« Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес Сандықтау ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау «Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сандықтау ауданының әкімі С. Құдабай
«КЕЛІСІЛДІ»
Сандықтау аудандық
аумақтық сайлау
комиссиясы