Қазақстан Республикасының сайлау учаскелерінен тыс жерде дауыс беру

    Жаңаарқа ауданының әкімдігі

    2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді.

    Денсаулық жағдайына, отбасының сырқат мүшесіне күтім жасау себебіне, сондай-ақ сайлау учаскелерi құрылмаған шалғайдағы және қатынасу қиын аудандарда болуына байланысты дауыс беру күні сайлау учаскесіне келе алмайтын Қазақстан Республикасының азаматтары дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беруге құқылы.

    Ол үшін сайлаушы дауыс беру күні (2026 жылғы 23 тамыз) жергілікті уақытпен сағат 12:00-ден кешіктірмей, өзінің тiркелген аумағындағы учаскелік сайлау комиссиясына барып, болатын жері бойынша дауыс беруді ұйымдастыру туралы жазбаша өтініш беруі қажет.

    Дауыс беру күні учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі берілген өтініш негізінде және жеке басын куәландыратын құжатты ұсынғаннан кейін сайлаушыға дауыс беруге арналған бюллетень береді. Дауыс беруге арналған бюллетеньді алу фактісі өтініште сайлаушының қолымен куәландырылады.

    Учаскелік сайлау комиссиясының бюллетеньді берген мүшесі оған өзінің қолын қояды, сондай-ақ сайлаушының өтінішіне қол қояды. Дауыс беруді өткізу кезінде сайлаушының ерік білдіру құпиясының міндетті сақталуы қамтамасыз етіледі.

    Жаңару үшін дауыс бер!

    Қазақстан Республикасының

    Орталық сайлау комиссиясы

    Жүктеу
    1b815f74a726a2985b473afca2609f60_original.18022.docx
    DOCX · 18 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    «Дауыс беру учаскесін қалай табуға болады?»

    Жаңаарқа ауданының әкімшілігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады?

    2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді. Әрбір азамат өзі туралы сайлаушылар тізімдеріндегі деректерді оның тұрғылықты жері бойынша құрылған сайлау учаскелерінің үй-жайларында...

    Жаңаарқа ауданының әкімшілігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Шетелде дауыс беру

    2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді. Шет мемлекеттердегі Қазақстан Республикасының өкілдіктері жанындағы сайлау учаскелеріндегі сайлаушылар тізімдеріне тиісті шет мемлекетт...

    Жаңаарқа ауданының әкімшілігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Жаңаарқа ауданындағы үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары туралы ақпарат

    Жаңаарқа ауданының әкімшілігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданының учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары туралы хабарлама

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 13-бабы 4-тармағына, «Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жы...

    Жаңаарқа ауданының әкімшілігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Жаңаарқа ауданының әкімі аппаратының бақылау, құжаттамалық қамтамасыз ету, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, бақылау бөлімінің ЕРЕЖЕСІ

    Жаңаарқа ауданының әкімшілігіЖарияланды:
    Ақпарат

    БЮДЖЕТТІК БАҒДАРЛАМА 2026 – 2028 жылдарға арналған «Жаңаарқа ауданының тұрғын үй инспекция бөлімі» ММ

    Жаңаарқа ауданының әкімшілігіЖарияланды:
    Ақпарат

    2026-2028 жылдарға арналған АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТ

    Жаңаарқа ауданының әкімшілігіЖарияланды: