КГУ «СОШЛ №38» объявляет конкурс на занятие вакантной должности заместителя директора по учебной работе

    Абай облысы «Семей қаласының білім бөлімі»мемлекеттік мекемесі

    Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің

    «№38 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

    директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарының бос орнына конкурс жариялайды

    Конкурс жарияланған лауазым атауы: Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «№ 38 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарының бос орнына.

    Конкурсты өткізу орны мен мерзімі: индекс 071401, Абай облысы, Семей қаласы, Пржевальского көшесі 16А.

    Байланыс телефоны: 8 (7222) 33-23-37

    Электрондықмекен-жайы: [email protected]

    Конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі және қабылдау орны: Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «№ 38 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

    Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады. Конкурсқа қатысуға қажетті өтінім «Enbek.kz сайтында, Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «№ 38 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі сайттарына конкурс өткізілетіні туралы хабарлама жариялаған күннен бастап 7 күнтізбелік күнде жүзеге асырылады 15.07.2026ж. – 24.07.2026ж.

    Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:

    • жоғары педагогикалық немесе бейіні бойынша білім және педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 10 жыл болуы тиіс.
    • жоғары санатты, педагог - сарапшы
    • жұмыс тәжірбесі директордың ОІ жөніндегі орынбасары лауазымында 3 жылдан кем болмауы тиіс.
    • мемлекеттік тілді білуі тиіс.
    • компьютерде жұмыс жасай білуі және құжаттарды даярлау бойынша бағдарламалық қамтамасыздық;

    Лауазымдық міндеттері: Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары келесі лауазымдық міндеттерді орындайды:

    3.1 педагогикалық ұжымның ағымдағы және болашақтағы қызметін жоспарлауды ұйымдастырады;

    3.2 оқу жоспарлары мен бағдарламаларын орындау бойынша мұғалімдер мен басқа да педагогикалық қызметкерлердің жұмысын үйлестіреді;

    3.3 қажетті оқу-әдістемелік құжаттарды әзірлеуді ұйымдастырады және үйлестіреді;

    3.4 білім беру процесінің сапасына және білім алушылардың білім беру дайындығының нәтижелерін бағалаудың объективтілігіне, үйірмелер мен факультативтердің жұмысына жүйелі бақылауды жүзеге асырады; мектептің педагог қызметкерлері өткізетін айына кемінде 10 сабаққа және оқу сабақтарының басқа да түрлеріне қатысады, олардың нысаны мен мазмұнын талдайды, талдау нәтижелерін педагогтердің назарына жеткізеді;

    3.5 қортынды аттестаттауға (емтиханға) дайындау және өткізу бойынша жұмысты ұйымдастырады;

    3.6 ата-аналар үшін ағарту жұмыстарын ұйымдастырады, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру мәселелері бойынша ата-аналарды (оларды алмастыратын адамдарды) қабылдайды;

    3.7 педагогикалық қызметкерлерге инновациялық бағдарламалар мен технологияларды игеруге және әзірлеуге көмек көрсетеді;

    3.8 оқушылардың оқу жүктемесін бақылауды жүзеге асырады;

    3.9 оқу сабақтарының және білім беру қызметінің басқа түрлерінің кестесін жасайды, уақытша болмаған мұғалімдердің сабақтарының сапалы және уақытылы ауыстырылуын қамтамасыз етеді, жіберілген және ауыстырылған I ауысымның сабақтарының есебін жүргізеді;

    3.10 белгіленген есеп беру құжаттамасының уақытылы жасалуын қамтамасыз етеді, педагогтардың сынып журналдарын, басқа да құжаттарды дұрыс және уақтылы жүргізуін бақылайды;

    3.11 мектепті жинақтауға қатысады, оқушылар контингентін сақтау бойынша шаралар қабылдайды;

    3.12 білім алушылардың оқушыларға арналған ережелерді сақтауын бақылайды;

    3.13 педагогикалық кадрларды іріктеу мен орналастыруға қатысады, олардың біліктілігін және кәсіби шеберлігін арттыруды ұйымдастырады, әдістемелік бірлестік жұмысына басшылық жасайды, өзінің біліктілігін арттырады;

    3.14 білім беру процесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді, мектептің педагогикалық кеңесінің жұмысына қатысады;

    3.15 мектептің педагогикалық және басқа да қызметкерлерін аттестаттаудан өткізуге және дайындауға қатысады;

    3.16 оқу кабинеттерін қазіргі заманғы жабдықтармен, көрнекі құралдармен және оқытудың техникалық құралдарымен жабдықтау, кітапхананы оқу-әдістемелік және көркем әдебиетпен, журналдар мен газеттермен толықтыру бойынша шаралар қабылдайды;

    3.17 білім беру процесінде Еңбекті қорғау нормалары мен ережелерін сақтау бойынша жұмысты ұйымдастырады;

    3.18 білім беру процесінде пайдаланылатын жабдықтардың, аспаптардың, оқытудың техникалық және көрнекі құралдарының қауіпсіздігін бақылауды қамтамасыз етеді;

    3.19 білім беру процесін білім алушылармен осы мақсаттар үшін жабдықталған, өмір сүру қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларына жауап беретін және АКТ бойынша пайдалануға қабылданған оқу бөлмелері болған жағдайда жүргізуге рұқсат береді;

    3.20 директордың әкімшілік-шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасарының қатысуымен оқу кабинеттерін, шеберханаларды, спортзалдарды, сондай-ақ қызметтік бөлмелерді паспорттауды уақтылы және сапалы жүргізуді ұйымдастырады;

    3.21 медициналық мекемеден алынған материалдар негізінде мерзімдік медициналық тексеру жүргізу қажеттілігі белгіленген факторды көрсете отырып, мерзімдік медициналық тексеруге жататын адамдардың тізімін жасайды;

    3.22 еңбекті қорғау жөніндегі нұсқауларды, сондай-ақ практикалық және зертханалық жұмыстарды орындау жөніндегі әдістемелік нұсқауларда тіршілік қауіпсіздігі талаптарының бөлімдерін 5 жылда кемінде 1 рет әзірлеуді және мерзімді қайта қарауды ұйымдастырады;

    3.23 білім алушыларға нұсқаманың уақтылы өткізілуін және оның журналға тіркелуін бақылайды;

    3.24 мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарымен бірге жол қозғалысы ережелерін, судағы және көшедегі жүріс-тұрыс ережелерін, өрт қауіпсіздігін оқыту әдістемесін, тәртібін анықтайды; білім алушылардың білімін тексеруді жүзеге асырады;

    3.25 кәсіподақ комитетімен бірлесе отырып, оқу құралдары мен жабдықтарды, химиялық реактивтерді, көрнекі құралдарды, мектеп жиһаздарын пайдалану, сақтау қауіпсіздігіне әкімшілік және қоғамдық бақылауды жүргізеді. Химиялық реактивтерді, оқу жабдықтарын,стандартты тізімдерде көзделмеген құрылғыларды, соның ішінде шеберханаларда, жаттығуларда және басқа бөлмелерде тиісті рұқсатынсыз қондырылған үйде ұстау шараларын уақтылы қабылдайды, денсалық жағдайында қауіпті жағдайлар туындаған жағдайда оқу орнының ғимаратында оқу процесін тоқтата тұрады

    3.26 жұмыс істеушілермен, білім алушылармен болған жазатайым оқиғалардың жағдайларын анықтайды;

    3.27 педагогтың қоғамдық жағдайына сәйкес мектепте, тұрмыста, қоғамдық орындарда мінез-құлықтың этикалық нормаларын сақтайды;

    3.28 еңбекті қорғау жөніндегі міндеттерді сақтайды (ҚР Еңбекті қорғау туралы Заңына сәйкес)

    3.29 МОДОны дайындауға және өткізуге жауапты;;

    3.30 ҰБТ-ны дайындау мен өткізуге жауап береді;

    3.31 МКБП базасын толтыруға жауап береді;

    3.32 бастауыш, негізгі орта, жалпы білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауап береді;

    3.33 жаратылыстану-математикалық цикл әдістемелік кеңесінің жұмысына жауап береді;

    3.34 І ауысымның мектеп қызметкерлерінің "электрондық журналдарды" жүргізуіне жауап береді;

    3.35 9,11 сынып түлектерінің жұмысқа орналасуына жауап береді;

    3.36 бастауыш сыныптар мен мектепалды даярлық жұмысына жетекшілік етеді;

    3.37. директордың әкімшілік-шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасарының қатысуымен оқу кабинеттерін, шеберханаларды, спортзалдарды, сондай-ақ қызметтік бөлмелерді паспорттауды уақтылы және сапалы жүргізуді ұйымдастырады;

    3.38. оқушылардың мектепте инклюзивті оқыту бойынша жұмысты ұйымдастырады.

    Білу керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын, «Педагогикалық этика» ережелерін және білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді; педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, үлгілік оқу бағдарламаларын, үлгілік оқу жоспарларын, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін; Менеджмент, Қаржы-шаруашылық қызмет негіздерін;; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау жөніндегі ережелер, санитарлық ережелер мен нормаларды.

    Құжаттар тізімі:

    1) білім беруді басқару органы басшысының атына тұрғылықты тіркеу орны, нақты тұратын жері, байланыс телефондары көрсетілген конкурсқа қатысуға өтініш;

    2) жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі;

    3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

    4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

    5) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;

    6) ескертпелер мен көтермелеулерді көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;

    7) біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);

    8)Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың көшірмелері жұмыс орнының кадр қызметі немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері тарапынан куәландырылады және мөрмен куәландырылады.

    9) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2030 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 4 қарашада № 21579 болып тіркелген)бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

    10) соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;

    11) психиатриялық және наркологиялық диспансерден анықтама;

    Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаса, кандидаттың конкурсқа қатысу үшін берген құжаттарын қабылдаудан бас тартылады.

    Кандидат конкурсқа қатысу үшін білім беруді басқару органының қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды ұсынуға құқылы. Құжаттарды қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

    Азаматтық қызметке, басқару функцияларын орындаумен байланысты лауазымға тұру кезінде адам сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама ұсынады. Толық емес құжаттар пакеті ұсынылған жағдайда үміткердің конкурсқа қатысуға құжаттары қабылданбайды.

    Ақпараттың дәлдігі үшін:

    Мекенжай:Абай облысы, Семей қаласы, Пржевальского көшесі 16А.

    Байланыс телефоны:8 (7222) 33-23-37

    Электрондық мекен-жайы:licey38@mail.ru

    Жүктеу
    02c64d7e08136510ceb3d04834688e95_original.19815.docx
    DOCX · 19 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Хаттама

    «№25 ЖОББМ» КММ конкурстық комиссия хаттамасы(Физика мұғалімі)

    Хаттама

    «№25 ЖОББМ» КММ конкурстық комиссия хаттамасы(Қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі)

    Хаттама

    «№25 ЖОББМ» КММ конкурстық комиссия хаттамасы(Көркемдік жетекші)

    Хаттама

    «№25 ЖОББМ» КММ конкурстық комиссия хаттамасы(Математика мұғалімі)

    Хаттама

    «№25 ЖОББМ» КММ конкурстық комиссия хаттамасы(Информатика мұғалімі)

    Ақпарат

    Білім беру мекемелерінің басшыларына («Поведенческие технологии в обучении детей с особыми образовательными потребностями: стратегии диагностики, обучение и поддержка» тақырыбындағы курс)

    Ақпарат

    Мектеп директорларына. Жұмыс үшін

    Ақпарат

    «№50 жалпы орта білім беретін IT-мектеп-лицейі» КММ бастауыш сынып мұғалімі (орыс тілінде оқытатын сыныптарға) 1 бос орынға конкурс жариялайды.

    Абай облысы білім басқармасы Семей қаласы білім бөлімінің «№50 жалпы орта білім беретін IT-мектеп-лицейі» КММ бастауыш сыныпмұғалімі (орыс тілінде оқытатын сыныптарға) 1 бос орынға конкурс жариялайды. Конкурс жарияланға...