«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасына сәйкес мемлекеттік қызметшілерге жүргіліп жатқан түсіндірме жұмыстары аясында басқармада кезекті құқықтық оқыту жүргізілді. Жиынға басқарма қызметкерлері, онлайн форматта қалалық, аудандық білім бөлімдерінің басшылары мен қызметкерлері қатысты.
Әдеп жөніндегі уәкіл Бағдат Әбдіқадыр жаңа мәтіндегі «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді, қызметтік әдептілік нормаларын түсіндірді.
Сондай-ақ, қоғамда «Заң мен тәртіп» идеологемасын ілгерілетудің негізгі қағидаттары түсіндіріліп, құқық үстемдігі, құқықтық мәдениетті қалыптастыру бойынша ақпараттар берілді.