Алматы облысы әкімдігінің 2026 жылғы 15 маусымдағы №132 «Алматы облысының коммуналдық меншігінің кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қазсушар» РМК-ның «Алатау» филиалының барлық мүлкі одан әрі пайдалану және сумен жабдықтау қызметтерін көрсету мақсатында «Alatau Public Utilities» ЖШС-нің теңгеріміне берілді.
Осыған байланысты, 2026 жылғы 19 маусымнан бастап Іле ауданының Ақши ауылында сумен жабдықтау қызметін көрсетуші болып «Alatau Public Utilities» ЖШС айқындалғанын хабарлаймыз.
Жеткізушінің деректемелері:
«Alatau Public Utilities» ЖШС
БСН: 231240010896
Мекенжайы: 040700, Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, Жансүгіров көшесі, 125Г.
Байланыс телефоны: +7 708 203 08 08
Байланыс тұлғасы: Камалбек А.Б.