Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына
1-қосымша
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырайтын лауазымдар тізбесі
«Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
№ |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырайтын лауазым |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін қамтитын лауазымдық өкілеттіктер |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
1 |
Жануарлар дүниесін қорғау бөлімінің бас маманы |
Балық шаруашылығы субъектісінің инвестициялық салымдар кезінде жұмсаған шығыстарының бір бөлігін өтеу жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсету |
Субсидиялау қағидаларында шетел валютасына сатып алынған импорттық жабдықтың құнын айқындаудың бірыңғай тәртібі (валюта бағамының көзі, оны қолдану күні, қайта есептеу тәртібі) белгіленбеген. Құқықтық айқынсыздық инвестициялық шығындар сомасын есептеудің әртүрлі тәсілдерін қолдануға мүмкіндік береді, бұл субсидияларды тағайындау немесе оларды беруден бас тарту кезінде шешімдерді субъективті қабылдауға жағдай жасап, сыбайлас жемқорлық көріністерінің туындау тәуекелін арттырады. |
Басқарма басшысы Д. Микишев