Ақтөбе қалалық мәслихатының ХАБАРЛАМАСЫ

    ·

    Ақтөбе қалалық аумақтық сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына мүшесін сайлау туралы

    Ақтөбе қалалық мәслихатының

    ХАБАРЛАМАСЫ

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі - Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Ақтөбе қалалық мәслихаты қалалық аумақтық сайлау комиссиясының құрамынан шығып қалған мүшесінің орнына комиссия мүшесін сайлау үдерісінің басталуы туралы хабарлайды.

    Аумақтық сайлау комиссиялары жеті мүшеден тұратын құрамда құрылады.

    Аумақтық сайлау комиссиясының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.

    Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

    Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

    Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

    Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылғы 13 шілдеден бастап 27 шілдені қоса алғанда сағат 18:00-гедейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:

    1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясының құрамына кандидатура туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;

    2) тиiстi сайлау комиссиясының құрамына кандидатты ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;

    3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

    4) кандидаттың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініші.

    Сайлау комиссиясының құрамына кандидатура туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттың өтініші мәслихат сайтында орналастырылған.

    Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.

    Аумақтық сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам аумақтық сайлау комиссиясы мүшесінің міндеттерін орындау үшін қажетті білім деңгейіне, жұмыс өтіліне және (немесе) жұмыс тәжірибесіне, кәсіби құзыреттеріне белгіленген, аумақтық сайлау комиссиясы мүшелерін бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес келуге, сондай-ақ «Сайлау комиссияларының мүшелерін қашықтықтан оқыту және тестілеу» Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында сайлау туралы заңнаманы білуге арналған тестілеуден кіші жүйе арқылы өткені туралы сертификаты болуға тиіс.

    Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.

    Сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

    Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.

    Сайлау комиссиясының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 28 шілдеге дейін дүйсенбі - жұма күндері 09:00-18:00 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін.

    Даржанова Анар Нұрлыбекқызы - Ақтөбе қалалық мәслихаттың төрағасы.

    Мәслихаттың орналасқан жері: Ақтөбе қаласы, Т. Ахтанов көшесі, 50 үй.

    Жауапты адам – Алиханова Анар Ернұрқызы, №57 кабинет, телефон нөмірі 8(7132) 41-64-07

    Электрондық пошта мекенжайы [email protected]

    Ақтөбе қаласының аумақтық сайлау комиссиясындағы бос орын туралы мәлімет:

    Комиссияның атауы

    Объектінің (орналастыру үй-жайының атауы)

    Комиссияның орналасқан жерінің мекенжайы

    Комиссия мүшелерінің саны

    Елді мекен

    Көше

    Үй

    1

    2

    3

    4

    5

    6

    7

    1

    Ақтөбе қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

    «Қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

    Ақтөбе қаласы

    Ы. Алтынсарин

    көшесі

    14В

    1

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Учаскелік сайлау комиссияларының мүшесінен шығып қалғандардың орнына мүшелерін сайлау туралы Ақтөбе қалалық мәслихатының ХАБАРЛАМАСЫ

    Учаскелік сайлау комиссияларының мүшесінен шығып қалғандардың орнына мүшелерін сайлау туралы Ақтөбе қалалық мәслихатының ХАБАРЛАМАСЫ Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңы...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Учаскелік сайлау комиссияларының мүшесінен шығып қалғандардың орнына мүшелерін сайлау туралы Ақтөбе қалалық мәслихатының ХАБАРЛАМАСЫ

    Учаскелік сайлау комиссияларының мүшесінен шығып қалғандардың орнына мүшелерін сайлау туралы Ақтөбе қалалық мәслихатының ХАБАРЛАМАСЫ Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңы...

    Жарияланды:
    Қорытынды

    Конкурстық комиссия шешімі

    Жарияланды: