті ұсынымдар әзірленіп, оларды орындау үшін мемлекеттік органдарға жолданды.

    1. Мемлекеттік органдар басшыларының есептерін тыңдау

    Қоғамдық кеңес отырысында Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің басшысы Қорабаева С.К.-ның «Екібастұз қаласының 2025 жылғы бюджеттің атқарылуы туралы» есебі тыңдалды.

    Талқылау қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес бюджет қаражатын басқару тиімділігін одан әрі арттыру, бюджет қаражатының толық игерілуін қамтамасыз ету, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуына бақылауды күшейту қажеттігін атап өтіп, қала әкімдігіне аталған ұсынымдарды орындау бойынша шаралар қабылдауды ұсынды.

    Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 5-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес Қоғамдық кеңестер жергілікті деңгейдегі құқық қорғау органдары басшыларының ақпараттарын тыңдау өкілеттігіне ие.

    Осыған байланысты Екібастұз қаласы Полиция басқармасының бастығы Құдайбергенов Т.А.-ның «Екібастұз өңірінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» есебі тыңдалды.

    Қоғамдық кеңес мүшелері профилактикалық жұмыстарды одан әрі жетілдіру, мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы өзара іс-қимылды күшейту, жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын арттыру, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық тұрақтылықты сақтау қажеттігін атап өтті.

    Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 23-бабына сәйкес қала әкімі А.Бейсекин баяндама жасады. Қосымша баяндамалармен қалалық мәслихат төрағасы Н.Макраев және Қоғамдық кеңес төрағасы Садвакасов Ж. сөз сөйледі.

    1. Қоғамдық кеңес мүшелерінің жұмыс топтары мен алқалы органдар жұмысына қатысуы

    Қоғамдық бақылау мемлекеттік органдардың алқалы органдарының отырыстарына қатысу, сондай-ақ әкімдік жанындағы жұмыс топтары мен комиссиялар құрамына Қоғамдық кеңес мүшелерін енгізу арқылы жүзеге асырылады.

    Қоғамдық кеңес мүшелері жер комиссиясының; жолаушылар тасымалы мәселелері жөніндегі комиссияның;экологиялық мәселелер бойынша жұмыс тобының құрамына енгізілген.

    Сонымен қатар, Қоғамдық кеңес мүшелері Екібастұз қалалық мәслихатының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының көшпелі отырыстарына, қоғамдық тыңдауларға және басқа да қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысады.

    Қоғамдық кеңестің жұмыс жоспарына сәйкес қаралған мәселелер

    1. «Екібастұз қаласында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасының іске асырылу барысы туралы»

    Мәселені қарау қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес қала әкімдігіне және уәкілетті мемлекеттік органдарға коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстарын жалғастыруды, жөндеу жұмыстарының уақтылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етуді, бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуына бақылауды күшейтуді және тұрғындарды жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижелері туралы ашық ақпараттандыруды қамтамасыз етуді ұсынды.

    1. «Екібастұз қаласы Жастар бастамаларын дамыту орталығының 2026 жылға арналған қызмет жоспары туралы»

    Жастар бастамаларын дамыту орталығына 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын іске асыру барысында жастарды кеңінен қамтуды, жастарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, волонтерлік қозғалысты дамыту, жастар бастамаларын қолдау, әлеуметтік тәуекелдердің алдын алу және жастардың азаматтық белсенділігін арттыру бағытындағы іс-шараларды күшейту ұсынылды. Сонымен қатар, Қоғамдық кеңесті Орталық қызметінің нәтижелері туралы тұрақты түрде ақпараттандырып отыру ұсынылды.

    1. «Шідерті кенті әкімінің аппараты» ММ-нің мемлекеттік қызмет көрсету сапасы туралы

    Қарау қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, оларды көрсету мерзімдерінің сақталуын бақылауды күшейту, тұрғындардың қанағаттану деңгейіне тұрақты мониторинг жүргізу және анықталған кемшіліктерді уақтылы жою бойынша шаралар қабылдау ұсынылды.

    1. «Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-нің мемлекеттік қызмет көрсету сапасы туралы

    Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін олардың қолжетімділігін қамтамасыз ету, халықты ақпараттандыру тетіктерін жетілдіру және қызмет көрсетудің электрондық форматын дамыту бойынша жұмысты жалғастыру ұсынылды.

    Экологиялық бағыттағы қоғамдық бақылау

    Қоғамдық кеңес мүшелері Екібастұз қалалық мәслихатының экология мәселелері жөніндегі жұмыс тобы құрамында қала құраушы кәсіпорындар жүзеге асырып жатқан көгалдандыру және көшет отырғызу жұмыстарының орындалуына мониторинг жүргізді.Көшпелі іс-шара қорытындысы бойынша көгалдандыру жұмыстарына бақылауды күшейту, мердігер ұйымдардың отырғызылған ағаштарға күтім жасау бойынша жауапкершілік мерзімін ұзарту, сондай-ақ кәсіпорындардың санитарлық-қорғау аймақтарында жасыл аймақтарды құру жұмыстарын кеңейту ұсынылды.

    Ақпараттық сүйемелдеу

    Қоғамдық кеңестің қызметі, өткізілген отырыстар, қоғамдық-саяси және мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысу туралы ақпараттар Екібастұз қалалық мәслихатының ресми интернет-ресурсында, «Қазкеңес» бірыңғай порталында, сондай-ақ Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде жарияланып отырады.

    Екібастұз қаласының Қоғамдық кеңесі мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам арасындағы ашық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, қоғамдық бақылаудың тиімділігін арттыру және тұрғындардың пікірін мемлекеттік басқару шешімдерін қабылдау барысында ескеру бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда .

    Екібастұз қаласы

    Қоғамдық кеңесінің төрағасы Ж.Садвакасов

    Жүктеу
    Информация о деятельности Общественного совета города Экибастуза за I полугодие  2026  года
    Информация о деятельности Общественного совета города Экибастуза за I полугодие  2026  года
    DOCX · 24 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Сессии Экибастузского городского маслихата

    Жарияланды:
    Хаттама

    Екібастұз қаласы Қоғамдық кеңесі төралқасы отырысының №4 хаттамасы

    Екібастұз қаласы Қоғамдық кеңесі төралқасы отырысының№4 хаттамасы

    Жарияланды:
    Хаттама

    Екібастұз қаласы Қоғамдық кеңесі отырысының №6 хаттамасы

    Екібастұз қаласы Қоғамдық кеңесі отырысының №6 хаттамасы

    Жарияланды:
    Хаттама

    Екібастұз қаласы Қоғамдық кеңесі отырысының №5 хаттамасы

    Екібастұз қаласы Қоғамдық кеңесі отырысының№5 хаттамасы

    Жарияланды: