Исатай ауданы бойынша 2026 жылдыңIIІ-тоқсанына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну үшін сұранысқа ие мамандықтар тізбесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37 баптарына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығымен бекітілген ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларының 6 тармағына сәйкес, Исатай ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Исатай ауданы бойынша 2026 жылдың IIІ-тоқсанына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну үшін сұранысқа ие мамандықтар тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы қабылданған күннен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Н.Мусин
Исатай ауданы әкімдігінің
2026 жылғы «___» __________ №____ қаулысына қосымша
Исатай ауданы бойынша 2026 жылдыңIIІ-тоқсанына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну үшін сұранысқа ие мамандықтар тізбесі
№ |
Мамандық атауы |
Әлеуметтік қолдау шарасы |
Мекеме атауы | |
Көтерме жәрдемақы |
Тұрғын үй сатып алуға және салуға бюджеттік несие | |||
Денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар | ||||
1 |
Анестизолог/ реаниматолог |
1 |
1 |
«Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Исатай аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК |
2 |
Невропатолог |
1 |
1 | |
3 |
Рентгенолог |
1 |
1 | |
Білім беру саласындағы мамандықтар | ||||
1 |
Математика пәні мұғалімі |
1 |
1 |
«Атырау облысы Білім беру басқармасының Исатай ауданы білім бөлімінің «Мектеп – гимназиясы» КММ |
2 |
Тарих пәні мұғалімі |
1 |
1 |
«Атырау облысы Білім беру басқармасының Исатай ауданы білім бөлімінің «Жалпы білім беретін Қызылүй негізгі мектебі» КММ |
3 |
Шет тілі пәні мұғалімі |
1 |
1 |
«Атырау облысы Білім беру басқармасының Исатай ауданы білім бөлімінің «Жалпы білім беретін Қызылүй негізгі мектебі» КММ |
4 |
Физика пәні мұғалімі |
1 |
1 |
«Атырау облысы Білім беру басқармасының Исатай ауданы білім бөлімінің «Мектеп – гимназиясы» КММ |
5 |
Информатика пәні мұғалімі |
1 |
1 |
«Атырау облысы Білім беру басқармасының Исатай ауданы білім бөлімінің «Жалпы білім беретін Қызылүй негізгі мектебі» КММ |
6 |
Терме пәні мұғалімі |
1 |
1 |
«Атырау облысы Білім беру басқармасының Исатай ауданы білім бөлімінің «Ш.Шәріпов атындағы балалар саз мектебі» КМҚК |
7 |
Логопед |
1 |
1 |
«Атырау облысы Білім беру басқармасының Исатай ауданы білім бөлімінің «Ф.Оңғарсынова атындағы орта мектеп» КММ |
8 |
Дефектолог |
1 |
1 |
«Атырау облысы Білім беру басқармасының Исатай ауданы білім бөлімінің «Аққыстау орта мектебі» КММ |
Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандықтар | ||||
1 |
Ветеринарлық фельдшер |
4 |
4 |
«Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының Исатай аудандық ветеринариялық стансасы» ШЖҚ КМК |
Мәдениет саласындағы мамандықтар | ||||
1 |
Көркемдік жетекші |
1 |
1 |
«Н.Үлкенбайұлы атындағы ауылдық мәдениет үйі» МКҚК |
Спорт саласындағы мамандықтар | ||||
1 |
Жаттықтырушы - оқытушы (Волейбол бөлімі) |
1 |
1 |
«Атырау облысы Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының «Жанбай балалар-жасөспірімдер спорт мектеб» КММ |
Әлеуметтік қамсыздандырусаласындағы мамандықтар | ||||
1 |
Дефектолог |
1 |
1 |
«Исатай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Жартылай күндізгі стационарлық үлгідегі ұйымының күндізгі болу бөлімшесі» КММ |
Барлығы |
18 |
18 | ||
*Қысқарған сөздер:
ММ - мемлекеттік мекеме;
КММ - коммуналдық мемлекеттік мекеме;
КМҚК - коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын;
ШЖҚ КМК - шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.