«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс туралы хабарландыру
Көкшетау қаласы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 14 - 15.07.2026
Эссе: 17.07.2026
Сұхбат: 22.07.2026
Анықтама телефоны: 87162297819
Е-R-3 санат үшін орташа лауазымдық жалақы: 282693
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
«Көкшетау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ ауыл шаруашылығы секторының меңгерушісі, «E-R-3» санаты
Функционалдық міндеттері:
ауыл шаруашылығы секторының жұмысын басқару және үйлестіру. Көкшетау қаласы аумағында агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік саясат пен бағдарламалардың орындалуын ұйымдастыру. Ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдау және саланы дамыту жөніндегі шараларды әзірлеу және енгізу. Ауыл шаруашылығының жай-күйіне талдау жүргізу, саланы жақсарту бойынша есептер, ұсынымдар мен ұсыныстар дайындау. Ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен, мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және мекемелермен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету. Ауыл шаруашылығы саласындағы заңнаманың сақталуын және басшылық тапсырмаларының орындалуын бақылау. Сектор қызметінің мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің, есептердің, қызметтік жазбалардың және өзге де құжаттамалардың жобаларын дайындауды қамтамасыз ету. Көкшетау қаласының аумағында ветеринария, жануарларды қорғау, қараусыз қалған жануарларды аулау және ұстау, ветеринариялық-профилактикалық және эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізу мәселелері бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды бақылау. Қараусыз қалған жануарларды аулауды, тасымалдауды, уақытша ұстауды және есепке алуды ұйымдастыруды бақылау. Қызметтік құжаттаманы жүргізу, қызмет мәселелері бойынша есептер, анықтамалар мен талдамалық материалдар дайындау, лауазым құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.
Білімі бойынша талап:
педагогикалық ғылымдар (биология) немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (биологиялық және сабақтас ғылымдар) немесе ауыл шаруашылығы және биоресурстар (агрономия немесе мал шаруашылығы немесе орман шаруашылығы немесе балық шаруашылығы немесе агроинженерия) немесе ветеринария (ветеринария) саласындажоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жұмыс өтілі бір жылдан кем емес
Шағым жасау тәртiбi
Конкурстың қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей беру уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдағанға дейін конкурсты тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.
https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.5441026605