«Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы» ММ 2026 жылғы 1 жартыжылдықтағы мемлекеттік қызметтер бойынша ЕСЕБІ

    Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы

    «Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы» ММ

    2026 жылғы 1 жартыжылдықтағы мемлекеттік қызметтер бойынша

    ЕСЕБІ

    «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы
    31 наурыздағы № 97 бұйрығымен діни қызмет саласында мемлекеттік қызметтер көрсету Қағидалары бекітілген.

    Облыс әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы келесі мемлекеттік қызметтерді жүзеге асырады:

    - «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу»;

    - «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты
    үй-жайлардың орналасатын жерін келісу»;

    - «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру»;

    - «Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру».

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағаз және электрондық нысанда – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы не «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес ақционерлік қоғамы және «Электрондық үкіметтің» веб-порталы «www.egov.kz», « www.elicense.kz» арқылы тегін көрсетіледі.

    2026 жылы 1 жартыжылдығында Дін істері жөніндегі басқармамен
    14 – миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеу және қайта тіркеу мемлекеттік қызметі көрсетілді, оның ішінде: электрондық форматта – 4.

    2026 жылдың өткен кезеңінде дін қызмет саласында мемлекеттік қызмет алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімінің бұзылуы және бас тарту фактілері тркелген емес.

    Заңды орындау шеңберінде Облыс әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер және оларды көрсету тәртібі туралы ақпаратты Басқарманың ресми сайтында, ақпараттық стендтеріне орналастырылған.

    Басқарма жұмысының жоспарына сәйкес барлық тіркелген діни бірлестіктер жетекшілерінің қатьысуымен жұмыс кеңестерін өткізуді тәжірибеге енгізген, оларда діни қызметшілерге діни қатынастарды реттеу саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары түсіндіріледі.

    «Қостанай облысы ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер және архивтер басқармасы» ММ-не бекітілген нысанға сәйкес айсайын көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы есептік ақпарат жолданады, діни қызмет саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге тұрақты негізде мониторинг жүргізіледі.

    «Қостанай облысыәкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы» ММ

    15.07.2026ж.

    Жүктеу
    6243691e5989061d9b8aa0b9fc80b0d6_original.38912.doc
    DOC · 38 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Хаттама

    «Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы» ММ, «Діни проблемаларды зерттеу орталығы»КММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау ХАТТАМАСЫ

    «Қостанай облысы әкімдігінің дін істеріжөніндегібасқармасы»ММ,«Діни проблемаларды зерттеу орталығы»КММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерініңішкі талдау нәтижелерін жария талқылау ХАТТАМАСЫ Қостанайқ. 16 маусым...