БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ Осакаров ауданы әкімінің «Осакаров ауданы Қарағанды облысы әкімінің 2025 жылғы 10 шілдедегі № 03«Осакаров ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» Осакаров ауданы әкімінің 2021 жылғы 28 маусымдағы № 1 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы» шешімінің жобасына

    ·

    Осакаров ауданы әкімінің «Осакаров ауданы Қарағанды облысы әкімінің 2025 жылғы 10 шілдедегі № 03 «Осакаров ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» Осакаров ауданы әкімінің 2021 жылғы 28 маусымдағы № 1 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы» шешімінің жобасы Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес әзірленді.

    Қазіргі уақытта Осакаров ауданы әкімінің 2026 жылғы 2 маусымдағы № 03 «Осакаров ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешімі жаңа редакцияда қабылданды. Бұл № 565 сайлау учаскесінің (Сарыөзен ауылы) таратылуына және аталған елді мекен аумағының Ошаганды ауылында орналасқан № 562 сайлау учаскесінің шекарасына енгізілуіне байланысты болды.

    Аталған шешімнің қабылдануына байланысты Осакаров ауданы әкімінің 2026 жылғы 11 маусымдағы № 04 «Осакаров ауданы әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» шешімі қабылданды. Осы шешімге сәйкес Осакаров ауданы әкімінің 2021 жылғы 28 маусымдағы № 1 «Осакаров ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23252 болып тіркелген), сондай-ақ оған өзгерістер енгізу туралы 2022 жылғы 15 қыркүйектегі № 04 (№ 29716), 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 07 (№ 31412), 2023 жылғы 8 қыркүйектегі № 03 (№ 6480-09), 2023 жылғы 16 қазандағы № 04 (№ 6502-09) және 2024 жылғы 23 тамыздағы № 02 (№ 6643-09) шешімдерінің күші жойылды деп танылды.

    Аталған шешім Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен келісіліп, қазіргі уақытта мемлекеттік тіркеуде тұр.

    Сонымен қатар бұған дейін Осакаров ауданы әкімінің 2025 жылғы 10 шілдедегі № 03 «Осакаров ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» Осакаров ауданы әкімінің 2021 жылғы 28 маусымдағы № 1 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімі қабылданған болатын. Аталған шешім қабылданған кезде Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 26 маусымдағы № 408 бұйрығымен бекітілген Әділет органдарында мемлекеттік тіркелуге жатпайтын нормативтік құқықтық актілердің тізбесінің 12-тармағына сәйкес әділет органдарында мемлекеттік тіркелуге жатпаған.

    Осыған байланысты Осакаров ауданы әкімінің 2026 жылғы 11 маусымдағы № 04 «Осакаров ауданы әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» шешімінің жобасын келісу барысында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Осакаров ауданы әкімінің 2025 жылғы 10 шілдедегі № 03 шешімі әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтпегендіктен, мемлекеттік тіркеуге жолданатын актілердің тізбесіне енгізілуге жатпайтынын түсіндірді.

    Қазақстан Республикасының құқықтық актілер туралы заңнамасының талаптарына сәйкес аудан әкімінің нормативтік құқықтық актілерін сәйкестендіру мақсатында Осакаров ауданы Қарағанды облысы әкімінің 2025 жылғы 10 шілдедегі № 03 «Осакаров ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» Осакаров ауданы әкімінің 2021 жылғы 28 маусымдағы № 1 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы» жеке шешім жобасы әзірленді.

    Шешім жобасын қабылдау жергілікті бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді.

    Осакаров ауданы әкімі шешімінің жобасы «Ашық НҚА» интернет-порталында орналастыруға жатпайды.

    Шешім жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және (немесе) құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

    Жүктеу
    4bcc99ddadace58e3abe7472273e190e_original.22175.docx
    DOCX · 22 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Қаулы жобасы

    Осакаров ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 22 қаңтардағы №05/01 «Осакаров ауданында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбiн, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерiн айқындау туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: «Осакаров ауданында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң т...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ «Осакаров ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 22 қаңтардағы № 05/01 «Осакаров ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу түрлері мен тәртібін, сондай-ақ ақшалай сыйақы мөлшерін айқындау туралы» Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімдігінің қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Осакаров ауданы әкімдігі қаулысының жобасына

    «Осакаров ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 22 қаңтардағы № 05/01 «Осакаров ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу түрлері мен тәртібін, сондай-ақ ақшалай сыйақы мөлшерін айқындау турал...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Сайлаушыларға арналған Call-орталықтар

    Осакаров ауданыны4 ауданының тұрғындары өздерінің сайлаушылар тізімінде болғанын келесі тәсілдер арқылы тексере алады: Senim109 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы (109 нөміріне қоңырау шалу) немесе тұрғылықты жері бойынша...

    Жарияланды:
    Заң

    Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесi туралы. Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 2026 жылғы 5 маусымдағы № 297-VIII ҚРЗ

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Есептен шығару куәліктері

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қазақстан Республикасының Құрылтай депутаттарын сайлау туралы

    Жарияланды:
    Заң

    Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі N 2464 Конституциялық заңы

    Жарияланды:
    Заң

    Қазақстан Республикасының Конституциясы. Конституция 2026 жылы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданды

    Жарияланды: