Егіндікөл ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын
орналастыру үшін орындар белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен
кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Егіндікөл
ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Егіндікөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп, Егіндікөл ауданының аумағында кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Егіндікөл ауданының аумағында кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес берілсін.
3. Күші жойылды деп танылсын:
1) «Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы» Егіндікөл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 16 маусымдағы а-6/115 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4874 тіркелген) қаулысы;
2) «Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы»қмола облысы Егіндікөл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 16 маусымдағы а-6/115 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Егіндікөл ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 11 қарашадағы а-11/158 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 25180 тіркелген) қаулысы.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Егіндікөл ауданы әкімі аппаратының басшысы К.О. Смыққа жүктелсін.
5. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.