Абай облысы білім басақармасының Семей қаласы білім бөлімінің «Қайрат Рысқұлбеков атындағы №33 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ «Ұйымдастырушы педагог» бос орны 1,0 жүктемеге конкурс жариялайды
Конкурс жарияланған лауазым атауы Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «Қайрат Рысқұлбеков атындағы № 33 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ толық бірлік жүктемесімен мектеп әдіскері лауазымы.
Конкурсты өткізу орны мен мерзімі: Абай облысы, Семей қаласы, Молодогвардейская 48А
Байланыс телефоны: 8 (7222) 54-62-56
Электрондық мекен жай : school-box-33@mail.kz
Конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі және қабылдау орны:
Абай облысы Семей қаласының білім бөлімі» ММ «Қайрат Рысқұлбеков атындағы №33 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, 17.07.2026 – 28.07.2026 дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.00-ға дейін жүзеге асырылады. Конкурсқа қатысуға қажетті өтінім «Абай облысы Семей қаласы білім бөлімі» ММ, «Қайрат Рысқұлбеков атындағы №33 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, «Еңбек кз» сайттарына, «Ұлттық білім беру деректер базасы» ақпараттық жүйесіне конкурс өткізілетіні туралы хабарлама жарияланған күннен бастап 7 күнтізбелік күнде жүзеге асырылады.
Лауазымдық міндеттері:
білім беру ұйымдарында және тұрғылықты жері бойынша білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жас және психологиялық ерекшеліктерін, мүдделері мен қажеттіліктерін зерделейді, оларды іске асыру үшін жағдайлар жасайды;
таланттарды, ақыл-ой және дене қабілеттерін дамытуға, жеке тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдеседі;
клубтар, үйірмелер, секциялар, балалар бірлестіктерінің жұмысын, балалар мен ересектердің әртүрлі бірлескен қызметін, білім алушылармен, тәрбиеленушілермен жеке жұмысты, дебаттарды, мектеп парламентін ұйымдастырады;
ғылыми-техникалық, көркем-шығармашылық, спорттық-туристік және басқа бағыттардың бірін басқарады;
қолданыстағы заңнамаға сәйкес баланың қауымдастықтарға, қоғамдық ұйымдарға қатысу құқықтарын іске асыруға ықпал етеді;
білім алушылардың, тәрбиеленушілердің кештерін, мерекелерін, жорықтарын, экскурсияларын, каникулдық демалысын ұйымдастырады, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің әлеуметтік маңызды бастамаларын қолдайды;
балалардың мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысуын ұйымдастырады;
іс-шараларды өткізу кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді.
Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының " Білім туралы ", " Педагог мәртебесі туралы ", " Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы " заңдары және білім беру мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілер;
педагогикалық этиканың нормалары;
педагогика және психология, физиология, гигиена, тәрбие жұмысының әдістемесін, үйірмелер, секциялар, студиялар, клубтық бірлестіктер сабақтарының бағдарламалары;
балалар ұжымдарын, ұйымдар мен қауымдастықтар қызметінің негіздерін, еңбек заңнамасы;
еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау ережелерін, санитариялық ережелер мен нормалар.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе техникалық және кәсіптік білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім немесе жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат;
және (немесе) біліктілігінің орта немесе жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі-кемінде 5 жыл.
Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
1) "педагог-модератор":
"педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуға, сондай-ақ:
балалармен және жасөспірімдермен диагностикалық жұмыстың ұйымдастырушылық нысандарын пайдалануға;
тәрбие процесінде тұрақты оң нәтижелерді қамтамасыз етуге;
әдістемелік бірлестіктердің, озық тәжірибе мектептерінің жұмысына қатысуға тиіс;
2) "педагог-сарапшы":
"педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын талаптарға сәйкес болуға, сондай-ақ:
тәрбие жұмысын талдау әдістерін қолдануға;
балалар мен жасөспірімдерге сараланған көзқарасты ескере отырып, оларды тәрбиелеу әдістемесін дербес әзірлеуге;
жұмыста озық педагогикалық тәжірибені қолдануға тиіс;
3) "педагог-зерттеуші":
"педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын талаптарға сәйкес болуға, сондай-ақ:
ғылыми-зерттеу, эксперименттік жұмыс әдістерін қолдануға, жаңа педагогикалық технологияларды, мақсатты бағдарламаларды әзірлеу, оларды апробациялау бойынша жұмыс жүргізуге, әлеуметтік педагогиканың өзекті мәселелерін әзірлеу бойынша шығармашылық топтарды басқаруға тиіс;
4) "педагог-шебер":
"педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:
ғылыми-зерттеу, эксперименттік жұмыс әдістерін қолдануға;
жаңа педагогикалық технологияларды, мақсатты бағдарламаларды әзірлеуге;
оларды апробациялау бойынша жұмыс жүргізуге;
әлеуметтік педагогиканың өзекті мәселелерін әзірлеу бойынша шығармашылық топтарға жетекшілік етуге;
облыстық оқу-әдістемелік кеңесте және РОӘК-те мақұлданған әдістемелік материалдардың болуы тиіс.
Құжаттар тізімі:
Құжаттар тізімі:
- Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) осы Қағидаларға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;;
2)жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – Бар болса);
4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; ;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;;
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы
Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаса, кандидаттың конкурсқа қатысу үшін берген құжаттарын қабылдаудан бас тартылады.
Кандидат конкурсқа қатысу үшін білім беруді басқару органының қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды ұсынуға құқылы. Құжаттарды қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.
Ақпараттың дәлдігі үшін:
Мекенжай: Абай облысы, Семей қаласы, Молодогвардейская 48А.
Байланыс телефоны: 8 (7222) 54-62-56
Электрондық мекенжай : school-box-33@mail.kz