БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын пайдалану туралы

    Ордабасы ауданы әкімінің аппараты

    БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын пайдалану туралы

    Өткен бес жарым жыл ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге ақы төлеуге 5,8 трлн теңгеден астам зейнетақы жинағы пайдаланылды.

    Оның ішінде ең көп қаражат 2021 жылы алынды – шамамен 2,6 трлн теңге. 2022-2023 жылдары үрдіс төмендегенімен, соңғы жылдары жинақтарды алу көлемі қайта артып, 2025 жылы 1 трлн теңгеден асты.

    Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы зейнетақы жүйесінің негізгі міндеті – азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ету, «мақсатымыз – бүкіл жинақты қазір үлестіріп, азаматтарды қарттық шағында лайықты зейнетақысыз қалдыру емес» екенін қадап айтқан болатын.

    Жыл

    БЖЗҚ өтінім берушілердің арнайы шоттарына есептеу үшін уәкілетті операторларға аударды:

    Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға
    (сома, млн теңге)

    Емделу ақысын төлеуге
    (сома, млн теңге)

    2021

    2 468 085

    126 542

    2022

    703 232

    192 391

    2023

    170 905

    100 386

    2024

    396 683

    173 875

    2025

    824 360

    391 733

    1.01.2026 ж. бастап 31.05.26 ж. дейін (01.06.2026 жағдай бойынша)

    318 206

    333

    Осы жылдары алынған қаражат көлемі азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ету сияқты тікелей міндетті шешуге бағытталған сомадан айтарлықтай асып түсті. Тіпті Қордан алынған қаражат көлемі кейбір жылдары түскен жарналардан да асып кетті.

    Сондай-ақ жинақтарды шығару олардан алынбай қалған инвестициялық кірістің өсуіне әкеп соғады. Ұзақ мерзімді перспективада бұл зейнеткерлік жастағы жинақтардың айтарлықтай азаюына себеп болады.

    Еске сала кетейік, Қазақстанда салымшылардың зейнетақы жинақтарындағы жинақталған инвестициялық кірістің үлесі өсіп келеді және қазір шамамен 40%-ды құрайды, ал халықаралық тәжірибеде бұл көрсеткіш әдетте 80%-дан асады.

    Дамыған елдерде зейнетақы активтері инвестиция көзі және экономиканың тұрақты өсімінің негізі болып саналады. Озық елдерде жинақталған зейнетақы активтері ішкі жалпы өнімнің (ІЖӨ) 100%-ынан асады, ал Қазақстанда қазір зейнетақы активтері әлі де ІЖӨ-нің шамамен 16%-ын ғана құрап отыр.

    Әлемде жинақтаушы зейнетақы жүйесінің басты міндеті – болашақ зейнетақы төлемдерін қамтамасыз ету. Сол себепті азаматтардың болашақ зейнетақысының лайықты болуы үшін зейнетақы жинақтарын сақтау және оларды Қазақстандағы және халықаралық нарықтардағы ұзақ мерзімді инвестициялау есебінен одан ары арттыру маңызды.

    БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы жәнеакционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақwww.enpf.kz сайтында).

    Жүктеу
    34a4777928a8092b4da2391bd048225b_original.69133.docx
    DOCX · 68 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Ордабасы ауданының жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарына сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша еңгізілген ұсынымдарды орындау бойынша іс-шаралар жоспары

    Ордабасы ауданының жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарына сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша енгізілген ұсынымдарды орындау бойынша іс-шаралар жоспары

    Ордабасы ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

    УЧАСКЕЛІКСАЙЛАУКОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА №450 Учаскелік сайлау комиссиясы Комиссия төрағасы – Стаева Айсара Нуржигитовна Төраға орынбасары – Оңғар Нұрғиса Әбдікерімұлы Комиссия хатшысы– Үтмаханбет Нұржан Тол...

    Ордабасы ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    Ордабасы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері:

    Ордабасы аудандық аумақтықсайлаукомиссиясының орналасқан жері: Темірлан ауылы, Қажымұхан көшесі №219 үй Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ғимараты. Тел 8/72530/2-14-98 8-705-324-24-04 ОРДАБАСЫ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚСАЙ...

    Ордабасы ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    Ордабасы ауданы Қарақұм ауыл округі әкімі сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

    Ордабасы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 5 тамыздағы №9 қаулысына қосымша Ордабасы ауданы Қарақұм ауыл округі әкімі сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары Қарақ...

    Ордабасы ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    Қарақұм сайлау округі мен оның шекарасы және Ордабасы аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері туралы ақпарат

    Ордабасы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 5 тамыз №8 қаулысына №1 қосымша. Қарақұм сайлау округі мен оның шекарасы және Ордабасы аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері туралы ақпарат Ордабасы ау...

    Ордабасы ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Қаулы

    Ордабасы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ҚАУЛЫСЫ

    Ордабасыаудандық аумақтық сайлау комиссиясының ҚАУЛЫСЫ №8 05 тамыз 2026 жыл. Ордабасыауданының Қарақұм ауылдық округіәкімісайлауын тағайындау туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикас...

    Ордабасы ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Қаулы

    Ордабасы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ҚАУЛЫСЫ

    Ордабасы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ҚАУЛЫСЫ №10 5 тамыз 2026 жыл. Ордабасыауданы Қарақұмауылдық округіәкімін сайлау жөніндегі сайлау округін құру туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы...

    Ордабасы ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    Хабарландыру

    Хабарландыру (ҮЕҰ-на арналған сыйлықақы ұсыну конкурсына қатысты) Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) 2026 жылғы 1 шілдеден бастап Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйл...

    Ордабасы ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды: