«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің Корнеевка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ қызметтегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша САРАПТАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

    ·

    «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің

    Корнеевка ауылдық округі әкімінің аппараты»КММ

    қызметтегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша

    САРАПТАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

    «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің Корнеевка ауылдық округі әкімінің аппараты»коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» 2026 жылғы 8 маусымдағы № 34-р/од ауылдық округі әкімінің өкімі негізінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

    Талданатын кезең: 2025 жылдың 30 маусымнан 2026 жылдың 12 маусымы аралығы.

    Талдау жүргізу кезеңі (осы уақыт ішіндегі күндер саны талдау жүргізілді) 2026 жылғы 12 маусымнан 30 маусымды қоса алғанда 12 жұмыс күні.

    Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 10-тармағына және мемлекеттік органдардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес талдау жүргізілді. Келесі бағыттар бойынша жұмыс жүргізілді:

    мемлекеттік мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

    мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

    I.Мемлекеттік мекеменің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер, құқықтық актілер

    Нормативтік құқықтық актілер бойынша:

    Талданатын кезеңде ауылдық округ әкімі тарапынан нормативтік құқықтық актілер қабылданған жоқ.

    1. Құқықтық актілер бойынша

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау барысында Корнеевка ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 30 маусым мен 2026 жылғы 12 маусым аралығындағы кезеңде қабылдаған шешімдері мен өкімдері зерделенді.

    Талдау жүргізілген кезеңде 42 шешім қабылданып, 91 өкім шығарылған, оның ішінде 68 — негізгі қызмет бойынша, 11 — мемлекеттік қызметшілердің жеке құрамы бойынша және 12 — еңбек қызметін шарттық негізде жүзеге асыратын жұмыскерлердің жеке құрамы бойынша.

    Шешімдер «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында белгіленген құзырет шегінде қабылданғаны анықталды.

    Жер учаскелерін беру мәселелері бойынша шешімдер қабылдау сыбайлас жемқорлыққа ең бейім сала болып табылады. Сонымен қатар, талдау жасалған кезеңде жер учаскелеріне меншік құқығын немесе жер пайдалану құқығын беруден бас тарту фактілері анықталған жоқ. Қабылданған шешімдер мен өкімдерде негізсіз әкімшілік кедергілер жасауға, негізсіз артықшылықтар беруге немесе өкілеттіктерді асыра пайдалануға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

    Мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша

    Персоналды басқару

    Мемлекеттік қызметшілердің штаттық саны 5 бірлікті құрайды, оның ішінде: ауылдық округ әкімі – 1 бірлік, бас мамандар – 4 бірлік.Талдау жүргізу сәтінде аппарат толық жасақталған, бос лауазымдар жоқ.

    Талдау кезеңінде кадрлардың тұрақсыздығы болған жоқ. Мемлекеттік қызметшілердің қажетті біліктілігі мен мемлекеттік қызметте елеулі жұмыс тәжірибесі бар.

    Лауазымдық нұсқаулықтарды талдау көрсеткендей, лауазымдық міндеттер заңнамаға сәйкес бөлінген, функциялардың қайталануы және өкілеттіктерді негізсіз кеңейту фактілері анықталған жоқ.

    Мемлекеттік қызметшілерге демалыс беру және сыйақы төлеу Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

    2025 жылғы 30 маусым мен 2026 жылғы 12 маусым аралығындағы кезеңде әкім аппаратының мемлекеттік қызметшілері тәртіптік жауапкершілікке тартылған жоқ. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін теріс қылықтар жасау фактілері жоқ.

    Талдау нәтижелері бойынша кадрлық қамтамасыз ету саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

    Мүдделер қақтығысын реттеу

    Ішкі талдау барысында мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ. Қызметкерлердің мемлекеттік орган басшысымен үлестістік (аффилирленген) қатынастары, жақын туыстардың, жұбайлардың және жекжаттардың бірге қызмет ету (жұмыс істеу) жағдайлары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйымдарды бұзу фактілері жоқ.

    Кадрлық процестерді талдау мемлекеттік қызметке қабылдау кезінде үлестістікке немесе жақын туыстар мен жекжаттардың бірге қызмет етуіне байланысты бұзушылықтарды анықтаған жоқ.

    Талдау нәтижелері бойынша мемлекеттік сатып алуға мемлекеттік орган басшысының жақын туыстары, жұбайлары немесе жекжаттары болып табылатын әлеуетті өнім берушілердің қатысу фактілері анықталған жоқ.

    Бюджет қаражатының пайдаланылуын ашық әрі айқын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары бекітіліп, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес мемлекеттік сатып алу веб-порталында және ауылдық округтің ресми интернет-ресурсында орналастырылған.

    Талдау нәтижелері бойынша мүдделер қақтығысына, аффилирленуге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің сақталуына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

    Мемлекеттік қызметтерді көрсету

    Корнеевка ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік қызметтерді Қазақстан Республикасының заңнамасына, соның ішінде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне және жер қатынастары саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес көрсетеді.

    Талдау кезеңінде қызметтің 6 түрі бойынша 14 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде: Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру – 1, Елді мекен жерлерінен жер учаскесін ұсыну – 1, Мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сауда-саттық өткізбей алу – 10, Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту – 2. Жер учаскелерін жеке меншікке сатуға және жер учаскесін алу үшін кезекке қоюға өтініштер түскен жоқ.

    Мемлекеттік қызметтер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ және «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы, сондай-ақ электрондық және қағаз форматтарында ұсынылады. Қызмет көрсетуде электрондық форматтың басым болуы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға септігін тигізеді.

    Ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында әкім аппаратында мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпараттық материалдар орналастырылған, сондай-ақ мәліметтер мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында жарияланған.

    Ішкі бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзушылықтар анықталған жоқ, қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.

    Талдау қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

    Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелер:

    1. Мемлекеттік сатып алу

    «Корнеевка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметі «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

    Талдау кезеңінде 101 мемлекеттік сатып алу шарты жасалды, барлық сатып алулар бекітілген мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына сәйкес өткізілді. Шарттар мемлекеттік сатып алудың веб-порталында орналастырылған.

    Сатып алулар келесі тәсілдермен жүзеге асырылды: Баға ұсыныстарын сұрату – 51 шарт, ашық конкурс – 3 шарт, Шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу – 9 шарт, Өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден алу – 38 шарт.

    Бір көзден алу тәсілімен сатып алулар тек Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда ғана жүзеге асырылды. Күші жойылған сатып алулар жоқ. Талдау кезеңінде шарттық міндеттемелерді орындауға байланысты бір сот талқылауы болды.

    Шарттардың орындалуын талдау тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету бойынша міндеттемелердің негізінен өз мерзімінде орындалғанын көрсетті.

    Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша мемлекеттік сатып алуды жоспарлау, ұйымдастыру және жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзудың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға жағдай туғызуы мүмкін фактілері анықталмады.

    Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу шеңберінде Корнеевка ауылдық округі әкімі аппаратының жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша қызметіне талдау жасалды.

    Өтініштерді қарау Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылатыны анықталды. Өтініштерді есепке алу мен тіркеу «Е-өтініш» ақпараттық жүйесінде жүргізіледі, өтініштерді қарау мерзімдері сақталады.

    2025 жылғы 30 маусым мен 2026 жылғы 12 маусым аралығындағы кезеңде әкім аппаратына 26 өтініш түсті, оның ішінде 12 өтініш азаматтарды жеке қабылдау барысында қабылданды және 14 жазбаша өтініш. Олардың 12- жеке тұлғалардан, 2- заңды тұлғалардан түскен.

    Талдау нәтижелері бойынша барлық өтініштер заңнамада белгіленген мерзімде қаралғаны анықталды. Өтініштерді тіркеу, есепке алу және қарау тәртібін бұзушылықтар анықталған жоқ, өтініштерді қарау кезінде лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдар жоқ.

    Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

    1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмысын ұйымдастыру.

    Әкім аппаратында құзыретіне сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл функциялары кіретін лауазымды тұлға айқындалған. Ауылдық округте сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі 2026 жылғы 5 қаңтардағы іс-шаралар жоспары бекітіліп, іске асырылуда.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша тұрақты негізде түсіндіру және оқыту іс-шаралары өткізіліп тұрады. Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғалар болып табылатын мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйымдарды сақтайды.

    Талдау жүргізілген кезеңде әкім аппараты қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылу фактілері анықталған жоқ. Әкім аппараты қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық сипатындағы заңсыз әрекеттер туралы мәліметтерді қамтитын жеке және заңды тұлғалардың шағымдары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар жоқ.

    Қорытынды

    Корнеевка ауылдық округі әкімі аппаратының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша қызметтің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылатыны анықталды.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратын бұзушылықтар табылған жоқ. Мүдделер қақтығысы, үлестестік, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді бұзу фактілері жоқ. Кадр процестері, мемлекеттік қызметтерді көрсету, мемлекеттік сатып алулар және азаматтардың өтініштерін қарау белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

    Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жүйесі тиісті деңгейде жұмыс істеп тұр.

    Талдау нәтижелері бойынша Корнеевка ауылдық округі әкімі аппаратының қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

    Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында ұсынылады:

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне мониторингті тұрақты негізде жалғастыру.

    Ішкі құжаттардың тұрақты өзектендірілуін қамтамасыз ету.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жалғастыру.

    Жер қатынастары және Мемлекеттік сатып алу саласында шешімдер қабылдау кезінде заңнама талаптарының сақталуына ішкі бақылауды күшейту.

    Әкімшілік рәсімдерді цифрландыруды және Мемлекеттік орган қызметінің ашықтығын арттыруды жалғастыру.

    Комиссия мүшелерінің қолдары:Г.В. Зимарёв

    Е.А. Мананкова

    А.В. Ермоленко

    О.А. Золотухина

    Жүктеу
    АНАЛИТИЧЕСКАЯ СПРАВКА по результатам проведенного внутреннего анализа коррупционных рисков в деятельности КГУ «Аппарат акима Корнеевского сельского округа акимата Есильского района Северо-Казахстанской области»
    DOCX · 25 КБ
    Жүктеу