2026 жылдың 1-жартыжылдығында Жалағаш ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған жұмыстары туралы

    ·

    Мемлекет басшысының 2022 жылғы 2 ақпандағы Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасы бекітілді.

    Қабылданған Тұжырымдамадағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмысында бес жылдықты қамтыған міндеттемелерге байланысты Жалағаш ауданы әкімдігімен өз деңгейінде тиісті жұмыстар атқарылып келеді.

    Аудан әкімдігіне қарасты мекемелерде сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы атқарылған жұмыстарды халық арасында кеңінен ақпараттандыру мақсатында жергілікті «Жалағаш жаршысы» газетіне, «Facebook», «Instagram» әлеуметтік желілерінің «Жалағаш ауданының әкімдігі» атты парақшасында және әкімдіктің ресми сайтына ақпарат тұрақты жарияланып отыр.

    Тұрғындардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы құқықтық ақпаратқа барынша қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімінің сайтында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері» атты жеке бөлім ашылып, атқарылған жұмыстар бойынша мәліметтер тоқсан сайын енгізіліп келеді.

    Жалағаш ауданы әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның отырыстары 2026 жылдың 1-жартыжылдығында 2 рет өткізілді. Комиссия отырыстарында аудан әкімдігіне қарасты мекемелер, ауылдық округі әкімдері, денсаулық сақтау, білім және құқық қорғау органдары басшыларының атқарған жұмыстарының есептері тыңдалып, тиісті профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

    Аудан әкімдігіне қарасты кент, ауылдық округі әкімдеріне, аудандық бөлімдер мен мекеме басшыларына ай сайын сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен осал тұстарына аса мән беріп, сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы бағытталған шараларды күшейту тапсырылды.

    Бұл ретте, қызметкерлермен персоналды түрде профилактикалық әңгімелесу жұмыстарын жүргізу және заңнама талаптарын қатаң сақтау керектігі жөнінде ескертпелер берілді.

    Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында әлеуметтік тапсырыс аясында 2 бейнеролик әзірленіп, әлеуметтік желілерге жарияланды.

    Сонымен қатар, аудандық прокуратура, полиция және мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен «Қоғамдық санада сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне жол бермеуді қалыптастыру» әлеуметтік жобасы аясында үстіміздегі жылдың 28 сәуірінде ауданға қарасты М.Шәменов, Қаракеткен, Ақсу, Таң, Аққұм, Бұқарбай батыр ауылдық округтері тұрғындарымен кездесулер өтті.

    Кездесудің негізгі мақсаты – қоғамда адалдық қағидаттарын қалыптастыру, құқықтық мәдениетті арттыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және отбасылық-тұрмыстық құқықбұзушылықтардың профилактикасын күшейту.

    Кент, ауылдық округтерде, мемлекеттік мекемелерде, мектептер мен аурухана ғимараттарында және халық көп шоғырланатын орындарда ақпараттық-насихаттық брошюралар ілінді.

    Жалағаш кентінде, ауылдық округтерде және Халыққа қызмет көрсету орталығында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!», «1424-ке хабарласыңыз» тақырыптарында билбордтар мен баннерлер орнатылды.

    Есепті мерзімде, жеке және заңды тұлғалардан мемлекеттік қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық және олардың құқықтарын өрескел бұзу фактілері жөніндегі арыз-шағымдар түскен жоқ.

    Соңғы 5 жыл көлемінде аудан бойынша сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстар орын алған жоқ.

    Ішкі талдау жұмыстары туралы.

    Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес 2026 жылдың 1-жартыжылдығында 3 коммуналдық мемлекеттік мекемелерде ішкі талдау жұмыстары жүргізілді. Талдау жүргізілген мекемелермен қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша облыстық басқармаларға нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу жөнінде 2 ұсыным берілді.

    2026 жылдың 1-жартыжылдығында мемлекеттік қызметшілер арасында мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған адамдарды жұмысқа қабылдау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтамау жағдайлары анықталған жоқ.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау бойынша барлық тиісті ақпарат аудан әкімдігінің ресми сайтына орналастырылды.

    Алдағы уақытта да атқарылатын жұмыстар Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясының шеңберінде жүзеге асырылатын болады.

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдердің 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдайы

    "БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Статистика және аналитика – Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚРҰБ) және инвестициялық портфел...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау

    Жарияланды:
    Ақпарат

    «Ұлттық қор - балаларға»: 62,7 млн АҚШ доллары тұрғын үйге және білім алуға жұмсалды

    2026 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша бағдарлама іске қосылған 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап нысаналы жинақтарды (НЖ) пайдалануға берілген 333 809 өтініш орындалып, жалпы сомасы 62,71 миллион АҚШ долларына жуық қаража...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Зейнетақы жинақтарының сақталуына берілетін мемлекеттік кепілдікті жүзеге асыру тәсілінің өзгеруі туралы

    Зейнетақы төлемдерін алушылар үшін зейнетақы жинақтарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) мөлшерінде, жинақталған инфляция деңгейін ескере отырып сақталуы...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026-2030 жылдарға арналған Жалағаш ауданының даму жоспары

    Жарияланды:
    Ақпарат

    БЖЗҚ 2026 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарын инвестициялау есебін ұсынады

    "БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Статистика және аналитика – Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚРҰБ) және инвестициялық портфел...

    Жарияланды: