Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 2025 жылдың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері туралы талдамалық анықтама

    ·

    БЕКІТЕМІН

    «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ басшысы

    Д.К. Микишев

    «___»_________2026 жыл

    Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 2025 жылдың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері туралы талдамалық анықтама

    Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мақсатында «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» 2026 жылғы 18 мамырдағы №31-Ө бұйрық шығарылды.Период проведения анализа: с 12 по 29 мая 2026 года.

    Талданатын кезең: 2025 жылғы 1 мамырдан 2026 жылғы 1 мамырға дейін.

    Жұмыс тобының құрамына Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) бөлім басшылары мен мамандары енгізілді.

    Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 7 маусымдағы № А-7/262 қаулысымен бекітілген мемлекеттік мекеме туралы ережеге сәйкес Басқарма 47 функцияны жүзеге асырады.

    Басқарманың миссиясы – экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету, орман қорының ресурстық әлеуетін қалпына келтіруге, қорғауға, сақтауға, молықтыруға және Ақмола облысының қоршаған орта сапасын жақсартуға жағдай жасау.

    Басқарма қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау барысында төмендегілер анықталды.

    «Нормативтік құқықтық актілер» бағыты

    Талданатын кезеңде Басқарма 23 нормативтік құқықтық актіні (қаулыны) әзірледі. Осы бағыт бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

    «Персоналды басқару» бағыты

    Басқарманың штат саны – 20 бірлік.

    Талдау барысында мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.

    Талданатын кезеңде тәртіптік сипаттағы шараларды қолдану кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

    «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау» бағыты

    Талданатын кезеңде Басқармаға жеке және заңды тұлғалардан өтініштер келіп түсті.

    Басқарма лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) қатысты шағымдар түскен жоқ.

    Өтініштер мен оларға берілген жауаптарды зерделеу барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

    «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бағыты

    Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы 7 мемлекеттік қызмет көрсетеді:

    • II санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға әсер етуге экологиялық рұқсат беру;
    • жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын беру;
    • ағаш кесу билетін және орман билетін беру;
    • жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру;
    • балық шаруашылығы субъектілерінің инвестициялық салымдарды жүзеге асыру кезінде шеккен шығындарының бір бөлігін өтеуге субсидия беру;
    • акваөсіру (балық өсіру) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау;
    • тез өсетін ағаш және бұта тұқымдарының плантацияларын отырғызуға және өсіруге, сондай-ақ жекеменшік орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалған шығындардың бір бөлігін өтеуге субсидия беру.

    Мемлекеттік қызметтерді алушылардан көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына немесе оларды көрсету мерзімдерінің бұзылуына қатысты шағымдар түскен жоқ.

    1. Қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау«Балық шаруашылығы субъектілеріне инвестициялық субсидиялар беру кезінде құқықтық коллизияның болуы»

    Балық шаруашылығы субъектілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету және мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну саласына жүргізілген сыбайлас жемқорлық мониторингі барысында инвестициялық салымдарды жүзеге асыру кезінде балық шаруашылығы субъектісі шеккен шығындардың бір бөлігін өтеуге арналған субсидиялау қағидаларын қолдану кезінде құқықтық айқынсыздық анықталды.

    Субсидиялау қағидаларына сәйкес, электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін пайдаланбайтын шетелдік өнім берушіден жабдық сатып алынған жағдайда, шығындар салық органының белгісі қойылған тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішпен расталады. Сонымен қатар өтініш берушілер әкелінген жабдықтың құны туралы мәліметтерді қамтитын кедендік ресімдеу құжаттарын ұсынады.

    Сонымен бірге Қағидаларда шетел валютасына сатып алынған жабдықтың құнын есептеу тәртібін айқындайтын ережелер көзделмеген, сондай-ақ:

    • шығындар сомасын айқындау кезінде шетел валютасының қандай бағамы қолданылуға тиіс екендігі;
    • валюта бағамы қай күнге айқындалуға тиіс екендігі;
    • төлем бірнеше траншпен жүргізілген жағдайда жабдықтың құны қайта есептелуге тиіс пе;
    • жергілікті атқарушы органның салық және кедендік ресімдеу құжаттарымен расталған жабдықтың құнын өз бетінше түзетуге құқығы бар ма, деген мәселелер реттелмеген.

    Аталған нормалардың болмауы құқық қолдану тәжірибесінде әртүрлі түсіндіруге жол беріп, инвестициялық шығындар сомасын айқындаудың әртүрлі тәсілдерінің қалыптасуына себеп болады.

    Мәселен, балық шаруашылығы субъектілерінің бірінің өтінімін қарау барысында жабдықтың құны салық және кедендік ресімдеу құжаттарымен, оның ішінде тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішпен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарында тіркелген тауарларға арналған декларациямен расталған. Сонымен қатар қадағалау органы тексеру жүргізу барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төлемдер жүзеге асырылған күндердегі бағамын қолдана отырып, төленген сомаларды дербес қайта есептеу арқылы жабдықтың құнын айқындаудың өзге тәсілін қолданған.

    Нәтижесінде Қағидаларда импортталатын жабдықтың құнын айқындаудың бірыңғай тетігінің болмауы мемлекеттік органдардың бірдей нормаларды әртүрлі түсіндіруіне әкеліп, жүзеге асырылған субсидиялық төлемдердің негізсіз деп танылу қаупін туындатты.

    Аталған құқықтық айқынсыздық сыбайлас жемқорлық тәуекелі болып табылады, өйткені ол лауазымды адамдарға субсидия тағайындау немесе оны тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдау кезінде әртүрлі тәсілдерді қолдануға мүмкіндік береді, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен мемлекеттік қолдау алушылар арасында даулардың туындауына жағдай жасайды.

    Анықталған құқықтық коллизияны жою мақсатында шетел валютасына сатып алынатын жабдықтың құнын айқындаудың бірыңғай тәртібін, сондай-ақ субсидия мөлшерін есептеу кезінде қолданылатын валюта бағамының нақты көзін және оны қолдану күнін белгілей отырып, Субсидиялау қағидаларына өзгерістер енгізу жөнінде бастама көтеру орынды деп есептеледі.

    Ұсыным:

    Анықталған құқықтық коллизияны жою мақсатында шетел валютасына сатып алынатын жабдықтың құнын айқындаудың бірыңғай тәртібін, сондай-ақ субсидия мөлшерін есептеу кезінде қолданылатын валюта бағамының нақты көзін және оны қолдану күнін белгілей отырып, Субсидиялау қағидаларына өзгерістер енгізу жөнінде бастама көтеру.

    1. Персоналды басқаруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

    Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 29 наурыздағы №304 «Әкімшілік реформаны одан әрі жүргізудің кейбір шаралары туралы», 2021 жылғы 28 шілдедегі №633 «Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің штат саны лимиттерін оңтайландырудың кейбір мәселелері туралы» Жарлықтарына және Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 29 қарашадағы №А-11/614 қаулысына сәйкес, 2025 жылғы жағдай бойынша Басқарманың штат санының лимиті 20 бірлікті құрады.

    Басқарма қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тарту, сондай-ақ беделін түсіретін негіздер бойынша тәртіптік теріс қылықтар жасауы фактілері анықталған жоқ.

    Осы бағыт бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

    1. Мемлекеттік қызметтер көрсетуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

    Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы 7 мемлекеттік қызмет көрсетеді:

    • II санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға әсер етуге экологиялық рұқсат беру;
    • жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын беру;
    • ағаш кесу билетін және орман билетін беру;
    • жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру;
    • балық шаруашылығы субъектілерінің инвестициялық салымдарды жүзеге асыру кезінде шеккен шығындарының бір бөлігін өтеуге субсидия беру;
    • акваөсіру (балық өсіру) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау;
    • тез өсетін ағаш және бұта тұқымдарының плантацияларын отырғызуға және өсіруге, сондай-ақ жекеменшік орман питомниктерін құру мен дамытуға жұмсалған шығындардың бір бөлігін өтеуге субсидия беру.

    Барлық мемлекеттік қызметтер «Электрондық лицензиялау», «Субсидиялаудың бірыңғай платформасы» ақпараттық жүйелері және «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық форматта көрсетіледі. Өтініштерді қабылдау, тіркеу, қарау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру процестері автоматтандырылған.

    Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасындағы тікелей байланысты барынша азайтуға, құжаттарды тапсыру және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін алу кезінде жеке қарым-қатынас жасау қажеттілігін болдырмауға, рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ өтініштің қаралу мәртебесін нақты уақыт режимінде қадағалауға мүмкіндік береді.

    Есепті кезеңде мемлекеттік қызметтерді алушылардан мемлекеттік қызметтердің сапасына, оларды көрсету мерзімдерінің бұзылуына қатысты шағымдар, сондай-ақ Басқарма лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне шағымдану фактілері тіркелген жоқ.

    1. Рұқсат беру функцияларын жүзеге асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

    Ережеге сәйкес Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы рұқсат беру функцияларын жүзеге асырмайды.

    1. Бақылау функцияларын жүзеге асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

    Ережеге сәйкес Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бақылау функцияларын жүзеге асырмайды.

    1. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелерді іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

    2026 жылы Басқармаға жеке және заңды тұлғалардан 885 өтініш келіп түсті.

    Өтініштерді қарау мерзімдерінің бұзылу фактілері анықталған жоқ.

    Келіп түскен барлық өтініштерге берілген жауаптарда Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларына сәйкес өтініш берушінің қабылданған шешімге жоғары тұрған әкімшілік органға, лауазымды адамға әкімшілік тәртіппен немесе сот тәртібімен шағымдану құқығы міндетті түрде көрсетіледі.

    Жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын іске асыру кезінде олардың құқықтарының бұзылуына жол бермеу мақсатында барлық қызметкерлерге Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша тұрақты негізде оқыту жүргізу ұсынылады.

    1. Жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді анықтау

    Жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер анықталған жоқ.

    Жүктеу
    4aa9fea8cebbf6a422e596bf632fb65a_original.25242.docx
    DOCX · 25 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Басқа

    «Казахалтын» ЖШС ,жоспарланған қызметі туралы өтініші

    «Казахалтын» ЖШС ,жоспарланған қызметі туралы өтініші Атауы, мекен-жайы орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі туралы деректер, бірінші басшы, телефоны, электронды поштасының мекенжайы Қазақстан Республикасы, Ақмол...

    Жарияланды:
    Хаттама

    "RG Gold" ЖШС-нің хаттамасы Успено-юрьевка а.

    ПРОТОКОЛ https://youtu.be/-qqnGYjzG-s

    Жарияланды:
    Хабарландыру

    "ENKI PLUS" ЖШС Көкшетау қаласы, Солтүстік өнеркәсіп аймағы, 7-ші өту жолы, 4-үй мекенжайы бойынша керамикалық қатарлы кірпіш шығару бойынша өндірістік цехты пайдалану жұмыс жобасына "Ықтимал әсерлер туралы есеп" жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізеді.

    "ENKI PLUS" ЖШС Көкшетау қаласы, Солтүстік өнеркәсіп аймағы, 7-ші өту жолы, 4-үй мекенжайы бойынша керамикалық қатарлы кірпіш шығару бойынша өндірістік цехты пайдалану жұмыс жобасына "Ықтимал әсерлер туралы есеп" жобасы...

    Жарияланды:
    Хабарландыру

    «JAYSON Kazakhstan Mining» ЖШС «Ақмола облысында 2026 жылғы 4 ақпандағы №4043-EL лицензиясы бойынша алаңда қатты пайдалы қазбаларды барлау жоспары» жобасына ықпал етуге рұқсат беру үшін ашық жиын түріндегі қоғамдық тыңдаулар өткізілетіні туралы хабарлайды.

    «JAYSON Kazakhstan Mining» ЖШС «Ақмола облысында 2026 жылғы 4 ақпандағы №4043-EL лицензиясы бойынша алаңда қатты пайдалы қазбаларды барлау жоспары» жобасына ықпал етуге рұқсат беру үшін ашық жиын түріндегі қоғамдық тыңда...

    Жарияланды:
    Хабарландыру

    «JAYSON Kazakhstan Mining» ЖШС «Ақмола облысында 2026 жылғы 4 ақпандағы №4051-EL лицензиясы бойынша алаңда қатты пайдалы қазбаларды барлау жоспары» жобасына ықпал етуге рұқсат беру үшін ашық жиын түріндегі қоғамдық тыңдаулар өткізілетіні туралы хабарлайды.

    «JAYSON Kazakhstan Mining» ЖШС «Ақмола облысында 2026 жылғы 4 ақпандағы №4051-EL лицензиясы бойынша алаңда қатты пайдалы қазбаларды барлау жоспары» жобасына ықпал етуге рұқсат беру үшін ашық жиын түріндегі қоғамдық тыңда...

    Жарияланды:
    Хабарландыру

    "Қазақалтын" ЖШС әсер етуге экологиялық рұқсат алу үшін материалдар бойынша ашық жиналыс нысанында қоғамдық тыңдаулар өткізілетіні туралы хабарлайды

    «Қазахалтын» ЖШС-і үшін 2026 жылы 27 тамыз күні сағат 10:00 де Ақмола облысы, Степногорск қ.а., Ақсу кенті, Набиев көшесі 26, Әкімдік ғимаратында «Кварцитовые Горки» кен орнын жерасты тәсілімен игерудің тау-кен жұмыстары...

    Жарияланды:
    Хаттама

    "ДробСортКамень Inc" ЖШС-нің ҚТ хаттамасы Қырыққұдық а.

    ПРОТОКОЛ https://youtu.be/PdrZfATjan4

    Жарияланды:
    Хаттама

    «Agi Ltd» ЖК жария талқылау хаттамасы

    ПРОТОКОЛ

    Жарияланды: