Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Қызылқия ауылы округі, Қызылқия, Айнатас, Ынталы, Қызылсеңгір, Атажұрт елді мекендерінің шекараларын өзгерту және белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабының 1, 5-тармақтарына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Қазығұрт ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазығұрт аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Қызылқия ауыл округінің келесі елді мекендерінің шекаралары өзгертілсін және белгіленсін:
1) Қызылқия елді мекенінің шекараларына Қазығұрт ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 4,0 гектар жерлерді қосу арқылы, Қызылқия елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, жалпы ауданы 280,5434 гектар болып белгіленсін;
2) Айнатас елді мекенінің шекараларына Қазығұрт ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 3,0 гектар жерлерді қосу арқылы, Айнатас елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, жалпы ауданы 183,45 гектар болып белгіленсін;
3) Атажұрт елді мекенінің шекараларына Қазығұрт ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 11,34 гектар жерлерді қосу арқылы, Атажұрт елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, жалпы ауданы 94,33 гектар болып белгіленсін;
4) Ынталы елді мекенінің шекараларына Қазығұрт ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 4,0 гектар жерлерді қосу арқылы, Ынталы елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, жалпы ауданы 114,1804 гектар болып белгіленсін;
5) Қызылсеңгір елді мекенінің шекараларына Қазығұрт ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 6,0 гектар жерлерді қосу арқылы, Қызылсеңгір елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, жалпы ауданы 122,0692 гектар болып белгіленсін;
- Осы бірлескен Қазығұрт ауданы әкімдігінің қаулысы мен Қазығұрт аудандық мәслихатының шешімінің орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы бірлескен Қазығұрт ауданы әкімдігінің қаулысы мен Қазығұрт аудандық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі А.Исмаилов
Аудандықмәслихаттөрағасы |
Т.Калымбетов |