«Мәслихаттың 2020 жылғы 18 тамыздағы № 506 «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Қостанай қалалық мәслихаты шешімінің жобасына ПРЕСС-РЕЛИЗІ

    ·

    «Мәслихаттың 2020 жылғы 18 тамыздағы № 506 «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімінің жобасын (бұдан әрі – шешім жобасы) әзірлеуші «Қостанай қалалық мәслихатының аппараты» ММ болып табылады.

    Осы шешімнің жобасын әзірлеудің мақсаты актіні Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларына сәйкестендіру болып табылады.

    Шешім жобасы 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда жаңа Конституцияның қабылдануына сәйкес әзірленді.

    Шешім жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

    Шешім жобасын 2026 жылғы 20 шілдеде «Ашық НҚА» порталында және Қостанай қалалық мәслихатының ресми интернет-ресурсында орналастыру жоспарлануда.