" Ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою кезінде ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын айқындау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері: 1Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 3 (үш) жұмыс күні ішінде
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі: Көрсетілетін қызметті берушіге:
1) осы Тізбеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын айқындау туралы өтініш;
2) жеке куәлік не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін).
Өкіл жүгінген жағдайда – өкілдің жеке басын куәландыратын құжат, көрсетілетін қызметті алушыдан сенімхаттың немесе көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігін куәландыратын құжаттың көшірмесі не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) көрсетілетін қызметті алушының жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі және ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін ауыстырылатын ауыл шаруашылығы алқаптарының экспликациясы.
мемлекет жер учаскесіне құқық берген кезде:
ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін ауыстырылатын ауыл шаруашылығы алқаптарының экспликациясын көрсете отырып, жер комиссиясының оң қорытындысымен жер учаскесін таңдау актісі және шекараларының схемасы.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: Ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын айқындау актісі не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер 1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21366 болып тіркелген) бекітілген "Ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою кезінде ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын айқындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы.