Абайлаңыз, алаяқтар! БЖЗҚ салымшыларды алдаудың жаңа тәсілдері туралы ескертеді

    Сарқан ауданының әкімдігі

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

    Абайлаңыз, алаяқтар! БЖЗҚ салымшыларды алдаудың жаңа тәсілдері туралы ескертеді

    Соңғы уақытта БЖЗҚ бөлімшелеріне міндетті зейнетақы жарналары аударылмағаны туралы хабар алған азаматтар жиі жүгінетін болды. Алаяқтар өздерін Қор қызметкері ретінде таныстырып, бірнеше жыл еңбек өтілі зейнетақы есептеу кезінде ескерілмей қалғанын айтып, соның негізінде зейнетақыны қайта есептеп, мөлшерін арттыруға болатынын айтатын көрінеді.

    Алаяқтар қалай әрекет етеді?

    Алаяқтар сенімге кіру мақсатында Қордың нақты жұмыс істейтін бөлімшелерінің мекенжайын айтып, азаматтарды сол жерге келуге шақырады. Филиалға жүгінушілердің айтуынша, қызметті «жылдам әрі ыңғайлы алу үшін» алдын ала электрондық кезекке қоямыз деп, SMS арқылы келген растау кодын айтуды сұрайды. Өкінішке қарай, мұндай кодтарды алаяқтарға хабарлап қойған азаматтар да бар.

    Маңызды ескерту!

    БЖЗҚ қызметкерлері қоңырау соқпайды, телефон арқылы, электрондық пошта немесе мессенджерлерде SMS-кодтарды, құпиясөздерді, банк карталарының деректемелерін және өзге де құпия ақпаратты ешқашан сұрамайды. БЖЗҚ барлық қызметтерді тегін көрсетеді. Зейнетақы төлемдерін рәсімдеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қатаң тәртіппен жүзеге асырылады.

    Қоңырау шалушы сіздің аты-жөніңізді, ЖСН-іңізді, мекенжайыңызды немесе жұмыс орныңызды білгенімен, бұл оның ресми қызметкер екенін білдірмейді. Мұндай мәліметтер алаяқтардың қолына ашық дереккөздерден түсуі мүмкін.

    Өзіңізді қалай қорғауға болады?

    ∙ SMS арқылы келген кодтарды және жеке деректеріңізді ешкімге бермеңіз.

    ∙ Әңгіме SMS-код туралы басталған сәтте күмәнді қоңырауды бірден тоқтатыңыз.

    ∙ Ақпараттың дұрыстығын тек ресми арналар арқылы тексеріңіз (байланыс орталығы, ресми сайт немесе мобильді қосымша)

    ∙ Алаяқтық белгілері байқалған жағдайда құқық қорғау органдарына хабарласыңыз.

    Қырағы болып, жақындарыңызды, әсіресе егде жастағы туыстарыңызды алаяқтардың әрекетінен қорғаңыз!

    Жүктеу
    Осторожно, мошенники! ЕНПФ предупреждает о новых схемах обмана вкладчиков
    Осторожно, мошенники! ЕНПФ предупреждает о новых схемах обмана вкладчиков
    DOCX · 63 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ

    Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорацияс...

    Сарқан ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Сарқан ауданы Сарқан қаласы және Қойлық ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау және сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

    Сарқан ауданы Сарқан қаласы және Қойлық ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау және сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекітутуралы «Қазақстан Республикасындағы...

    Сарқан ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Сарқан ауданы Сарқан қаласы және Қойлық ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау бойынша округін құру туралы

    Сарқан ауданы Сарқан қаласы және Қойлық ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау бойынша округін құру туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшас...

    Сарқан ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 20 желтоқсанға тағайындалған Жетісу облысы Сарқан ауданының Сарқан қаласы және Қойлық ауылдық округтерінің әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

    Сарқан аудандықаумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 11 қарашадағы №31 қаулысына қосымша 2026 жылғы 20 желтоқсанға тағайындалған Жетісу облысы Сарқан ауданының Сарқан қаласы және Қойлық ауылдық округтерінің әкімдер...

    Сарқан ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Сарқан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы комиссияларының құрамы, орналасқан жері және жұмыс уақыты туралы хабарламасы

    Сарқан аудандықаумақтықсайлаукомиссиясы комиссияларының құрамы, орналасқан жері және жұмыс уақыты туралы хабарламасы Жұмыс уақыты: 09.00-18.30, үзіліс 13.00-14.30 Орналасқан жері:Сарқан қаласы, Қабанбай батыр көшесі,...

    Сарқан ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Сарқан ауданының Сарқан қаласы және Қойлық ауылдық округінің учаскелік сайлау комиссияларының құрамы, орналасқан жері және жұмыс уақыты туралы хабарламасы

    Сарқан ауданының Сарқан қаласы және Қойлық ауылдық округінің учаскелік сайлаукомиссияларының құрамы, орналасқан жері және жұмыс уақыты туралы хабарламасы Жұмыс уақыты: 09.00-18.30, үзіліс 13.00-14.30 № 347 учаскелік с...

    Сарқан ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Сарқан ауданы бойынша сайлау учаскелерінің шекаралары

    Сарқан ауданы бойынша сайлау учаскелерініңшекаралары № 347 сайлау учаскесі. Орталығы: Жетісу облысы, Сарқан ауданы, Сарқан қаласы, А. Атановк-сі17, «Жетісу облысының білім басқармасы Сарқан ауданы бойынша білім бөлімі»...

    Сарқан ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Сарқан ауданында сайлаушылармен кездесуі үшін шарт негізінде кандидаттарға берілетін үй-жайлар

    Сарқан ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 наурыздағы "Сарқан ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы" № 120 қаулысына...

    Сарқан ауданының әкімдігіЖарияланды: