«Володар ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері туралы аналитикалық анықтама
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, сондай-ақ 2026 жылғы 08 маусымдағы №33-р Володар ауылдық округі әкімінің өкімімен құрылған жұмыс тобының негізінде, «Володар ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіліп, келесі бағыттар бойынша жұмыстар атқарылды:
- Аппараттың қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде және ішкі құжаттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
- Аппараттың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Ішкі талдау 2025 жылғы 1 қаңтардан 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңдегі «Володар ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қамтыды.
Талдау жүргізілген кезең: 2025 жылғы 21 мамырдан 2026 жылғы 30 маусымға дейін.
«Володар ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ «Володар ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің мәні аппараттың қызметінің барлық салаларына қатысты нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, сондай-ақ персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызметтер көрсету және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметке қатысты өзге де мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау болып табылады.
«Володар ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыреті шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен ауылдық округ әкімінің шешімдері мен өкімдері түрінде рәсімделетін актілерді қабылдайды. 2025 жылғы 1 қаңтардан 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде ауылдық округ әкімімен 151 шешім және 324 өкім қабылданды. Шешімдер Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 34-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес қабылданды.
- Нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері.
- Персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдарды айқындау:
Персоналды басқаруға байланысты анықталған тәуекелдер саны – 0.
Мемлекеттік қызметшілердің штаттық саны 8 адамды құрайды.
Талдау жүргізу кезеңінде аппарат толық құрамда жасақталған.
Барлық мемлекеттік қызметшілер атқарып отырған лауазымдарының біліктілік талаптарына сәйкес келеді. Талданған объект қызметкерлерінің жеке істерін зерделеу барысында мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметке қабылданатын қызметкерлер заңнамада көзделген шектеулерді қабылдап, тиісті міндеттемелерге қол қояды.
«Володар ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында баршаға қолжетімді жерде мемлекеттік және орыс тілдерінде Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің (мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларының) мәтіні орналастырылған. Ауылдық округі әкімінің аппаратында 22-396 сенім телефоны жұмыс істейді. Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарының сақталуы тұрақты бақылауда. Талданып отырған кезеңде аппарат қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне қатысты шағымдар түскен жоқ.
- Мүдделер қақтығысын реттеу:
Мүдделер қақтығысына байланысты анықталған тәуекелдер саны – 0.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 51-бабында мүдделер қақтығысын реттеу рәсімін жүзеге асыру тәртібі белгіленген. Аталған бапқа сәйкес мүдделер қақтығысын реттеу функциялары ауылдық округ әкіміне жүктелген.
Ауылдық округі әкімдігі аппаратының барлық қызметкерлері атқарып отырған лауазымдарының біліктілік талаптарына сәйкес келеді. Жақын туыстарының (ата-аналарының, балаларының, асырап алушыларының (асыраушыларының), асырап алынғандарының, туған және туған емес аға-інілерінің, апа-сіңлілерінің, аталарының, әжелерінің, немерелерінің немесе жұбайының (зайыбының)) тікелей бағынысты мемлекеттік лауазымдарды атқару фактілері анықталған жоқ.
- Мемлекеттік қызметтер көрсету:
Мүдделер қақтығысына байланысты анықталған тәуекелдер саны – 2.
2026 жылғы 13 наурыздағы №145/НҚ, №407/НҚ мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, «Володар ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі келесі мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:
1) Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім беру;
2) Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру;
3) Мемлекеттік меншіктегі, сауда-саттықты (конкурстар мен аукциондарды) өткізуді талап етпейтін жер учаскелеріне құқықтарды беру;
4) Жер учаскесін алу үшін кезекке қою;
5) Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы төлеммен немесе бөліп төлеу арқылы сату;
6) Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту.
2025 жылы барлығы 240 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
1) Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім беру – 10;
2) Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру – 14;
3)Мемлекеттік меншіктегі, сауда-саттық өткізуді талап етпейтін жер учаскелеріне құқықтарды беру – 212;
4) Жер учаскесін алу үшін кезекке қою – 0;
5) Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы төлеммен немесе бөліп төлеу арқылы сату – 4;
6) Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту – 0.
Мемлекеттік қызметтердің көрсетілуіне бақылау жасау үшін жауапты тұлға тағайындалған. Мемлекеттік қызметтер көрсету регламенті ақпараттық стендте орналастырылған. Қызмет көрсету қолданыстағы заңнама талаптарына қатаң сәйкес жүзеге асырылады.
Жауапты маман мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша тұрғындар арасында ақпараттық буклеттерді тұрақты түрде таратады.
Есепті кезеңде 3500 ақпараттық буклет таратылды.
Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы есептер тоқсан сайын Айыртау ауданы әкімінің аппаратына ұсынылады.
Қызмет алушылардан мемлекеттік қызметтердің сапасына қатысты шағымдар түскен жоқ.
Мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тарту фактілері болған жоқ.
Барлық мемлекеттік қызметтер электрондық форматта көрсетіледі. Осыған байланысты қызмет алушы мен қызмет көрсетуші арасындағы тікелей байланыс тәуекелі жоқ.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау барысында ауылдық округі әкімінің аппаратында «Шаруашылық есепке алу кітабынан үзінді көшірме», «Отбасы құрамы туралы анықтама», «Тұрғылықты жері туралы анықтама», «Шаруашылық туралы анықтама» қызметтері көрсетілетіні анықталды. Аталған қызметтер мемлекеттік қызметтер тізіліміне енгізілмеген, яғни жасырын мемлекеттік қызметтер болып табылады.
Ұсыныс:Айыртау ауданы әкімінің аппаратына аталған «жасырын мемлекеттік қызметтерді» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізу туралы ұсыныспен хат жолдау.
- Рұқсат беру функцияларын жүзеге асыру:
Мүдделер қақтығысына байланысты анықталған тәуекелдер саны – 0.
Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңына сәйкес ауылдық округі әкімі аппаратының рұқсат беру функциялары жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге рұқсат беруді қамтиды. Бұл қызмет Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім беру» мемлекеттік қызметі түрінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілмеген өзге де рұқсат беру функциялары жүзеге асырылмайды.
Рұқсат беру функцияларын жүзеге асыру барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
- Бақылау-тексеру функцияларын жүзеге асыру:
Мүдделер қақтығысына байланысты анықталған тәуекелдер саны – 0.
Володар ауылдық округі әкімінің аппаратында бақылау-тексеру функциялары көзделмеген.
Бақылау-тексеру функцияларын жүзеге асыру барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
- Бюджеттік және қаржылық қаражатты игеру және бөлу:
Мүдделер қақтығысына байланысты анықталған тәуекелдер саны – 0.
Бюджетті бекіту және қаржы қаражатын игеру қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
Мекемеде 9 бюджеттік бағдарлама іске асырылуда. Бюджеттік бағдарламаларды игеру көрсеткіші 100% құрады.
Мемлекеттік сатып алулар Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 1 шілдедегі №106-VIII «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2024 жылғы 9 желтоқсандағы №687 «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүргізіледі.
Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдері мемлекеттік сатып алудың бірыңғай веб-порталында электрондық форматта жүзеге асырылады, бұл оларды өткізу кезінде туындауы мүмкін тәуекелдерді едәуір төмендетеді. Жеткізушілермен жасалған тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету шарттары бойынша міндеттемелер уақтылы әрі сапалы орындалды.
Ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында «Володар ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ бюджеті Ашық бюджеттер порталында орналастырылған.
Мемлекеттік сатып алуды жүргізу барысында заң бұзушылықтар анықталған жоқ.
2025 жылғы 1 қаңтар мен 2025 жылғы 31 желтоқсан аралығында мемлекеттік сатып алу бойынша 94 шарт жасалды. Барлық шарттар мемлекеттік сатып алудың веб-порталында орналастырылған, оның ішінде:
- бір көзден тікелей шарт жасасу тәсілімен – 66 шарт, жалпы сомасы 127 316 369,20 теңге;
- баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен – 13 шарт, жалпы сомасы 9 588 855,28 теңге;
- өтпей қалған сатып алу қорытындылары бойынша бір көзден алу тәсілімен – 9 шарт, жалпы сомасы 2 176 735,28 теңге;
- ашық конкурс тәсілімен – 6 шарт, жалпы сомасы 110 716 911,38 теңге.
Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
- Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелер:
Ауылдық округі әкімінің аппаратына келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың барлық өтініштері Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарына қатаң сәйкес қаралады.
Өтініштер «Е-өтініш» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде тіркеледі.
Ауылдық округ әкімі бекітілген қабылдау кестесіне сәйкес азаматтарды тұрақты түрде жеке қабылдайды. Азаматтарды қабылдау кестесін бекіту туралы өкім тоқсан сайын шығарылады.
Жоғарыда баяндалғандардың негізінде жұмыс тобы «Володар ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ деген қорытындыға келді.