ХАБАЛАНДЫРУ
«Гранит 2025» ЖШС «Валерьяновка-2» кен орны бойынша тау-кен жұмыстарының жоспарына экологиялық әсер етуге арналған рұқсат алу материалдары (шекті рұқсат етілген шығарындылар, қалдықтарды басқару бағдарламасы, өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары) бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізеді.
Әсер етуі мүмкін аумақ: Қостанай облысы, Бейімбет Майлин ауданы, Новоильинов ауылдық округі, Валерьяновка ауылы. Географиялық координаттары: 1. 52° 37′ 11.57″ с.е., 62° 31′ 32.71″ ш.б.; 2. 52° 37′ 11.19″ с.е., 62° 31′ 42.03″ ш.б.; 3. 52° 37′ 3.00″ с.е., 62° 31′ 46.91″ ш.б.; 4. 52° 37′ 0.01″ с.е., 62° 31′ 46.55″ ш.б.; 5. 52° 36′ 59.98″ с.е., 62° 31′ 32.65″ ш.б.
Қоғамдық тыңдаулар 2026 жылғы 14 тамызда сағат 15:00-де мына мекенжай бойынша өтеді: Қостанай облысы, Бейімбет Майлин ауданы, Новоильинов ауылдық округі, Валерьяновка ауылы, Валерьяновка негізгі орта мектебі (Мектеп көшесі, 36-үй). Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы қажет.
Сондай-ақ қоғамдық тыңдаулар Zoom платформасы арқылы онлайн бейнеконференция режимінде келесі сілтеме бойынша қолжетімді болады: https://zoom.us/j/3875309521?pwd=ZWZra1Q5MTV6V0ltSU9wZVZZTDZCZz09, конференция идентификаторы: 387 530 9521, қолжетімділік коды: uv3JD5.
Тапсырыс беруші (бастамашы): «ГРАНИТ 2025» ЖШС, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Узкоколейная көшесі, 35, пошталық индексі: 100000, БСН: 250240015937, директоры – Алоян Арпик Ониковна.
Жоба бойынша құжаттама https://ndbecology.gov.kz/ сайтында және Қостанай облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-tabigi-resurstar?lang=kk сайтында орналастырылған.
Ескертулер мен ұсыныстар https://ndbecology.gov.kz/ сайты арқылы, сондай-ақ [email protected] электрондық поштасы бойынша қабылданады.
Қосымша ақпаратты жоба әзірлеушісінен алуға болады: «РУДПРОЕКТ» ЖШС, Астана қаласы, Мағжан Жұмабаев көшесі, 8, БСН: 250940034592, e-mail: [email protected] , тел.: 8 707 980 35 26.