«Жамбыл облысы Жуалы ауданы
Қызыларық ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нің
2026 жылғы І-ІІ тоқсандарда Мемлекеттік қызметтеркөрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп
ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес Қызыларық ауылдық округі әкімінің аппараты 6 мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің түрін көрсетеді, бұл Тізілім бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жалпы санының 0,45%-ын құрайды.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 2026 жылдың I және ІІ-тоқсандарында іс-шаралар жүргізілді (әлеуметтік желіде тұрғындарға түсіндіру жұмыстары).
Сонымен қатар, сұранысқа ие болып табылатын «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» арқылы 2026 жылдың I тоқсанында 15 азамат, 2026 жылдың ІІ тоқсанында 17 азамат қажетті қызметтерді алып, қажеттіліктері қанағаттандырылды.
Есепті кезеңде (2026 жылдың 6 айы) мемлекеттік қызметтердің мерзімі бұзылып көрсетілгендері жоқ.
2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымданудың фактілері тіркелген жоқ.
Бұдан басқа, аудан әкімі аппаратының жауапты маманы тарапынан мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен негізгі ережелерін насихаттау және ақпараттық сүйемелдеужұмыстары жүргізіліп тұрады.
Облыстық, қалалық, аудандық деңгейлерде түсіндіру, оқыту және практикалық көмек үнемі жүргізіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері тұрақты бақылауда.