Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау Министрінің
2013 жылғы 25 маусымдағы
№ 193 бұйрығына
2-қосымша
2025 жылғы
«Жітіқара ауданының Тоқтаров ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің
есебі
1. Жалпы ережелер.
1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер:
Мекеменің атауы: «Жітіқара ауданының Тоқтаров ауылдық округі әкімінің
аппараты» ММ
Орналасқан жері: Костанай обласы, Жітіқара ауданы, Тоқтаров ауылдық округі,
Тоқтаров ауылы, Школьная көшесі -15
байланыс телефоны: 8(714)3593342
электрондық пошта: [email protected]
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
Ауылдық округ әкімінің аппараты тікелей көрсетілетін қызметті беруші болып табылатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген Қағидаларға сәйкес көрсетілетін жер қатынастары саласына қатысты:
1. Жер учаскесін алу үшін кезекке қою;
2. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
3.Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;
4. Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру;
5. Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату;
6. Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту.
Әкім аппараты өтініштерді қабылдайтын және мемлекеттік қызмет нәтижелерін беретін мемлекеттік қызметтер -6
1. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде
азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар
мен түзетулер енгізу;
2. Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру;
3. Азаматтық хал актілері жазбаларын жою;
4.Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің
жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;
5.Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері
жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу.
7. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау;
8.Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж
азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау.
Өтініштерді қабылдау және «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 21 маусымдағы № 227 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығымен бекітілген Қағидаларға сәйкес көрсетіледі.
Азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы қызметтер Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 112 бұйрығымен бекітілген Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру қағидаларына сәйкес көрсетіледі. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне енгізілген өзгерістерге байланысты 2023 жылғы 01 шілдеден бастап АХАТ функциялары жергілікті атқарушы органдардан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ басқаруына берілді. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу жөніндегі қызметтерді мемлекеттік корпорация көрсетеді.
көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны - «е-лицензиялау» веб-порталы арқылы 1 қызмет көрсетілді және «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау», «Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» қызметтері бойынша өтініш қабылданды .
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны - өтініш түскен жағдайда, әкім аппараты қағаз нысанында «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша құжаттарды қабылдайды.
тегін және (немесе) ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны - әкім аппаратында барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі;
қағаз және (немесе) электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны – 1 қызмет электрондық нысанда көрсетілген.
мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің саны – 13.
3) Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау», «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау».
2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметте:
Жалпыға қолжетімді жерде мемлекеттік қызмет көрсету ережелері туралы ақпараттық стенд пен бұрыш қалыптастырылған. Жітіқара ауданы Тоқтаров ауылдық округі әкімі аппаратының ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат орналастырылған:
- Мемлекеттік қызмет көрсету ережесі;
- Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызмет есебі;
- Әкім аппараты көрсететін мемлекеттік қызметтердің тізбесі;
- Жарияланымдар;
- Көрсетілген қызметтер туралы ақпарат;
- Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыс графигі;
- Жер учаскелерін алған тұлғалардың тізімі;
- Жер телімдерін алуға кезекте тұрғандардың тізілімі;
- Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлғалардың тізімі.
2) Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат:
-
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар):
Көрсетілетін қызметті алушыларға олар жүгінген кезде электрондық қызметтерді алуға практикалық және консультациялық көмек көрсетіледі.
- Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпараттық жұмысты кеңейту, сондай-ақ электрондық көрсетілетін қызметтерді танымал ету мақсатында әкім аппаратының интернет-ресурсында ай сайын танымдық материал жарияланады:
- - «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызметін ұсынуды түсіндіру туралы;
- - Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелеріне шағымдану мүмкіндігі туралы;
- - e-license қызметіне қалай тіркелуге болады?;
- «eGov Mobile» электрондық үкіметтің мобильді қосымшасы;
- «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін түсіндіру;
- eGov.kz жүргізуші куәлігін алу қызметін жаңартты;
- Баланың тууын тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері
Көрсетілетін қызметті алушы мен көрсетілетін қызметті беруші арасындағы тікелей байланыс тәуекелі алынып тасталды.
Ақпараттық жүйелерді пайдалану кезінде мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін «қолмен» түзету мүмкіндігі жоқ.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар
Кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру мақсатында мемлекеттік қызметшілер өз бетінше білім алумен айналысады, округ әкімі жанындағы кеңестерде қызмет көрсету сапасы мәселелері қаралады, нормативтік құжаттарды зерделеу жүргізіледі. Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру кестесіне сәйкес маман «Ең алдымен - адамдар: мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырудың практикалық құралдары» тақырыбы бойынша оқытудан өтті.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру
Мемлекеттiк қызметтер көрсету процестерiн жетiлдiру, мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң тиiмдiлiгiн, сапасын және нәтижелiлiгiн арттыру мақсатында (мерзiмдi қысқарту, ағымдағы процестi өзгерту, қағаз құжат айналымын азайту және т.б.) мемлекеттiк қызметтер көрсету тәртiбiн айқындайтын нормативтiк-құқықтық актiлер зерделенедi.
1).
2).
3).
4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.
4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша)
Есептік кезеңде шағым түскен жоқ.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері
2025 жылғы ақпанда Жітіқара ауданы әкімдігінің мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау, олардың мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманы сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларын өткізді. Анықталған бұзушылықтар зерттелді. Мемлекеттік қызметті тіркеу мерзімінің бұзылу фактісі бақылауға алынды.
3)Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері
-
4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері -
5. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру
Әкім аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша одан әрі тиімді жұмысы үшін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануын арттыру мақсатында 2026 жылы:
- мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша заңнамаға енгізілген өзгерістер туралы халықты хабардар ету бойынша белсенді жұмысты жалғастыру;
- көрсетілетін қызметті алушылар арасында «Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі туралы түсіндіру жұмысын жандандыру;
- белгіленген мерзімдерді бұзбай, ережелерге сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мәселесін тұрақты бақылауда ұстауға;
- мемлекеттiк қызметтер көрсетудi жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзу.
- - Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты мамандарға біліктілікті арттыру курстарынан өту.