««Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының жер учаскесіне жария сервитут белгілеу туралы.
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 67 және 69-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының өтініші мен ұсынылған материалдарын қарап,:
- «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласы, Кенесары Қасымов көшесі мекенжайында, Ерейментау қаласының жерлері аумағында орналасқан жалпы ауданы 0,0150 га жер учаскесінде жылу желілерін орналастыру және пайдалану үшін 5 (бес) жыл мерзімге жария сервитут белгіленсін.
- Жер учаскесінің нысаналы мақсаты: «Жылу желілеріне қызмет көрсету үшін».
- «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын қатаң сақтасын.