Аудандық мәслихатсессиясының күнтәртібі
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 8-бабына сәйкес, Астрахан аудандық мәслихаты сессияның мынадай күн тәртібін бекіту туралы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Астрахан аудандық мәслихатының сессиясының күн тәртібі туралы.
- Астрахан ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің жер ресурстарын тиімді пайдалану жөніндегі жұмысы туралы.
- 2026 жылға арналған Астрахан ауданында шетелдіктер үшін туристік салық ставкаларын бекіту туралы.
- 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №8С-46-5 «Каменка ауылының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» аудандық мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Астрахан аудандық мәслихатының кезекті сессиясының қарауына енгізілген негізгі мәселелер туралы.
Астрахан аудандық
мәслихатының төрағасы М.Қожахмет