Анықтама
«Ақсу қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша
Павлодар қаласы 17.07.2026 жыл
Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті (бұдан әрі – Департамент) басшысының 2026 жылғы 09 шілдедегі №23-36-1-03-149-ө «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығы негізінде жұмыс тобы 2025 жылғы 01 мамыр мен 2026 жылғы 01 мамыр аралығындағы кезең бойынша «Ақсу қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ-де (бұдан әрі – Басқарма) жетекшілік ететін сала мәселелері бойынша тексеру жүргізді.
Өнеркәсіптік және радиациялық қауіпті объектілерді бақылау бөлімі
Тексерілетін кезеңде өнеркәсіптік және радиациялық қауіпті объектілерді бақылау бөлімі бойынша Elicense.kz ақпараттық жүйесінің мәліметтеріне сәйкес Басқарма санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды бере отырып, барлығы 40 мемлекеттік қызмет көрсетті (2025 жылы – 23, 2026 жылы – 17), оның ішінде санитариялық-қорғау аймағының (СҚА) мөлшерін белгілеу бойынша – 1, радиациялық-техникалық объектілердің (РТО) жобалары бойынша – 39. Өтініш негізінде санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыға 1 түзету енгізілген. Бөлім бойынша 1 дәлелді бас тарту берілген, себебі сұратылған қызмет көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізбесінде көзделмеген.
Elicense.kz ақпараттық жүйесінің мәліметтеріне жүргізілген талдау нәтижесінде мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерінің сақталғаны анықталды.
РТО жобалары бойынша санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды іріктеп тексеру барысында санитариялық талаптардың сәйкессіздіктері анықталған жоқ.
Сонымен қатар, санитариялық-қорғау аймағының мөлшерін белгілеу жөніндегі жобалық құжаттаманы тексеру барысында келесі сәйкессіздіктер анықталды:
1) 2025 жылғы 03 маусымда Басқарма 2025 жылғы 26 мамырдағы №KZ35RLS00187976 өтініш негізінде «ҚазҚұрылысМатериалдары» ЖШС үшін санитариялық-қорғау аймағының мөлшерін негіздеу жобасына (кезеңі – белгіленген (түпкілікті)) санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізуге және санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беруге №KZ93VBZ00065599 санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысын берді.
Ұсынылған жобалық құжаттамаға жүргізілген талдау барысында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 бұйрығымен бекітілген «Адамның тіршілік ету ортасы мен денсаулығына әсер ететін объектілердің санитариялық-қорғау аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) талаптарына сәйкес келмейтін, санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны (бұдан әрі – СЭҚ) беру кезінде жол берілген мынадай бұзушылықтар анықталды:
1.Санитариялық қағидалардың 10-тармағына сәйкес санитариялық-қорғау аймағының жобасы мамандандырылған ұйымдармен әзірленеді, тапсырыс берушімен келісіледі және белгіленген тәртіппен бекітіледі.Сонымен бірге, жобаның титулдық парағында тапсырыс берушімен келісілгендігі туралы белгі жоқ.
2.Санитариялық қағидалардың 9-тармағына сәйкес белгіленген (түпкілікті) санитариялық-қорғау аймағы есептік параметрлерді растау үшін жүргізілетін бір жылдық натуралық зерттеулер циклі негізінде айқындалады (өндірістік қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып, басым көрсеткіштер бойынша тоқсан сайын орташа тәуліктік және ең жоғары бір реттік концентрацияларға сәйкестігі анықталады), сондай-ақ санитариялық-қорғау аймағының шекарасында және одан тыс жерлерде физикалық әсер ету деңгейлері (шу, діріл, электромагниттік өрістер – әсер ету көздері болған жағдайда) бағаланады.Алайда ұсынылған жобада зертханалық зерттеулер мен өлшеулер хаттамаларында тек бір ғана күн – 2025 жылғы 31 наурыздағы мәліметтер көрсетілген. Бір жылдық натуралық зерттеулер циклі жүргізілмегеніне қарамастан санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды берілген.
3.Санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес санитариялық-қорғау аймағы шекараларының трассалануы жергілікті жердің ситуациялық жоспарында бақылау нүктелері мен ластаушы заттардың шығарындыларының ең жақын көзінен және (немесе) физикалық әсер ету көзінен санитариялық-қорғау аймағының шекарасына дейінгі сегіз румб (солтүстік-батыс, солтүстік, солтүстік-шығыс, шығыс, оңтүстік-шығыс, оңтүстік, оңтүстік-батыс, батыс) бойынша қашықтықтарды көрсете отырып орындалуы тиіс.Сонымен қатар, жобада сегіз румб бойынша қашықтықтары көрсетілген бақылау нүктелері, сондай-ақ санитариялық-қорғау аймағы шекараларының трассалануының мәтіндік сипаттамасы жоқ, бұл Санитариялық қағидаларға 9-қосымшаның 1-тармағының 11) тармақшасының талаптарына сәйкес келмейді.
Жоғарыда көрсетілген бұзушылықтар болған жағдайда санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру сыбайлас жемқорлық тәуекелі ретінде бағалануы мүмкін.
2) 2025 жылғы 19 желтоқсанда «СтройМастер-ЛТД» ЖШС-нен 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №KZ80VBZ00072429 санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысына түзету енгізу туралы №KZ07RLS00213409 өтініш келіп түсті. 2025 жылғы 19 желтоқсанда құжатқа түзетулер енгізіліп, №KZ66VBZ00072584 санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы берілді. Бұл ретте Elicense ақпараттық жүйесінде құжат карточкасында түзету енгізуге негіз болатын қоса берілген құжаттар жоқ. Яғни түзету енгізудің негіздемесі ұсынылмаған. Аталған факт сыбайлас жемқорлық тәуекелі ретінде бағалануы мүмкін.
Жоғарыда көрсетілген бұзушылықтар басшылық тарапынан тиісті бақылаудың болмағанын көрсетеді және бұл фактілер сыбайлас жемқорлық тәуекелдері ретінде қарастырылуы мүмкін.
Білім беру және тәрбиелеу объектілерін бақылау
Elicense.kz ақпараттық жүйесінің талдауына сәйкес, тексерілетін кезеңде білім беру және тәрбиелеу объектілерін бақылау бөлімі бойынша Басқарма 19 санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды берген, дәлелді бас тартулар берілмеген. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуы анықталған жоқ.
2025 жылғы қазан айында рұқсат беру талаптарына сәйкестігіне үш тексеру жоспарланып, жүргізілді.
Тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтар 100 % жағдайда анықталып, әкімшілік жауаптылық шаралары қолданылды және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар берілді.
Жүргізілген талдау нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің фактілері анықталған жоқ.
Техникалық регламенттердің талаптарының сақталуын бақылау
Тексерілетін кезеңде басқарма мамандары қаладағы 25 сауда объектісінде бақылау сатып алуын жүргізді.
Бақылау сатып алуы шеңберінде барлығы 225 өнім сынамасы іріктеп алынды. Зертханалық зерттеулер нәтижесінде 38 өнім сынамасынан сәйкессіздіктер анықталды.
Бақылау сатып алуы нәтижесінде анықталған бұзушылықтар бойынша объектілерге техникалық регламенттердің және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарының талаптарына сәйкес келмейтін өнімді (тауарларды) айналымнан алып қою және өткізуден кері қайтарып алу туралы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулылары түріндегі жедел ден қоюдың 12 шарасы қолданылды.
Бақылау сатып алуының қорытындысы бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында 9 тергеп-тексеру жүргізілді.
Тергеп-тексеру нәтижесінде өнімнің қауіпсіздігін растайтын құжаттардың болмауына байланысты объектілерге техникалық регламенттердің және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарының талаптарына сәйкес келмейтін өнімді (тауарларды) айналымнан алып қою және өткізуден кері қайтарып алу туралы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулылары түріндегі жедел ден қоюдың 6 шарасы қолданылды.
Жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болған бұзушылықтардың жойылуына бақылау толық көлемде жүргізілді. Жоспардан тыс тексерулер өткізілді.
Жүргізілген талдау нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің фактілері анықталған жоқ.
Коммуналдық мақсаттағы объектілерді бақылау
Elicense.kz ақпараттық жүйесінің талдауына сәйкес, тексерілетін кезеңде коммуналдық мақсаттағы объектілерді бақылау бөлімі бойынша Басқарма объектінің сәйкестігі туралы 2 санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды берген. Дәлелді бас тартулар берілмеген. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуы анықталған жоқ.
Талдау барысында төмендегілер анықталды:
2025 жылғы 07 тамыздағы №KZ62VWF00401010 «Павлодар облысы Ақсу қаласының шағын ауданындағы жағажай» санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы бойынша:
- санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 26 шілдедегі № ҚР ДСМ-67 бұйрығымен бекітілген «Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының (9-тарау), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 21 сәуірдегі № ҚР ДСМ-32 бұйрығымен бекітілген «Тіршілік ету ортасының қауіпсіздігіне қойылатын гигиеналық нормативтер» талаптарына сәйкестігі көрсетілмеген.
- санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыда объектінің қанша адамға (орынға) есептелген қуаттылығы туралы мәліметтер көрсетілмеген (№ ҚР ДСМ-67 бұйрығының 137-тармағына сәйкес әрбір 50 адамға бір киім ауыстыру кабинасы есебімен жалпы немесе жеке кабиналар қарастырылуы тиіс).
-санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды мәтінінде контейнерлердің жағажай аймағынан 25 метр қашықтықта орналасқаны көрсетілген. Алайда № ҚР ДСМ-67 бұйрығының 141-тармағына сәйкес қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға арналған контейнерлер жағажайлардан және демалушылар көп жиналатын орындардан кемінде 50 метр қашықтықта орналастырылуы тиіс.
Ауруханаішілік инфекцияларды бақылау бөлімі
Басқарма халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге жоғары эпидемиялық маңызы бар объектінің сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру бойынша 56 мемлекеттік қызмет көрсетті, оның 56-сы талданды, 1 жоспардан тыс тексеру (1 – прокуратураның талабы бойынша стоматологиялық ұйымдарға қатысты), сондай-ақ 38 эпидемиологиялық тергеп-тексеру жүргізілді.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша ескертулер анықталған жоқ.
«Ақсу қалалық ауруханасы» ШЖҚ КМК медициналық ұйымдарында тіркелген жұқпалы аурулардың 38 жағдайы бойынша жүргізілген эпидемиологиялық тергеп-тексерулерге талдау жасалды.
Төмендегідей бұзушылықтар анықталды:
- «Ақсу қалалық ауруханасы» ШЖҚ КМК, емхана, Евгеньевка ауылының дәрігерлік амбулаториясы бойынша тергеп-тексеруді тағайындау туралы актімен танысқаны жөнінде «Ақсу қалалық ауруханасы» ШЖҚ КМК басшысының қолы жоқ (халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы тергеп-тексеруді тағайындау туралы 2025 жылғы 20 маусымдағы №33 акт);
- орындау мерзімдері көрсетіле отырып, салдарын жою және олардың қайталануының алдын алу жөніндегі іс-шаралар тармақтарының орындалуына қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізу материалдары ұсынылмаған (халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы тергеп-тексеру нәтижелері туралы 2025 жылғы 17 маусымдағы №32 акт, іс-шараларды орындау мерзімі – 2025 жылғы 21 шілдеге дейін);
- тергеп-тексеруді тағайындау туралы акт шұғыл хабарлама келіп түскен күннен бастап 12 күн өткеннен кейін шығарылған (халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы тергеп-тексеруді тағайындау туралы 2025 жылғы 22 желтоқсандағы №65 акт);
- стоматологиялық кабинет Ахметов Н.С.-ға қатысты жоспардан тыс тексеру барысында (тексеру мерзімі: 2025 жылғы 14 қараша – 2025 жылғы 20 қараша, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының тапсырмасы бойынша) анықталған бұзушылықтарды жою туралы 2025 жылғы 20 қарашадағы №35 нұсқаманың орындалуы жөнінде объектіден жауап ұсынылмаған.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасын бекіту туралы қаулысын орындау шеңберінде, сондай-ақ «Таза парақтан» реттеу тәсілін енгізу мақсатында «Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау» сервистік бағдарламалық өнімін енгізу бойынша жұмыс жүргізілді.
Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау (бұдан әрі – СЭҚ) деректер базасындағы мәліметтердің өзектілігі мен дұрыстығын қамтамасыз ету, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтау мақсатында, мысалы, қағаз жеткізгіште келіп түскен өндірістік бақылау бойынша барлық жолданған ұсынымдар мен деректерді СЭҚ ақпараттық жүйесіне енгізу (қайталай енгізу) талап етіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің «Ақсу қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ бойынша ұсынымдар:
Осылайша, жүргізілген тексерулер мен тергеп-тексерулерді талдау барысында мамандар тарапынан сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туындататын бұзушылықтар анықталды.
Өтініштер бойынша бақылау
2025 жылғы 01 мамыр мен 2026 жылғы 01 мамыр аралығындағы кезеңде Басқармаға «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы барлығы 36 өтініш тіркелді, оның ішінде: басқа органға жолданғаны – 4, қайталанған өтініштер – 0, шағымдар – 2, арыздар – 27, өзге өтініштер – 7, қаралғаны – 32.
Өтініштерді қарау мерзімдері мен оларды тоқтату рәсімі заңнама талаптарына сәйкес сақталған.
«ҚР ДСМ СЭБК ПО СЭБД «Ақсу қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ-нің ұсынымдары:
1.Санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы сапалы әрі жан-жақты жүргізу мақсатында нормативтік құқықтық актілердің талаптарын тұрақты негізде зерделеу.
2.Тергеп-тексеруді тағайындау туралы актілерді заңнама талаптарына сәйкес сапалы ресімдеуді және эпидемиологиялық тергеп-тексерулерді тиісінше жүргізуді қамтамасыз ету.
3.Эпидемиологиялық тергеп-тексерулердің уақтылы жүргізілуін қамтамасыз ету.
4.Эпидемиологиялық тергеп-тексерулер барысында анықталған бұзушылықтар бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізуді қамтамасыз ету.
5.Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау ақпараттық жүйесін барлық қызметкерлердің, оның ішінде басшылардың толыққанды пайдалануын қамтамасыз ету; субъектілер мен объектілер бойынша қызмет түрлерін №220 және №62 бұйрықтарға сәйкес көрсете отырып деректерді енгізуді қамтамасыз ету және барлық карточкалардың дұрыс толтырылуына қайта тексеру жүргізу (атауларда қателіктер кездеседі, ЭҚЖЖ коды қызмет түріне сәйкес келуі тиіс); кәсіпкерлерді өндірістік бақылау жөніндегі есептерді электрондық түрде тапсыруға тарту; келіп түскен есептерді уақтылы және тиісті түрде өңдеуді қамтамасыз ету; барлық жолданған ұсынымдарды СЭҚ ақпараттық жүйесіне енгізу немесе ұсынымдардың жолдануын деректер базасында қайталап тіркеу; берілген барлық хабарламалар мен рұқсаттарға түгендеу жүргізіп, олар болмаған жағдайда деректер базасына енгізу.
6.Анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі ұсынымдар негізінде іс-шаралар жоспарын әзірлеп, оны 2026 жылғы 03 тамызға дейін Департаменттің персоналды басқару қызметіне ұсыну.
7.Анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпаратты 2026 жылғы 10 тамызға дейін Департаменттің персоналды басқару қызметіне ұсыну.