Хабарлама
2026 жылғы 19 шілдеде Ерейментау ауданы Олжабай батыр ауылдық округі әкімін сайлауы өтті.
Ерейментау аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10 бабына сәйкес, Ерейментау ауданының Олжабай батыр атындағы ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Олжабай сайлау округі бойынша
Олжабай батыр атындағы ауылдық округінің әкімінің сайлауы:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 593 азамат енгізілді, оның ішінде 300 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 10, «барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 2.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Оразов А.Қ. – 250; Төлеуов Е.Т. – 32; Черноусова А.С. – 6.
Олжабай батыр ауылдық округі әкімі болып Оразов Ақылбек Қазбекұлы сайланды, 1990 жылы туған, «Олжабай батыр атындағы ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әкімі, Олжабай батыр ауылында тұратын, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Ерейментау аудандық сайлау комиссиясы