Сұрақтар мен жауаптар

    ·

    МО

    Жиі қойылатын сұрақ

    Қысқа жауап

    Толық жауап

    НҚА сілтеме

    Кілт сөздер

    Мысалдар мен жағдаяттарды пайдалану

    1

    ҚР ҚМ МКҚД

    Жеке тұлғаның тіркелген (тұрғылықты) мекенжайы өзгерген жағдайда, салық төлеушінің тіркеу деректеріне өзгерістер енгізу үшін мемлекеттік кірістер органына жүгіну қажет пе?

    Жоқ, тұрғылықты жерінің өзгеруі туралы мәліметтер Жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер базасы арқылы тіркеуші органдардан мемлекеттік кірістер органдарына автоматты түрде келіп түседі.

    «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі сәйкестендiру нөмiрлерiн қалыптастыруды және сәйкестендiру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жүргізудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган болып табылады. Осыған байланысты жеке тұлғалардың электрондық тіркеліміне енгізілген мәліметтер мемлекеттік кірістер органдарына тіркеуші органдардан автоматты режимде Жеке тұлғалардың мемлекеттік базасы арқылы түседі.

    https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z070000223_

    «Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №223 Заңы

    Жеке тұлғалар туралы мәліметтер

    Мысалы:

    Жеке тұлғаның тіркелген (тұрғылықты) мекенжайы өзгерген жағдайда тіркеу деректеріне өзгерістер енгізу үшін мемлекеттік кірістер органдарына жүгіну талап етілмейді, себебі тұрғылықты жерінің өзгеруі туралы мәліметтер Ішкі істер министрлігінен Жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер базасы арқылы мемлекеттік кірістер органдарына автоматты түрде келіп түседі.

    2

    ҚР ҚМ МКҚД

    Дара кәсіпкердің қызметін тоқтату мәртебесін қайдан көруге болады?

    Дара кәсіпкердің қызметін тоқтату мәртебесін:
    1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің порталында ( https://portal.kgd.gov.kz) «Сервистер» – «Салық төлеушіні іздеу» бөлімінде.
    2) «Салық төлеушінің кабинеті» web-қосымшасында.
    3) «e-Salyq Business» немесе «e-Gov Business» мобильді қосымшаларында көруге болады.

    Дара кәсіпкердің қызметін тоқтату мәртебесін бірнеше тәсілмен көруге болады:
    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің порталында ( https://portal.kgd.gov.kz) «Сервистер» – «Салық төлеушіні іздеу» бөлімінде немесе https://portal.kgd.gov.kz/kaz/pages/info-services/find-taxpayer сілтемесі арқылы.
    «Салық төлеушінің кабинеті» (СТК) web-қосымшасында – қызметті тоқтату туралы берілген салықтық өтініштің ағымдағы мәртебесі көрсетіледі.
    e-Salyq Business немесе e-Gov Business мобильді қосымшаларында.

    https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2500037312

    «Салық төлеушілердің (салық агенттерінің) қызметін тарату, қайта ұйымдастыру және тоқтату кезінде салықтық міндеттемені орындаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2025 жылғы 31 қазандағы № 654 бұйрығы.

    Дара кәсіпкердің қызметін тоқтату

    Мысалы:
    Дара кәсіпкердің мәртебесін тексеру үшін Мемлекеттік кірістер комитетінің порталына ( https://portal.kgd.gov.kz) кіріп, «Сервистер» қойындысындағы «Салық төлеушіні іздеу» бөліміне өту қажет. Ашылмалы тізімнен «Дара кәсіпкер» санатын таңдап, дара кәсіпкердің ЖСН-ын енгізіп, «Іздеу» батырмасын басу қажет.

    3

    ҚР ҚМ МКҚД

    Қосылған құн салығын (ҚҚС) төлеуші болып табылатын заңды тұлғаны үш жыл ішінде тарату үшін қандай құжаттарды ұсыну қажет?

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 31 қазандағы №654 бұйрығына 1-қосымшада көрсетілген құжаттар

    «Салық төлеушілердің (салық агенттерінің) қызметін тарату, қайта ұйымдастыру және тоқтату кезінде салықтық міндеттемені орындаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 31 қазандағы №654 бұйрығына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салықтық тексеру жүргізу туралы салықтық өтініш;
    тарату жөніндегі салықтық есептілік.

    https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2500037312

    «Салық төлеушілердің (салық агенттерінің) қызметін тарату, қайта ұйымдастыру және тоқтату кезінде салықтық міндеттемені орындаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2025 жылғы 31 қазандағы № 654 бұйрығы.

    Заңды тұлғаны тарату

    Салық төлеушінің кабинетіне (СТК СӘИЖ) кіріп, авторландыру қажет. Басты мәзірден «Құжаттарды ұсыну» бөлімін таңдау керек. Іздеу жолына атауын енгізу немесе тізімнен «Салықтық тексеру жүргізу туралы салықтық өтінішті» таңдау қажет. Өтініш нысанын толтырып, мемлекеттік кірістер органына жіберу үшін электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) қол қою қажет.

    4

    ҚР ҚМ МКҚД

    Дара кәсіпкер қызметін оңайлатылған тәртіппен тоқтату кезінде қандай құжаттарды ұсыну қажет?

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 31 қазандағы №654 бұйрығына 4-қосымшада көрсетілген құжаттар

    «Салық төлеушілердің (салық агенттерінің) қызметін тарату, қайта ұйымдастыру және тоқтату кезінде салықтық міндеттемені орындаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 31 қазандағы №654 бұйрығына 6-қосымшаға сәйкес қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш;
    тарату жөніндегі салықтық есептілік;
    Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 111-бабында айқындалған тәртіппен бақылау-касса машинасын есептен шығару туралы салықтық өтініш.

    https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2500037312

    «Салық төлеушілердің (салық агенттерінің) қызметін тарату, қайта ұйымдастыру және тоқтату кезінде салықтық міндеттемені орындаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2025 жылғы 31 қазандағы № 654 бұйрығы.

    ДК қызметін тоқтату

    Қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішті ұсыну алгоритмі:

    Салық төлеушінің кабинетіне (СТК) кіріп, ЭЦҚ немесе Digital ID арқылы авторландыру қажет. Басты бетте «Құжатты ұсыну» батырмасын таңдау керек. Ұсынылған тізімнен «Қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішті» таңдап, «Негіздеме» бөлімінде «Е. Камералдық бақылау жүргізілместен оңайлатылған тәртіппен қызметін тоқтататын ДК» тармағын таңдау, одан әрі қажетті құжаттарды қоса тіркеу қажет. Салықтық өтінішті қалыптастырып, оған қол қою қажет.

    5

    ҚР ҚМ МКҚД

    Егер дара кәсіпкер мемлекеттік кірістер органында қағаз жеткізгіште тіркелген болса, дара кәсіпкер ретінде тіркелу туралы хабарлама мен талонды қалай алуға болады?

    Талон Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялау порталында ( https://elicense.kz) қолжетімді.

    2017 жылғы 1 қаңтардан бастап дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою өтініш беру тәртібінен хабарлама жасау тәртібіне ауыстырылды, оған сәйкес дара кәсіпкер (бірлескен дара кәсіпкерлік) ретінде мемлекеттік тіркеуден өту үшін жеке тұлға (бірлескен дара кәсіпкерліктің уәкілетті адамы) рұқсаттар және хабарламалар мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы не өзге де ақпараттандыру объектілері арқылы рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша хабарлама ұсынады.
    Хабарлама электрондық нысанда «электрондық үкіметтің» веб-порталы немесе өзге де ақпараттандыру объектілері (Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялау порталы ( https://elicense.kz), екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің E-Salyq Business мобильді қосымшасы) арқылы ұсынылады.
    Талон электрондық лицензиялау порталының жеке кабинетінде («Өтініштер мен алынған қызметтердің тарихы» → «Менің хабарламаларым» → «Хабарламалар» бөлімі) қолжетімді.

    https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1500000375

    Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ Кәсіпкерлік кодексі

    Талон

    Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялау порталына ( https://elicense.kz) кіріп, авторландыру қажет. «Жеке кабинет» бөліміне өтіп, «Өтініштер мен алынған қызметтердің тарихы» бөлімін таңдау керек. «Менің өтініштерім» бөлімінде «Хабарламалар» тармағын таңдап, «Мемлекеттік орган қабылдады» мәртебесін басу қажет. Осыдан кейін хабарламаны (орыс және қазақ тілдерінде) және талонды (орыс және қазақ тілдерінде) жүктеп алуға болады.

    6

    ҚР ҚМ МКҚД

    Декларацияны цифрлық сервис арқылы табыс ету кезде қателіктер орын алса, қайда жүгіну керек?

    Егер декларацияны табыс ету кезінде қате орын алса, қолдау қызметінің [email protected] электрондық поштасына немесе декларация табыс етілген жердегі мемлекеттік кірістер органына (МКО) жүгіне алады.

    МКО-ның цифрлық ресурстары арқылы салық есептілігі нысандарын (СЕН) толтыру және тапсыру бойынша техникалық проблемаларды шешу үшін СӘИЖ Салық төлеушінің кабинетін пайдаланушыларды техникалық қолдау қызметі (мекенжайы [email protected]) жұмыс жасайды.

    Проблема сипатталған өтінімді қөалыптастыру және оны көрсетілген Қолдау қызметінің мекенжайына жіберу қажет.

    Немесе салық төлеуші (салық агенті) проблеманы шешуге көмек алу үшін СЕН жіберілген жердегі МКО-ға хабарласа алады.

    https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15623157

    «Есептілікті жасау бойынша түсінік берілген салықтық есептіліктің нысандарын және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қарашадағы № 695 бұйрығы

    есептерді жіберу кезіндегі қате

    СЕН тапсыру кезіндегі қате

    Салық төлеуші кабинетінде СЕН тапсыру кезінде қателерді қалай жоюға болады

    ЖШС-да 2019 жылдың 2-ші тоқсанына Салық төлеушінің кабинеті арқылы қосымша 300.00 СЕН тапсыру кезінде «Есепті тапсырудың ескіру мерзімі аяқталды» қатесі шықты. Бұл қате МКО камералдық бақылаудың бұзушылықтарын жою туралы хабарламасын орындауға мүмкіндік бермейді.

    7

    ҚР ҚМ МКҚД

    Мен білместікпен салық есептілігінің нысанын басқа салық органына қате жібердім, есепті қалай түзете аламын?

    Қате ұсынылған салық есептілігі нысанын (СЕН) салық органына келесілерді ұсыну арқылы түзетуге болады:

    1) қосымша СЕН немесе

    2) СЕН-ді өзгерту әдісімен қайтарып алу туралы салықтық өтініш (2025 жылғы 18 шілдедегі ҚР жаңа Салық кодексі шеңберінде жаңа тетік енгізілгенге дейін уақытша).

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қарашадағы № 695 бұйрығымен бекітілген Салықтық есептілік нысандарын ұсыну қағидаларының 45-тармағына сәйкес, егер СЕН-де МКО кодын дұрыс көрсетілмесе, салық төлеуші (салық агенті) мұндай МКО-ға көрсетілген деректерді «минуспен» қосымша СЕН және дұрыс кодты көрсете отырып, қайта СЕН ұсынады.

    https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15623157

    «Есептілікті жасау бойынша түсінік берілген салықтық есептіліктің нысандарын және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қарашадағы № 695 бұйрығы

    есептілікті түзету

    СЕН-ді түзету

    есептілікті қайтарып алу

    СЕН-ді қайтарып алу

    СЕН-ді өзгерту әдісімен қайтарып алу

    ЖШС 2026 жылдың бірінші тоқсанына арналған 200.00 СЕН сомасын қателесіп 6202 МКБ салық органына жіберген, бірақ ол ЖШС салық тіркеу орны бойынша 6203 МКБ мекенжайына жіберілуі керек еді.

    Жүктеу
    вопросы и ответы
    DOCX · 32 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің бірлескен алқасы (№50)

    №50/19 шешім 2025 жылғы 4 маусым. Баэт ауылы (Ыстықкөл облысы) Жекелеген санаттағы тауарлардың кедендік декларациялануын талдау жүргізу, кешенді баяндаманың құрылымы және өзара іс-қимыл моделі жөніндегі ұсыныстар туралы....

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің бірлескен алқасы( №48)

    Шешім №48/6 2024 жылғы 28 қараша. Астана қ. Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес бақша ұсақтағышын сыныптау туралы. Шешім №48/7 2024 жылғы 28 қараша. Астан...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің бірлескен алқасы (№47/18)

    №47/18.1 Шешім 2024 жылғы 27 қыркүйек Нижний Новгород қаласы Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес бірмәнді сыныптау мақсатында «сплит-жүйелер» тауарларын с...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің бірлескен алқасы (№54/4)

    № 54/4.1 шешім 2026 жылғы 11 маусым Бурабай мекені (Қазақстан Республикасы) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес шыны талшықты торды сыныптау туралы. № 54/4...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Тауарларды сыныптау жөніндегі шешімдер жинағы

    Тауарларды сыныптау жөніндегі Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдері.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің бірлескен алқасы

    № 53/20 шешім 2026 жылғы 26 наурыз Бішкек қаласы Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес тағамдық қоспалар (омега-3 балық майы) өндірісіне арналған шикізатты с...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің бірлескен алқасы

    № 53/19 шешім 2026 жылғы 26 наурыз Бішкек қаласы Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес сымдар мен кабельдерге арналған жалғағыштар мен түйіспелі элементтерді...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің бірлескен алқасы

    № 53/18 шешім 2026 жылғы 26 наурыз Бішкек қаласы Какао және «шоколад» салмасы бар глазурьленген сүзбе сырғымаларын Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес сыны...

    Жарияланды: