Тергеунәтижелерітуралыақпарат
- Тергеу жүргізудің негізі: А16.0 04.06.2026 ж., А19.0 23.06.2026 ж., А15.0 22.06.2026 ж., А15.0 11.06.2026 ж. диагноздарымен аурудың тіркелуі жағдайы бойынша шұғыл хабарлама.
- Тексеру жүргізген бақылау және қадағалау органы – «Павлодар қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ
- Тартылған сарапшылар (мәліметтерді пайдалануға келісім беру): сарапшылар тартылмаған
- Тергеу жүргізу мерзімі: 2026 жылғы 05 маусымнан 2026 жылғы 03 шілдеге дейін.
- Өздеріне қатысты тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар ШЖҚ «Павлодар қаласының №3 емханасы» КМК.
6. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: науқас қалдық құбылыстары бар қауіп-қатер тобында тұр, алайда 2024-2025 жж. флюороархиві жоқ, бұл Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-214/2020 «Туберкулездің профилактикасы бойынша іс-шараларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 2-тарауы, 3-параграфы, 80-тармағының 4-тармақшасын бұзу болып табылады.
7.Халықтың санитариялық–эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және(немесе)заңды тұлғалар: Жалпы практика дәрігері
8.Қабылданған шаралар: эпидемияға қарсы іс-шаралар бойынша қаулы берілді,әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама.