Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Қоғамдық кеңесінің және Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңесінің бірлескен отырысының № 2/33 ХАТТАМАСЫ

    Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі

    Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі

    Қоғамдық кеңесінің және Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңесінің бірлескен отырысының

    № 2/33 ХАТТАМАСЫ

    Тараз қаласы, Жамбыл облысы әкімдігінің ғимараты мәжіліс залы

    2026 жылы 19 маусым

    сағ 10:00

    Төрағалық етуші:

    ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Қоғамдық кеңесінің төрағасы – Г.Г. Шиповских

    Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңесінің төрағасы – Д.Д.Бықыбаев

    Қатысқандар: Қоғамдық кеңес мүшелері (тізімге сәйкес)

    1. Халықаралық волонтерлер жылы аясында өткізілетін іс-шаралар туралы

    (Т.Д.Зейденова)

    Қоғамдық кеңес ұсынады:

    1.1. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары Тоғжан Достиярқызы Зейденованың ақпараты назарға алынсын.

    • Азаматтық қоғам істері комитетіне:

    1) Халықаралық ынтымақтастықты, БҰҰ Еріктілері бағдарламасы ұйымымен серіктестікті нығайту;

    2) Ұлттық іс шаралар жоспарына сәйкес волонтерлік саланы тұрақты қолдау тетіктерін қалыптастыру;

    3) волонтерлік бастамалардың Тұрақты даму мақсаттарын іске асырудағы ықпалын арттыру;

    4) волонтерлік саласындағы шағын гранттар аясында іске асырылып жатқан іс-шараларды жариялау және ақпараттық сүйемелдеу жұмыстарын күшейту жөніндегі мүмкіндігін қарау.

    1. «Ұлттық цифрлық мұра» жобасын іске асыру туралы»

    (Н.Н.Сыздығалин)

    Қоғамдық кеңес ұсынады:

    2.1 Мәдениет және ақпарат министрлігінің Цифрлық трансформация және жобалық менеджмент департаменті директорының орынбасары Нұркен Нұрғалиұлы Сыздығалиннің ақпараты назарға алынсын.

    2.2 Цифрлық трансформация және жобалық менеджмент департаментіне:

    - Цифрлық трансформация аясында тарихи жадыны жүйелеуге, деректерді ұзақ мерзімге сақтауға және жасанды интеллект жүйелерінде дұрыс пайдалануға бағытталған «Ұлттық цифрлық мұра» порталын іске асыру;

    - мәдени және тарихи мұраның бірыңғай ақпараттық кеңістігін қалыптастыруға бағытталған ұлттық деңгейдегі цифрлық платформаның интеллектуалды қолжетімділігін қамтамасыз ету.

    2.3 «Ұлттық цифрлық мұра» жобасын республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруды және бюджеттен тыс көздерді тарту мүмкіндігін қарастыру.

    1. «Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің Ұлттық архив қорын цифрландыру туралы»

    (А.К.Курамысова)

    Қоғамдық кеңес ұсынады:

    3.1 Жамбыл облысы әкімдігінің цифрландыру және архивтер басқармасының архив бөлімінің басшысы Айнура Кенесқызы Курамысованың ақпараты назарға алынсын.

    3.2 Жамбыл облысы әкімдігінің цифрландыру және архивтер басқармасына:

    - Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің Ұлттық архив қорын цифрландыру жобасы аясында «Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві» (ҚБЭА) ақпараттық жүйесін дамыту арқлы архив құжаттарын цифрландыру жұмыстарын жүйелендіру;

    - Архивтердің материалдық - техникалық базасын жақсартуға қажетті қаржы көлемін облыстық бюджеттен қарастыру;

    - Архив саласын цифрлық трансформациялау бағытында ақпараттық жүйенің функционалдық мүмкіндіктерін кеңейту арқылы пайдаланушыларға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру.

    1. «Қазақстан Республикасының музей қорын қалыптастыру және күтіп ұстау қағидалары туралы»

    (С.Ж.Барлыбаев)

    Қоғамдық кеңес ұсынады:

    4.1 Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Сабит Жарасұлы Барлыбаевтың ақпараты назарға алынсын.

    4.2 Мәдениет комитетіне:

    - Қазақстан Республикасының музей қорын қалыптастыру жəне күтіп ұстау қағидаларының талаптарына сәйкес музейлер тиісті жұмыстарды жалғастырсын.

    1. «Жамбыл облысы музейлік этнографиясы мен материалдық емес мәдени мұра құндылықтарын сақтау, қорғауды дамытудың мәселелері туралы»

    (С.Қ.Қалиев)

    Қоғамдық кеңес ұсынады:

    5.1. Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру» дирекциясының директоры Сауран Қалиұлы Қалиевтің ақпараты назарға алынсын.

    5.2. Мәдениет комитетіне:

    - Жамбыл облысының тарихи-мәдени мұра объектілеріне ғылыми-реставрациялық жұмыстар жүргізуге құзіреті аясында қолдау көрсету мүмкіндігін қарастыру;

    1. Осы хаттаманың орындалуы бойынша ақпарат 2026 жылғы 20 тамызға дейін ұсынылсын.

    Төраға: Г. Шиповских

    Төраға: Д.Бықыбаев

    Хатшы: Ж.Орынбаева

    Жүктеу
    e60059705b1b0ce78366a65bd8f54543_original.29936.docx
    ПРОТОКОЛ № 2/33 совместного заседания Общественного совета Министерства культуры и информации Республики Казахстан и Общественного совета Жамбылской области
    DOCX · 29 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2026 жылға арналған жоспарының орындалу барысы, басым заңдардың жобаларын, сондай-ақ Президенттің, Президент Әкімшілігінің және Премьер-Министрдің тапсырмаларынан туындайтын заңдардың жобаларын дайындау, заңдар жобаларының Үкіметте және Парламентте өтуі туралы 2026 жылғы 28 шілдедегі жағдай бойынша ақпарат

    Конкурстар

    Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының бос лауазымына конкурс жариялайды

    Конкурстар

    Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының бос лауазымына конкурс жариялайды

    Конкурстар

    Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының бос лауазымына конкурс жариялайды

    Конкурстар

    Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

    Конкурстар

    Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Орал Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

    НҚА жобасы

    «Мемлекеттің ұсынылатын және (немесе) іске асырылатын жобалары мен бастамаларына халықтың кері байланысын жинау және бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 16 қаңтардағы № 17-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    Есеп

    Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдаманы іске асыру туралы есеп