Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігі

    ·

    2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді.

    Қазақстан азаматтары тиісті сайлау учаскелерінің аумағындағы тұрғылықты жері бойынша дауыс береді.

    Сайлаушы өзінің болатын жерін ауыстырған кезде дауыс беру күніне он бес күн қалғанда немесе 2026 жылғы 7 тамыздан бастап учаскелiк сайлау комиссиясына өз өтініші бойынша және жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде дауыс беру құқығын беретiн есептен шығару куәлігін ала алады.

    Есептен шығару куәліктерін беру дауыс беру күнінен бір күн бұрын, яғни 2026 жылғы 22 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде тоқтатылады.

    Есептен шығару куәлігін сенімхат бойынша алуға рұқсат етіледі. Сенімхатты нотариатта куәландыру талап етілмейді.

    Есептен шығару куәлігі жоғалған жағдайда ол қалпына келтірілмейді және оның телнұсқасы берілмейді.

    Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігі бір елді мекеннің шегіндегі басқа сайлау учаскесінде дауыс беруге қатысқысы келетін сайлаушыларға берілмейді.

    Уақытша болатын жері бойынша сайлау учаскесінде дауыс беру кезінде учаскелік сайлау комиссиясы сайлау күні сайлаушыны жеке басын куәландыратын құжаттың негізінде сайлаушылар тізіміне енгізіп, есептен шығару куәлігінің орнына дауыс беруге арналған бюллетень береді.

    Жаңару үшін дауыс бер!

    Қазақстан Республикасының
    Орталық сайлау комиссиясы

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Қазақстан Республикасының сайлау учаскелерінен тыс жерде дауыс беру

    https://www.election.gov.kz/kaz/Qurultai/audiotekakazQurultai/audiokazQurultai.php

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қазақстан Республикасының сайлау учаскелерінен тыс жерде дауыс беру

    2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді. Денсаулық жағдайына, отбасының сырқат мүшесіне күтім жасау себебіне, сондай-ақ сайлау учаскелерi құрылмаған шалғайдағы және қатынасу қи...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін орындардың тізбесі Бұланды ауданы

    № Қала/аудан Нысан және оның орналасқан жері Сыйымдылығы Меншік иесі жалға алушы Жалдау сомасы Ескерту 1. Бұланды ауданы Макинск қаласы, Сәкен Сейфуллин көшесі, 36, Бұланды ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыр...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН ЖОЮ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ Буланды ауданының «Мемлекеттік активтер және мемлекеттік сатып алу бөлімі» ММ және «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026 жыл қорытындысы бойынша «Бұланды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ және «Мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» ММ-дегі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері туралы аналитикалық анықтама

    Жарияланды:
    Ақпарат

    18 жасқа толған сайлаушылар

    Жарияланды:
    Ақпарат

    сайлаушылар тізімі

    Жарияланды:
    Ақпарат

    «Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы»

    «Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» Бұланды ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № А-07/228қаулысына өзгеріс енгізу туралы Бұланды ауданының әкімдігі ҚАУЛ...

    Жарияланды: