«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14, 44, 113-10-баптарына сәйкес және 2026 жылғы 12 шілдеде өткізілген Жалағаш ауданының Аққыр және М.Шәменов ауылдық округі әкімдерін сайлау жөніндегі дауыстарды санаудың нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссияларының қоса беріліп отырған хаттамалары негізінде Жалағаш аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Жалағаш ауданының Аққыр және М.Шәменов ауылдық округі әкімдерінің сайлауы өтті деп танылсын.
- Жалағаш ауданының Аққыр ауылдық округінің сайланған әкімі болып Алыбаев Жасұлан Тәңірбергенұлы есептелсін.
- Жалағаш ауданының М.Шәменов ауылдық округінің сайланған әкімі болып Есжанов Галымжан Сансызбаевич есептелсін.
- 2026 жылғы 12 шілдеде өткізілген Жалағаш ауданының Аққыр М.Шәменов ауылдық округі әкімдерін сайлаудың қорытындылары туралы хабар бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулының қосымшасына сай жариялансын.
Жалағаш аудандық сайлаукомиссиясының төрағасы Ш.Калыбаев
Жалағаш аудандық сайлаукомиссиясының хатшысы Д.Қожақұлова