Қазақстан Республикасының сайлау учаскелерінен тыс жерде дауыс беру

    Тараз қаласының әкімдігі

    Қазақстан Республикасының сайлау учаскелерінен

    тыс жерде дауыс беру

    2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді.

    Денсаулық жағдайына, отбасының сырқат мүшесіне күтім жасау себебіне, сондай-ақ сайлау учаскелерi құрылмаған шалғайдағы және қатынасу қиын аудандарда болуына байланысты дауыс беру күні сайлау учаскесіне келе алмайтын Қазақстан Республикасының азаматтары дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беруге құқылы.

    Ол үшін сайлаушы дауыс беру күні (2026 жылғы 23 тамыз) жергілікті уақытпен сағат 12:00-ден кешіктірмей, өзінің тiркелген аумағындағы учаскелік сайлау комиссиясына барып, болатын жері бойынша дауыс беруді ұйымдастыру туралы жазбаша өтініш беруі қажет.

    Дауыс беру күні учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі берілген өтініш негізінде және жеке басын куәландыратын құжатты ұсынғаннан кейін сайлаушыға дауыс беруге арналған бюллетень береді. Дауыс беруге арналған бюллетеньді алу фактісі өтініште сайлаушының қолымен куәландырылады.

    Учаскелік сайлау комиссиясының бюллетеньді берген мүшесі оған өзінің қолын қояды, сондай-ақ сайлаушының өтінішіне қол қояды. Дауыс беруді өткізу кезінде сайлаушының ерік білдіру құпиясының міндетті сақталуы қамтамасыз етіледі.

    Жаңару үшін дауыс бер!

    Қазақстан Республикасының

    Орталық сайлау комиссиясы

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады?

    Тараз қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Шетелде дауыс беру

    Тараз қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Қазақстан Республикасының сайлау учаскелерінен тыс жерде дауыс беру

    Тараз қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Дауыс беру учаскесін қалай табуға болады?

    Тараз қаласының әкімдігіЖарияланды:
    НҚА

    Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетінің ҮЕҰ үшін сыйлықақы беру конкурсы туралы ақпарат

    ҮЕҰ үшін сыйлықақы беру конкурсы туралы ақпарат https://www.gov.kz/memleket/entities/akk/documents/details/1035722?lang=kk Үкіметтік емес сектордың қызметін қолдау мақсатында 2017 жылдан бастап Министрлік үкіметтік емес...

    Тараз қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Саяси партиялардың басшыларымен және БАҚ өкілдерімен семинар-кеңес өтті

    Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясында саяси партиялардың басшыларымен және БАҚ өкілдерімен семинар-кеңес өтті Ағымдағы жылғы 24 шілдеде 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының деп...

    Тараз қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Шетелде дауыс беру

    Шетелде дауыс беру 2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді. Шет мемлекеттердегі Қазақстан Республикасының өкілдіктері жанындағы сайлау учаскелеріндегі сайлаушылар тізімдеріне...

    Тараз қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Басқа

    Тараз қаласындағы көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару субъектілері мен басқарушыларының тізілімі

    Тараз қаласының әкімдігіЖарияланды: