ХАБАРЛАМА
2026 жылғы 19 шілдеде Аршалы ауданы Михайлов ауылдық округі әкімінің бір сайлау округі бойынша сайлауы өтті.
Аршалы аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының Аршалы ауданы Михайлов ауылдық округі әкімінің сайлау нәтижелері туралы хаттамаларының негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Михайлов сайлау округі
Михайлов ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1081 азамат кірді, олардың 640-ы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 22, «Барлығына қарсы» жолында белгісі бар - 57.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Асекова В.Н. – 33; Ерисова Е.С. – 36; Сүлейменова Ғ.Т. – 492.
Михайловка ауылдық округінің әкімі болып сайланды Ғалия Тілекқалимқызы Сүлейменова, 1975 жылы туған, Михайловка ауылдық округінің әкімі, Михайловка ауылдық округінің Михайловка ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Аршалы аудандық сайлау комиссиясы