АНОНС!
2026 жылғы 28–29 шілде аралығында Железин аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мен Тереңкөл ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау туралы
Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті (бұдан әрі – Департамент) басшысының 2026 жылғы 17 шілдедегі №157 бұйрығына сәйкес, 2026 жылғы 28–29 шілде аралығында Железин аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мен Тереңкөл ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.
Осыған байланысты барлық мүдделі жеке және заңды тұлғаларды 2026 жылғы 03 тамызда сағат 15:00-де ішкі талдау нәтижелерін жария талқылауға қатысуға шақырамыз. Жария талқылау Павлодар қаласы, Торайғыров көшесі, 74/1 (мәжіліс залы) мекенжайында немесе «ZOOM» платформасы арқылы өткізіледі.
«ZOOM» платформасына кіру сілтемесін алу үшін +7 (7182) 55-38-65, +7 701 478 80 92 телефондары бойынша хабарласуға болады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүргізілді:
1.Бақылау-қадағалау қызметі (тексерулерді тіркеу және жүргізу, тергеп-тексерулер, бақылау сатып алуы, оның ішінде Павлодар облысы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті басқармасының тексерулерді тіркеуден бас тарту фактілер) және т.б.
2.Әкімшілік практиканы жүзеге асыру, оның ішінде жеке тұлғалардың, лауазымды адамдардың немесе заңды тұлғалардың кінәсін айқындаудың заңдылығы.
3.Талап қою-арыз жұмысын жүзеге асыру, оның ішінде Басқарманың пайдасына шығарылмаған сот шешімдері бойынша.
4.Мемлекеттік қызметтер көрсету, оның ішінде мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері мен тәртібінің бұзылуы, заңсыз санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар беру, мемлекеттік қызмет көрсетуден заңсыз бас тарту, сондай-ақ жасырын мемлекеттік қызметтерді анықтау.
5.Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, оның ішінде артықшылық беру фактілерін анықтау және қарау мерзімдерінің бұзылуы.