Әкімшілік айыппұлды есепке жатқызу және қайтару

    ·

    Мемлекеттік кірістер органы уәкілетті органнан сомаларды қайтаруға және/немесе есепке жатқызуға қорытынды алған кезден бастап 5 жұмыс күні ішінде төлем тапсырмасын жасайды және қазынашылықтың аумақтық бөлімшелеріне жібереді.

    📌 Негіздеме құжат:

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 328 «Бюджеттің атқарылуын және оған кассалық қызмет көрсетуді, қазынашылық есепке алу мен мониторинг жүргізу рәсімдерін бекіту туралы» бұйрығы.

    📄 Уәкілетті орган 68-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорытынды жасап, түсімдерді қайтаруға және/немесе есепке жатқызуға төлем тапсырмасын қалыптастыру үшін оны мемлекеттік кірістер органдарына жібереді.

    ❗ Не істеу қажет?

    Бюджетке түсімдерді алуға жауапты уәкілетті органға төлем жасалған жері бойынша төлемді растайтын төлем құжатының көшірмесін қоса бере отырып, жазбаша өтінішпен жүгіну қажет.

    Төлеуші – заңды тұлғаның, жеке тұлғаның (жеке кәсіпкердің) қайтару және (немесе) есепке жатқызу туралы өтінішінде мынадай мәліметтер көрсетіледі:

    1. Өтініш берушінің атауы (заңды тұлғалар, құрылымдық бөлімшелер, филиалдар үшін) немесе тегі, аты және әкесінің аты (жеке тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, адвокаттар және жеке нотариустар үшін);
    2. Жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бейрезидент болған жағдайда көрсетеді), банктік сәйкестендіру коды, жеке сәйкестендіру коды (олар бар болған жағдайда);
    1. Өтініш берушінің мекенжайы;
    2. Жеке куәлігінің, төлқұжатының немесе оларды алмастыратын құжаттың нөмірі және оның кіммен берілгені (жеке тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, адвокаттар және жеке нотариустар үшін);
    3. Артық (қате) төленген сома түскен, уәкілетті органдар әкімшілік ететін түсімнің атауы;
    4. Қайтарылуға және (немесе) есепке жатқызылуға тиіс сома;
    5. Есепке жатқызылған жағдайда – бюджеттік сыныптаманың коды, артық (қате) төленген сома есепке жатқызылатын бюджетке түсетін түсімнің атауы, мемлекеттік кірістер органының бизнес-сәйкестендіру нөмірі және атауы;
    6. Бюджетке төленгені туралы төлем құжаттарының деректемелері – төлем құжатының нөмірі мен күні;
    7. Бюджетке іс жүзінде енгізілген сома;
    8. Банк шоттарына қайтарылған жағдайда – алушының банк шотының нөмірі және банктің немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның атауы, банктік сәйкестендіру коды, жеке сәйкестендіру коды.

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Борышкерді банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай (қозғамай) отырып, оны тарату туралы хабарландыру

    Жарияланды:
    Ақпарат

    қаржы менеджерлері ретінде тағайындалы мүмкін тұлғалардың тізімі

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Сот арқылы банкроттық рәсімі туралы хабарлау және кредиторлардың талаптарды қою тәртібі

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Сот арқылы банкроттық рәсімі туралы хабарлау және кредиторлардың талаптарды қою тәртібі

    Жарияланды:
    Ақпарат

    сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау және кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы хабарландыру

    Жарияланды:
    Ақпарат

    сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау және кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы хабарландыру

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Банкроттық рәсімінде кредиторлар жиналысын өткізу туралы хабар

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Борышкерді банкроттық деп тану және оны банкроттық рәсімін қозғаумен (қозғаусыз) тарату туралы хабарландыру және 2026 жылғы УП қолдану

    Жарияланды: