Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 25.08.2023 жылғы № 433 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 33345 болып тіркелген) «Бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидаларына» сәйкес жергілікті қаражат есебінен білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарын беру бойынша конкурсы жариялайды.
Жергілікті бюджет есебінен білім алу процесінде босаған білім беру гранттары (бұдан әрі – босаған гранттар) білім беру бағдарламаларының топтары бойынша ақылы негізде білім алушыларға конкурстық негізде беріледі.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар ұсынған білім алушылар арасында білім беру бағдарламаларының топтары, курс бөлінісінде, бүкіл оқу кезеңінде GPA орташа балы негізінде аралық аттестаттау нәтижесі бойынша өткізіледі.
Конкурс ұйымдастырушысы: «Жамбыл облысы әкімдігінің білім
басқармасы».
Құжаттарды жолдау мерзімі: 15 - 21 шілде, 2026 жыл
Конкурс өтетін уақыты: 20 тамызға дейін, 2026 жыл
Конкурсқа қатысу үшін тапсырылатын құжаттар:
- ҰБТ немесе КТ нәтижелері;
- Комиссия төрағасының атына өзінің GPA балын ашық қолжетімді болатындай жариялауға келісімін көрсете отырып, одан әрі жоғары білім беру гранты бойынша оқуға өтініші;
- Білім алушының транскрипті;
- Жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесі.
Құжаттар жолданатын мекен-жай:
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Төле би көшесі, 35, 303-кабинет. Байланыс телефоны: 8(7262) 438814
Электронды почта: [email protected]