Қазақстан Республикасы халқының орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы (2026 жылғы I тоқсан)

    Шу ауданының әкімдігі

    Глоссарий

    Халықтың атаулы ақшалай табыстары (бағалау) - халықтың ағымдағы тұтынуға, өндірістік қызметке және жинақтауға бағыттайтын ақшалай қаражаты. Олардың шамасы макродеңгейдегі есептік әдіспен айқындалады, жалдамалы және дербес жұмыспен қамтудан халықтың ақшалай кірістерін бағалауды (еңбекақы төлеуді жасыруға және жұмыспен қамтылған халық санын статистикалық есептілікпен қамтымауға жете есептей отырып) және әлеуметтік трансферттер төлеуді қамтиды;

    Атаулы ақшалай табыстар индексі - базистік кезеңмен салыстырғанда есепті кезеңдегі атаулы ақшалай табыстардің өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш;

    Нақты ақшалай табыстар индексі - базистік кезеңмен салыстырғанда есепті кезеңдегі бағалардың өзгеруін ескере отырып, атаулы ақшалай табыстардың өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш;

    Жалдамалы жұмыспен қамтудан түсетін табыс - жалақы, көтермелеу төлемінің барлық түрлері, жалақыға үстемеақылар, жұмыскерлер жұмыс орны бойынша алатын алымдар, сыйақылар мен жәрдемақылар;

    Қызметкерлердің жалақысы (еңбекақы) қоры - ұйымдар есептеген жиынтық ақшалай қаражат, сондай-ақ салықтар мен басқа да ұстап қалуларды (табыс салығы) ескере отырып, қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу үшін ақшалай бірлікке аударылған заттай нысандағы қаражат (лауазымдық айлықақылар (тарифтік мөлшерлемелер), қосымша ақылар, үстемеақылар, сыйақылар, ынталандырушы және өтемдік сипаттағы төлемдер) міндетті зейнетақы жарналары), оларды қаржыландыру көзіне және нақты төлеу мерзіміне қарамастан;

    Өзін–өзі жұмыспен қамтудан түсетін табыс - өзін-өзі жұмыспен қамту негізінде тауарлар мен қызметтерді өндіруден алынатын ақшалай және заттай нысандағы табыс;

    Тұтыну бағаларының индексі (ТБИ) – халықтың жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлары мен қызметтерінің тіркелген себетіне бағалардың орташа деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш.

    Әдістемелік түсініктемелер

    Халықтың жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табыстары туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 214 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 қазанда № 14350 болып тіркелген, халықтың атаулы ақшалай табыстарын есептеу (бағалау) жөніндегі әдістемеге сәйкес ай сайынғы, тоқсан сайынғы және жылдық негізде қалыптастырылады.

    Жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табыс көрсеткішін есептеу макро деңгейде халықтың табысы – жалдамалы жұмыспен қамтудан түсетін табыстар (жалақы), дербес жұмыспен қамтудан түсетін табыстар, төленген әлеуметтік трансферттер, басқа да табыстар туралы барлық деректерді (статистикалық және әкімшілік) біріктіру жолымен жүзеге асырылады, өйткені есептеу бір адамға шаққанда жүргізіледі.

    Халықтың атаулы ақшалай табыстарын бағалау (бұдан әрі - ХААТ) жыл басынан бастап кезең ішінде тек Қазақстан Республикасы бойынша, ал тоқсан мен жыл ішінде-Қазақстан Республикасы мен өңірлер бойынша өспелі қорытындымен ай сайын жүргізіледі.

    Халықтың жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарын есептеу келесі негізгі кезеңдерді қамтиды:

    1) жалдану бойынша жұмыстан түскен атаулы ақшалай табыстарды есептеу;

    2) еңбек ақыны жасыруға жете есептеу коэффициентін есептеу;

    3) өз бетінше жұмыспен қамтылудан түскен атаулы ақшалай табыстарды есептеу;

    4) халыққа төленген ағымдағы трансферттерді есептеу;

    5) халықтың өзге де ақшалай табыстарын есептеу;

    6) жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарды есептеу;

    7) атаулы және нақты ақшалай табыстар индекстерін есептеу.

    Жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табысты есептеу

    ХААТ жалпы шамасы жалдамалы жұмыстан, өз бетінше жұмыспен қамтылудан түскен табыстарды, ағымдағы төленген трансферттерді және өзге де ақшалай табыстарды жиынтықтау жолымен анықталады.

    Жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыс мынадай формуламен анықталады:

    2026 жылғы I тоқсан

    Алғашқы статистикалық деректерді ұсыну мерзімінің әртүрлілігіне және жиынтық статистикалық деректер (ақпараттар) мен ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша алынған деректерді нақтылауға (түзетуге) сәйкес ай, тоқсан мен жылдық кезеңдерге халықтың атаулы және нақты ақшалай табыстарының жалпы мөлшерін алдын ала есептеу (бірінші бағалау) және қайта есептеу (екінші бағалау немесе нақтылау) жүргізіледі.

    Халықтың атаулы және нақты ақшалай табыстарын алдын ала есептеу жыл басынан бергі кезең үшін есептік кезеңнен кейінгі күнтізбелік 40-шы күні ай сайынғы және тоқсандық жиынтық статистикалық деректер (ақпараттар) және ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша алынған деректер негізінде, сондай-ақ сарапшылық бағалау мен есептеу (бағалау) кезінде болмаған статистикалық көрсеткіштерді есептеу негізінде жүзеге асырылады.

    Халықтың атаулы және нақты ақшалай табыстарын жыл басынан бергі кезеңге және жылға қайта есептеу (нақтыланған бағалау) жылдық жиынтық статистикалық деректер (ақпараттар) және ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша алынған жылдық деректер негізінде есепті кезеңнен кейінгі жылдың қыркүйегінде жүзеге асырылады.

    Атаулы ақшалай табыстың индексін есептеу.

    ХААТ серпінін бағалау үшін атаулы ақшалай табыстардың индексі есептеледі:

    2026 жылғы I тоқсан

    Нақты ақшалай табыстың индексін есептеу

    Нақты көріністе жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыс көрсеткішін есептеу тұтыну бағалары индексінің көмегімен жүргізіледі.

    Нақты көріністе жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысты есептеу ағымдағы көрсеткішті базистік кезеңнің салыстырмалы бағаларына келтіру әдісімен мына формула бойынша жүзеге асырылады:

    2026 жылғы I тоқсан
    Жүктеу
    25b54186b89cdfc34672516105f80873_original.16212.xlsx
    XLSX · 16 КБ
    Жүктеу
    d99f5887cb8e6aea93a21b3a3461c8e2_original.11811.xlsx
    XLSX · 12 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Кесте

    Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттығына тіркелген саяси партиялардың Шу ауданының сайлаушыларымен кездесу кестелері (2026 жылдың 24 шілде – 2026 жылдың 21 тамыз аралығы)

    ҚР Құрылтай сайлауы Саяси партия атауы шілде 24 жұма 27 дүйсенбі 28 сейсенбі 29 сәрсенбі 30 бейсенбі 31 жұма «Әділет» партиясы Ауылдық клуб Қонаев ауылы, Абылайхан көшесі №84 Сиымдылығы 200 орын Сағ:10-00 №40 орта мекте...

    Шу ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Құжат

    Сыбайлас жемқорлық

    Шу ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясында ЕҚЫҰ-ның ұзақ мерзімді байқаушыларымен кездесу өтті

    Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясында ЕҚЫҰ-ның ұзақ мерзімді байқаушыларымен кездесу өтті 2026 жылғы 20 шілдеде Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚ...

    Шу ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Барлық кандидаттар үшін үгіт-насихаттық баспа материалдарын орналастыру үшін белгіленген орындар туралы хабарлама

    Шу ауданы әкімінің 2026 жылғы 18 маусымдағы № 243 қаулысының 1 қосымшасы № Қала немесе ауылдық округтер атаулары № Кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орналасқан елді мекендер орындары...

    Шу ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Сайлаушылармен кездесу өткізу орындары

    Шу ауданы әкімінің 2026 жылғы 18 маусымдағы №243 қаулысына 2 қосымша № Қала немесе ауылдық округтер атаулары № Кандидаттар үшін сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар 1 Шу қаласы 1 Шу қ., Арқалы...

    Шу ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    БАҚ ЖӘНЕ ОНЛАЙН-ПЛАТФОРМАЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУШЫЛАР НАЗАРЫНА

    Шарттық негізде үгіт материалдарын орналастыру бойынша көрсетілетін қызметтер ақысы мен орналастыру шарттары туралы мәліметтерді жариялау және бұл туралы 2026 жылғы 18 шілдеден кешіктірмей Қазақстан Республикасы Орталық...

    Шу ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Онлайн сервис

    ХАБАРЛАМА 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Құрылтай депутаттарын сайлау бойынша Шу ауданы бойынша дауыс беру күні тіркеусіз жүрген азаматтарды тіркеу үшін осы мекен-жайға жүгінуге болады. №420 сайлау учаскесі, мекен-ж...

    Шу ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Шу ауданы бойынша учаскелік сайлау комиссияларының шекаралары мен орналасқан жерлері туралы

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-бабы 2-тармағына, «Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жы...

    Шу ауданының әкімдігіЖарияланды: