Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының «Сандықтау ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2025-2026 жылдарға арналған үлгілік жоспарды бекіту туралы» 2024 жылғы 5 желтоқсандағы № 16/3 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Сандықтау ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2025-2029 жылдарға арналған жоспарды бекіту туралы»;
көрсетілген шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2025-2029 жылдарға арналған Сандықтау ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі қоса беріліп отырған жоспар бекітілсін.»;
көрсетілген шешіммен бекітілген жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі үлгілік жоспар осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.