Рухы биік, танымы терең өрендер арасында облыстық байқау өтеді!

    ·

    Өскелең ұрпақтың бойына рухани қазынамыз арқылы ұлттық құндылықтарды сіңіру, зерделі де парасатты тұлға қалыптастыру, сөйлеу мәдениетін жетілдіріп, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында дода ұйымдастырылады.

    Қарағанды облысының арнайы мектептері мен балаларды қолдау орталықтарының және жалпы білім беретін мектептердің жәдігер мұрамызды жадына тоқыған6-10 сынып оқушыларыарасында «Алпамыс батыр» жырын жатқа оқудан«Тұлпар мініп, ту алған!»атты облыстық байқауының басталғанын хабарлаймыз.

    Байқауға қатысуға ниетті оқушылар мен жетекші ұстаздарsaryarqa-jastary.kz сайтына өтіп,«Жобалар» — «Тұлпар мініп, ту алған!»бөлімінде тіркелуі және өтінімдерін жолдауы қажет.

    Маңызды мәлімет:Байқауға негіз болатын Сүлеймен Жаңбыршин нұсқасындағы«Алпамыс батыр» жырынжәне доданың толық Ережесін жоғарыда көрсетілген сілтеме арқылы жүктеп ала аласыздар.

    Ұлттық рухты ұлықтап, сөз өнерін серік еткен барша талапкерлерді байқауға белсене қатысуға шақырамыз! Тұлпар мініп, ту алар шақ — бүгін!

    Жүктеу
    Ереже ЖББ мектеп арасында
    Ереже ЖББ мектеп арасында
    DOCX · 24 КБ
    Жүктеу
    Алпамыс батыр. Жаңбыршин нұсқасы
    Алпамыс батыр. Жаңбыршин нұсқасы
    DOCX · 51 КБ
    Жүктеу