«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің Николаевка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

    Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің Николаевка ауылдық округі әкімінің аппараты

    «Солтүстік Қазақстаноблысы Есіл ауданы әкімдігінің Николаевка ауылдық округі әкімінің аппараты»КММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

    «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің Николаевка ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» Николаевка ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 8 маусымдағы № 25-ө/нқ өкімінің негізінде «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің Николаевка ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

    Талданатын кезең 2025 жылғы 30 шілдеден 2026 жылғы 8 маусымға дейін.

    Талдау жүргізу кезеңі 2026 жылғы 8 маусымнан 7 шілдеге дейін 21 жұмыс күні.

    Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес мынадай бағыттар бойынша жұмыс жүргізілді:

    1. ӘКІМ АППАРАТЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАТЫСТЫ НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІ.

    Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Николаевка ауылдық округі әкімінің аппараты өз қызметін Есіл ауданы әкімдігінің қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілері, өзге де нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің Николаевка ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі негізінде жүзеге асырады Солтүстік Қазақстан облысы ауданының 2020 жылғы 5 қаңтардағы № 07, ауылдық округ әкімі аппаратының функциялары, ережеде айқындалған нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келеді.

    Ауылдық округ әкімінің аппараты өз қызметінде басшылыққа алатын негізгі нормативтік құқықтық актілер: «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі, Қазақстан Республикасының Жер кодексі, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі болып табылады,

    2025 жылдың талданатын кезеңінде Николаевка ауылдық округі әкімі қабылдаған нормативтік құқықтық актілердің саны 80, 2065 жылы-39 (2025 жылы 60 өкім, 20 шешім, 2026 жылы 27 өкім, 12 шешім қабылданды).

    Ауылдық округ әкімі аппаратының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді талдау қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін олқылықтар мен нормалар анықталған жоқ.

    1. ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-БАСҚАРУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІ.
    2. Персоналды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысуы.

    «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің Николаевка ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес штат саны 3 бірлікті құрайды.

    Талдау барысында ауылдық округ әкімі аппаратындағы штат саны 3 бірлікті құрайды (ауылдық округ әкімі – 1 бірлік, бас маман – 2 бірлік). 2026 жылғы 31 мамырдан бастап бас маманның бір штаттық бірлігі бос тұр. Бұл белгілі бір қолайсыздықтар туындатып отыр, себебі өкілеттіктер мамандар арасында бөлінген.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы орындау үшін әкім аппаратының барлық әкімшілік қызметшілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылдады. Қаржылық бақылау шараларын жүзеге асыру мақсатында қызметшілер мен олардың жұбайлары Мемлекеттік кірістер басқармасына декларацияларды уақтылы тапсырды.

    «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес әкімшілік қызметкерлер арасында жақын туыстық қатынастар анықталған жоқ.

    Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

    1. Мүдделер қақтығысын реттеу.

    Талданатын объект қызметкерлерінің жеке істерін зерттеу барысында мүдделер қақтығысы фактісі анықталған жоқ.

    Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

    1. Мемлекеттік қызмет көрсету.

    3.1. Жер учаскесін алуға кезекке қою.Көрсету нысаны электрондық (ішінара автоматтандырылған).

    Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген «Жер учаскесін алуға кезекке қою» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес көрсетіледі.

    Өтінішті қабылдау және нәтижені беру «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

    Талданып отырған кезеңде қызмет көрсетуге өтініштер түскен жоқ.

    3.2. Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру.

    Электрондық (ішінара автоматтандырылған), қағаз түрінде көрсету нысаны.

    Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген «Кент, ауыл жерінен жер учаскесін беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес көрсетіледі.

    Өтініштерді қабылдау және нәтижені беру «Электрондық үкіметтің» веб-порталы және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы жүзеге асырылады.

    Талдау кезеңінде 1 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

    3.3. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру. Электрондық (ішінара автоматтандырылған), қағаз түрінде көрсету нысаны.

    Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес көрсетіледі.

    Өтініштерді қабылдау және нәтижені беру «Электрондық үкіметтің» веб-порталы және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы жүзеге асырылады.

    Талдау кезеңінде 1 мемлекеттік қызмет көрсетілді..

    3.4. Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу. Электрондық (ішінара автоматтандырылған), қағаз түрінде көрсету нысаны.

    Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу» Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес көрсетіледі.

    Өтініштерді қабылдау және нәтижені беру «Электрондық үкіметтің» веб-порталы және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы жүзеге асырылады.

    Талдау кезеңінде 2 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

    3.5. Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы бөліп-бөліп сату. Электрондық (ішінара автоматтандырылған), қағаз түрінде көрсету нысаны.

    Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген «Жер учаскесін жеке меншікке бір рет бөліп-бөліп сату» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес көрсетіледі.

    Өтінішті қабылдау және нәтижені беру ауылдық округ әкімдігіне немесе «Электрондық үкіметтің» веб-порталына жүгіну арқылы жүзеге асырылады.

    Талданып отырған кезеңде қызмет көрсетуге өтініштер түскен жоқ.

    3.6 Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту.
    Көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған, қағаз түрінде).

    Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген «Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп-бөліп төлеу арқылы сату» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына сәйкес көрсетіледі.

    Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру ауылдық округі әкімдігіне жүгіну арқылы немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

    Талдау кезеңінде аталған мемлекеттік қызмет бойынша өтініштер келіп түскен жоқ.

    Барлық мемлекеттік қызметтер бекітілген қағидаларға сәйкес көрсетіледі.

    Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

    1. Ауылдық округ әкімінің аппаратына келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері.

    Жеке және заңды тұлғалардың өкілдерімен жұмыс істеу кезінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік іс жүргізу кодексінің талаптары сақталады.

    Ауылдық округ әкімінің аппаратына келіп түскен өтініштер уақтылы тіркеліп, «Е-otinish» электрондық базасына енгізіледі. Ауылдық округ әкімі азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес жеке қабылдау жүргізеді. Қабылдау кестесі тоқсан сайын ауылдық округ әкімінің өкімімен бекітіледі, Николаевка ауылдық округі әкімінің сайтіне орналастырылады және жергілікті баспа басылымдарында ( Есіл таңы және Есіл газеттері) жарияланады.

    Жүргізілген талдау кезеңінде 2025 жылы жеке тұлғалардан 11 өтініш және заңды тұлғадан 1 өтініш келіп түсті. Оның ішінде 3-і жазбаша өтініш, 9-ы жеке қабылдау барысында түскен. Жүргізілген талдау кезеңінде 2026 жылы жеке тұлғалардан 6 өтініш келіп түсті, оның ішінде 3-і жазбаша өтініш және 3-і жеке қабылдау барысында түскен.

    Аппаратқа ауылдық округі әкімінің атына келіп түскен өтініштер келесі мәселелерге қатысты болды: тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері – 5, сот орындаушыларының сұраныстары – 3, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері – 4, өзге мәселелер – 6.

    Келіп түскен барлық өтініштер бойынша шешімдер қабылданып, түсініктемелер берілді. Барлық өтініштер түсіндірілді және қанағаттандырылды

    Өтініштерді қарау мерзімдерін бұзу фактілері анықталған жоқ.

    1. 5. Прокурорлық ден қою актілері

    Талданып отырған кезеңде прокурорлық ден қою актілері ауылдық округ әкімі аппаратының атына түскен жоқ.

    1. 6 . Талап-арыз қызметі

    Талданып отырған кезеңде ауылдық округ әкімінің аппараты талап-арыз жұмыстарын жүргізген жоқ.

    1. Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланымдар:

    Ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлеріне қатысты бұқаралық ақпарат құралдарында теріс жарияланымдар фактілері жоқ.

    Жүктеу
    617c0865bbd7c22fc78f30acd0801d25_original.782806.pdf
    PDF · 764 КБ
    Жүктеу