2025 жылғы 21 мамыр мен 2026 жылғы 30 маусым аралығындағы кезең бойынша Қаратал ауылдық округі әкімінің аппараты коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері туралы аналитикалық анықтама.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі 2021 жылғы 7 сәуірдегі әдістемелік ұсынымдармен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына және Қаратал ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 25 мамырдағы өкіміне сәйкес №6. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісі "Қаратал ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметі болып табылады
«Қаратал ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ «Қаратал ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
- Персоналды басқару: 2026 жылға арналған штаттық кестеге сәйкес ауылдық округі әкімі аппаратының штат саны 3 қызметкерді құрайды.Персоналды басқару бойынша жүргізілген талдау барысында 2025 жылғы 21 мамыр мен 2026 жылғы 30 маусым аралығында:жұмысқа қабылданғандар саны – 2 адам, жұмыстан босатылғандар саны – 1 адам екені анықталды.
Талданған кезеңде «Қаратал ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері тіркелген жоқ
. 2. Мүдделер қақтығысын реттеу «Қаратал ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері атқарып отырған лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келеді. Талдау объектісі қызметкерлерінің жеке істерін зерделеу барысында мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ
Көрсетілген кезеңде ауылдық округ әкімі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалында ауылдық округ әкімдерін қайта даярлау бағдарламасы бойынша қайта даярлау курсынан өтті
Ұсыным: мүдделер қақтығысына жол бермеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау мақсатында 2026 жылға арналған құқықтық оқыту (жалпы оқу) жоспарына түсіндіру іс-шараларын енгізу.
- Мемлекеттік қызметтер көрсету Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес «Қаратал ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мынадай түрлерін көрсетеді: Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру; Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру; Мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін құқықтарды беру; Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы төлеммен немесе бөліп төлеу арқылы сату; Жер учаскесін алу үшін кезекке қою . Барлық мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарында әрбір мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі нақты регламенттелген.
Ұсыным: мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мерзімдерінің сақталуына бақылауды күшейту.
- Рұқсат беру функцияларын іске асыру«Қаратал ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өкілеттіктеріне рұқсат беру функциялары кірмейді.
- Бақылау функцияларын іске асыру«Қаратал ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне жүктелген өкілеттіктерге сәйкес бақылау функцияларын жүзеге асырмайды.
6.Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелер. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Өтініштерді қабылдау, тіркеу, қарау және оларға жауаптарды дайындау «e-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы жүргізіледі. Өтініштерді қарау мерзімдері сақталады, заңнамада белгіленген өтініштерді қарау мерзімдерін бұзу фактілері анықталған жоқ.Ауылдық округ әкімі бекітілген қабылдау кестесіне сәйкес азаматтарды жеке қабылдауды тұрақты түрде жүргізеді. Азаматтарды қабылдау кестесін бекіту туралы өкім тоқсан сайын шығарылады.Талданып отырған кезеңде ауылдық округ әкімі аппаратына өтініштер келіп түскен жоқ.Ауылдық округ әкімі аппаратында баршаға қолжетімді, көрнекі жерде азаматтарды қабылдау кестесі және Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің мәтіні орналастырылған. «Қаратал ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметі бойынша ұсыныстарға арналған жәшік орнатылған.Талданып отырған кезеңде шағымдар келіп түскен жоқ.
Ұсыныс: жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар өкілдерінің өтініштерін қарау мерзімдерінің сақталуына бақылауды күшейту.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау барысында ауылдық округ әкімі аппараты тарапынан ақпараттық ашықтықты қамтамасыз ету және бюджет қаражатын жұмсауға қатысты қабылданған шешімдерді іске асыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқаныанықталды.Бюджет қаражатының ашық әрі тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету мақсатында, заңнамаға сәйкес ауылдық округ үшін жұмыстарды, тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізуге бөлінген қаражат бойынша мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары бекітіліп, ол веб-порталда орналастырылды.Осыған байланысты барлық мемлекеттік сатып алулар бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.Мемлекеттік сатып алуды өткізу барысында бұзушылықтар анықталған жоқ. «Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 5-бабының 4-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар айына бір рет енгізіледі. Талданып отырған кезеңде барлығы 11 шарт жасалды, оның ішінде тікелей шарт жасасу тәсілімен – 7 шарт, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен – 4 шарт, ашық конкурс тәсілімен – 1 шарт жасалды.» «Шарттарға белгіленген мерзімде қол қойылып, олар толық көлемде орындалды.» «Ішкі талдау нәтижесінде мемлекеттік орган басшысының жақын туыстары, жұбайы немесе жекжаттары болып табылатын әлеуетті өнім берушілердің өткізілетін мемлекеттік сатып алуларға қатысу фактілері анықталған жоқ. Мемлекеттік сатып алулар мемлекеттік сатып алуға пайдаланылатын қаражатты тиімді және оңтайлы жұмсау, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу процесінің жариялылығы мен ашықтығы қағидаттары негізінде жүзеге асырылады. Әр тоқсан сайын бас маман-бухгалтер аудандық экономика және қаржы бөліміне бюджет қаражатының жұмсалуы туралы есеп береді.»
Ұсыныс: мемлекеттік сатып алуды өткізу мерзімдерінің сақталуына бақылауды күшейту.
Жұмыс тобының жетекшісі _______________ Серғазина У.А.
Жұмыс тобының мүшесілер: ________________ Айдарбекова А.Е.
________________ Жақсыбаева К.А.