Анықтама «Павлодар аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша

    ·

    Анықтама

    «Павлодар аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша

    Павлодарқаласы07.07.2026жылғы

    Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті (бұдан әрі – Департамент) басшысының 2026 жылғы 23 маусымдағы № 23-36-1-03-142-ө «Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу туралы» бұйрығының негізінде жұмыс тобы 2025 жылғы 01 мамырдан 2026 жылғы 01 мамырға дейінгі кезең үшін «Павлодар аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ-де (бұдан әрі – Басқарма) жетекшілік ететін қызмет саласы бойынша тексеру жүргізді.

    Ауруханаішілік инфекцияларды бақылау бөлімі

    Тексерілетін кезеңде Басқарма біліктілік талаптарына сәйкестігіне 1 тексеру, 1 жоспардан тыс тексеру (прокуратураның талабы бойынша), сондай-ақ 30 тергеп-тексеру жүргізді.

    Жүргізілген талдау нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің фактілері анықталған жоқ.

    Білім беру және тәрбиелеу объектілерін бақылау

    Elicense.kz ақпараттық жүйесінің талдауына сәйкес, тексерілетін кезеңде білім беру және тәрбиелеу объектілерін бақылау бөлімі бойынша Басқарма 2 санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды берді, дәлелді бас тартулар берілген жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуы анықталған жоқ.

    Білім беру және тәрбиелеу объектілеріне тексерулер жүргізілген жоқ.

    Жүргізілген талдау нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің фактілері анықталған жоқ.

    Тамақтану объектілерін бақылау

    Тексерілетін кезеңде Басқарма біліктілік талаптарына сәйкестігіне тексерулер кестесіне сәйкес профилактикалық бақылау тізімі бойынша «Turkey PVL» ЖШС-не тексеру жоспарланып, жүргізілді. Профилактикалық бақылау тізімі бойынша өзге тексерулер жоспарланған жоқ. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізілген жоқ.

    2026 жылдың алғашқы 4 айында біліктілік талаптарына сәйкестігіне тексерулер кестесіне сәйкес тексерулер жоспарланған жоқ. «Turkey PVL» ЖШС-не жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болған бұзушылықтарды жоюды бақылау бойынша тексеру жүргізілді.

    Elicense.kz ақпараттық жүйесінің талдауына сәйкес, тексерілетін кезеңде тамақтану объектілерін бақылау бөлімі бойынша Басқарма 5 санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды берді, оның ішінде жоғары эпидемиялық маңызы бар объектілерге – 3, санитариялық-қорғау аймағын (СҚА) белгілеу жөніндегі жобалық құжаттамаға – 2. Дәлелді бас тартулар берілген жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуы анықталған жоқ.

    Материалдарды талдау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін көрсететін фактілер анықталған жоқ.

    Техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау

    Тексерілетін кезеңде басқарма мамандары бақылау сатып алуы шеңберінде тамақ өнімдерінің 95 сынамасын іріктеп алды, олардың ішінде зертханалық зерттеулер нәтижелері бойынша 7 сынаманың сәйкессіздігі анықталды. Анықталған бұзушылықтар бойынша жедел ден қоюдың 5 шарасы қолданылды.

    Жүргізілген талдау нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің фактілері анықталған жоқ.

    Коммуналдық объектілерді бақылау

    Elicense.kz ақпараттық жүйесінің талдауына сәйкес, тексерілетін кезеңде коммуналдық объектілерді бақылау бөлімі бойынша Басқарма санитариялық қорғау аймақтары (СҚА) жобаларына 12 санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды, объектінің сәйкестігі туралы 3 санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды берді, дәлелді бас тартулар берілген жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуы анықталған жоқ.

    Талдау барысында мыналар анықталды:

    2025 жылғы 28.08.2025 жылғы № KZ14VBZ00068379 санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы «Павлодар облысы Павлодар ауданы Богдановка ауылында орналасқан жерасты сумен жабдықтау көзінің санитариялық қорғау аймақтарын әзірлеу жобасы»:

    – сумен жабдықтау көзінің санитариялық қорғау аймағының бірінші белдеуінің мөлшері, жерасты суларының түрі (қорғалған, жеткіліксіз қорғалған) көрсетілмеген (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 20 ақпандағы №26 бұйрығының 1-бөлімі, 85-тармағы).

    2025 жылғы 11.08.2025 жылғы № KZ54VBZ00067659 санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы «Павлодар облысы Павлодар ауданы Айтым ауылында орналасқан жерасты сумен жабдықтау көзінің санитариялық қорғау аймақтарын әзірлеу жобасы»:

    – сумен жабдықтау көзінің санитариялық қорғау аймағының бірінші белдеуінің мөлшері, жерасты суларының түрі (қорғалған, жеткіліксіз қорғалған) көрсетілмеген (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 20 ақпандағы №26 бұйрығының 1-бөлімі, 85-тармағы).

    2025 жылғы 19.08.2025 жылғы № KZ64VBZ00067964 санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы «Павлодар облысы Павлодар ауданы Жаңа қала ауылында орналасқан жерасты сумен жабдықтау көзінің санитариялық қорғау аймақтарын әзірлеу жобасы»:

    – сумен жабдықтау көзінің санитариялық қорғау аймағының бірінші белдеуінің мөлшері, жерасты суларының түрі (қорғалған, жеткіліксіз қорғалған) көрсетілмеген (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 20 ақпандағы №26 бұйрығының 1-бөлімі, 85-тармағы).

    2025 жылғы 28.08.2025 жылғы № KZ84VBZ00068380 санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы «Павлодар облысы Павлодар ауданы Зангар ауылында орналасқан жерасты сумен жабдықтау көзінің санитариялық қорғау аймақтарын әзірлеу жобасы»:

    – сумен жабдықтау көзінің санитариялық қорғау аймағының бірінші белдеуінің мөлшері, жерасты суларының түрі (қорғалған, жеткіліксіз қорғалған) көрсетілмеген (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 20 ақпандағы №26 бұйрығының 1-бөлімі, 85-тармағы).

    2025 жылғы 15.08.2025 жылғы № KZ91VBZ00067866 санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы «Павлодар облысы Павлодар ауданы Қаракөл ауылында орналасқан жерасты сумен жабдықтау көзінің санитариялық қорғау аймақтарын әзірлеу жобасы»:

    – су көзіндегі судың сапасы туралы мәліметтер жоқ (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 20 ақпандағы №26 бұйрығының 6-бөлімі, 118-тармағының 1) тармақшасы).

    Санитарно-эпидемиологическое заключение № KZ91VBZ00067963 от 19.08.2025года «Проект разработки зон санитарной охраны подземного источника водоснабжения, расположенного в с.Сычевка Павлодарского района Павлодарской области»:

    – сумен жабдықтау көзінің санитариялық қорғау аймағының бірінші белдеуінің мөлшері, жерасты суларының түрі (қорғалған, жеткіліксіз қорғалған) көрсетілмеген (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 20 ақпандағы №26 бұйрығының 1-бөлімі, 85-тармағы).

    Санитариялық қорғау аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының сәйкестігін бағалау кезінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының 2023 жылғы 31.08.2023 жылғы №122-НҚ бұйрығымен бекітілген Әдістемелік ұсынымдар ескерілмеген.

    Құқықтық жұмыс бөлімі

    2025 жылғы 01 мамырдан 2026 жылғы 01 мамырға дейінгі кезеңдегі тексеру материалдарын зерделеу барысында, Басқарма ішінара ұсынған материалдар бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ.

    Әкімшілік істерді зерделеуге қатысты

    Тексерілетін кезеңде, 2025 жылғы 01 мамырдан 31 желтоқсанға дейін Павлодар қалалық басқармасымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы 7 іс қозғалып, жалпы сомасы 648 780 теңге мөлшерінде айыппұл салынған. Оның ішінде қысқартылған тәртіппен – 7 іс, жеке тұлғаларға қатысты – 6 іс, жалпы сомасы 235 920 теңге, лауазымды тұлғаларға қатысты – 0, жеке кәсіпкерлерге қатысты – 0, заңды тұлғаларға қатысты – 1 іс, жалпы сомасы 412 860 теңге.

    2026 жылғы 01 қаңтардан 01 мамырға дейін әкімшілік құқық бұзушылық туралы 4 іс қозғалып, жалпы сомасы 475 750 теңге мөлшерінде айыппұл салынған. Барлығы қысқартылған тәртіппен рәсімделген. Оның ішінде жеке тұлғаларға қатысты – 4 іс, жалпы сомасы 2 508 500 теңге, лауазымды тұлғаларға қатысты – 0, жеке кәсіпкерлерге қатысты – 0, заңды тұлғаларға қатысты – 0. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігі бойынша – 1 іс. Сотпен тоқтатылған.

    Барлық әкімшілік істер компьютер арқылы электрондық форматта рәсімделген.

    Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді зерделеу барысында төмендегілер анықталды:

    – № 265560450000003, № 265560450000004 істер бойынша электрондық хаттамалардан іс жүргізудің өзге қатысушылары ретінде маман ретінде тексеруді жүргізген Басқарма қызметкерлері тартылғаны анықталды, бұл Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 756-бабына қайшы келеді.

    – № 255560450000004, № 255560450000005, № 255560450000006, № 255560450000007, № 255560450000008, № 255560450000010, № 255560450000012 істер бойынша электрондық хаттамалардан іс жүргізудің өзге қатысушылары ретінде маман ретінде тексеруді жүргізген Басқарма қызметкерлері тартылғаны анықталды, бұл Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 756-бабына қайшы келеді.

    Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 756-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуге қатысу үшін маман ретінде істің нәтижесіне мүдделі емес, дәлелдемелерді жинауға, зерттеуге және бағалауға, сондай-ақ техникалық құралдарды қолдануға жәрдем көрсету үшін қажетті арнайы білімі мен дағдылары бар кез келген кәмелетке толған адам тағайындалуы мүмкін.

    Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді тексеру барысында біркелкі сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

    Атап айтқанда, 2025 жылғы 22 мамырдағы № 255560450000005 әкімшілік ісінде құқық бұзушылықтың фабуласында: «Дәрігерлік амбулаторияның медицина қызметкерлері тарапынан туберкулезді ерте анықтау бойынша қырағылықтың болмауы, 2009 жылы туған Зейнулгабиден Исламға 2024–2025 жылдардағы тамыз кезеңінде кеуде қуысы ағзаларына рентгенологиялық бақылау жүргізілмеген» деп көрсетілген, алайда Санитариялық қағидалардың немесе өзге де нормативтік құқықтық актілердің қандай тармақтары бұзылғаны көрсетілмеген.

    Осыған ұқсас кемшіліктер 2025 жылғы 24 қазандағы № 255560450000009, 2025 жылғы 30 қазандағы № 255560450000011, 2025 жылғы 07 қарашадағы № 255560450000012, 2026 жылғы 09 ақпандағы № 265560450000001, 2026 жылғы 13 наурыздағы № 265560450000002, 2026 жылғы 12 маусымдағы № 265560450000005 әкімшілік істерінде де анықталды.

    Сонымен қатар, тұлғалардың әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) әкімшілік құқық бұзушылық оқиғасының және құрамының бар немесе жоқ екендігі, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін маңызы бар өзге де мәселелерді шешу кезінде құқық бұзушылықтың жасалғанын растайтын тиісті құжаттардың және құқықтық актілердің қандай тармақтары бұзылғанының болуы қажет.

    Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 765-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша дәлелдемелер деп заңды түрде алынған нақты деректер танылады, олардың негізінде осы Кодексте белгіленген тәртіппен судья немесе іс жүргізуінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жатқан орган (лауазымды адам) әкімшілік құқық бұзушылық құрамының барлық белгілері бар әрекеттің болуы немесе болмауы, осы әрекеттің әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізіліп отырған адаммен жасалғаны немесе жасалмағаны, оның кінәлілігі немесе кінәсіздігі, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін маңызы бар өзге де мән-жайларды анықтайды.

    Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген нақты деректер әкімшілік жауаптылыққа тартылып отырған адамның түсініктемелерімен, жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен, сарапшының, маманның қорытындылары мен түсініктемелерімен, заттай дәлелдемелермен, өзге де құжаттармен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалармен және осы Кодексте көзделген іс жүргізу әрекеттерінің хаттамаларымен анықталады.

    Осылайша, іс мән-жайларын анықтау жөніндегі жұмыстың тиісінше жүргізілмеуі, уәждер мен дәлелдемелерге тиісті баға берілмеуі, сондай-ақ олардың құқықтық тұрғыдан жеткіліксіз бағалануы жеке тұлғаларды әкімшілік жауаптылыққа негізсіз тартуға себеп болады. Мұны әкімшілік іс жүргізу материалдарының жай-күйін тексеру және Басқарма ұсынған әкімшілік іс жүргізудің жай-күйі туралы статистикалық мәліметтер тікелей растайды, оған сәйкес салынған әкімшілік өндірістердің негізгі бөлігі жеке тұлғаларға тиесілі.

    Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 33-бабының 2-бөлігіне сәйкес, егер осы бөлімнің Ерекше бөлімінде көзделген әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) заңды тұлғаны басқару функцияларын жүзеге асыратын органмен, тұлғамен немесе жеке кәсіпкердің не заңды тұлғаның ұйымдық-өкімдік немесе әкімшілік-шаруашылық функцияларды орындайтын қызметкерімен жасалған, санкцияланған немесе мақұлданған болса, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауаптылыққа жатады.

    Бұдан басқа, істердің көпшілігінде әкімшілік жауаптылыққа тартылып отырған адамдарға олардың құқықтары мен міндеттерінің түсіндірілгенін растайтын құжаттардың жоқ екендігі анықталды, бұл заңнамада көзделген кепілдіктерді бұзады.

    Әкімшілік істерді жүргізу барысында анықталған бұзушылықтар шаблондық тәсілдің қолданылғанын және олардың жүйелі сипатқа ие екенін көрсетеді, бұл әрбір әкімшілік іске жеке көзқарастың жоқтығын растайды.

    Осылайша, жоғарыда көрсетілген барлық бұзушылықтар тексерілетін субъектілердің, сондай-ақ әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамдардың шағым жасауына, кейіннен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалардың заңсыз деп танылып, күшінің жойылуына, құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік іс жүргізудің тоқтатылуына әкеп соғуы мүмкін. Бұл әкімшілік жауаптылықтан жалтаруға және әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлғалардың мүдделерін қолдауға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің бірі болып табылады.

    Өтініштер бойынша бақылау

    Көрсетілген кезеңде, яғни 2025 жылғы 01.05-нен 2026 жылғы 01.05-не дейін Басқармаға «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы барлығы 21 өтініш келіп түсті. Оның ішінде қайта жолданғаны – 17, қайталанғаны – 4, өтініштер – 18, өзге (сұрау салулар) – 3, қаралғаны – 6.

    Қарау мерзімдері мен тоқтату рәсімі сақталған.

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің «Павлодар аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ-ге ұсынымдар:

    1.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі кейбір мәселелер туралы» бұйрығына сәйкес мемлекеттік қызметтердің сапалы көрсетілуін қамтамасыз ету.

    2.Санитариялық қорғау аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы жүргізуді, жоғары эпидемиялық маңызы бар объектілердің сәйкестігіне санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беруді 2023 жылғы 31 тамыздағы №122-НҚ «зиянды заттардың шекті жол берілетін шығарындылары мен шекті жол Жоғары эпидемиялық маңызы бар объектілердің және қоршаған ортаға берілетін төгінділері, физикалық факторлар, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғау аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарына сәйкестігін бағалау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» бұйрығын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 20 ақпандағы №26 ««Су көздеріне, шаруашылық-ауызсу мақсаттарына арналған су алу орындарына, шаруашылық-ауызсумен жабдықтауға, мәдени-тұрмыстық су пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» бұйрығын ескере отырып жүзеге асыру.

    3.жан-жақты жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында нормативтік құқықтық актілердің (санитариялық қорғау аймақтарын (СҚА) және санитариялық-қорғау аймақтарын (СҚА) белгілеу мен жайластыру мәселелерін реттейтін санитариялық қағидалардың) талаптарын тұрақты негізде зерделеу.

    4.Ұсынымдар бойынша анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеп, оны 2026 жылғы 10 шілдеге дейін Департаменттің персоналды басқару қызметіне ұсыну.

    5.Анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпаратты 2026 жылғы 01 тамызға дейін Департаменттің персоналды басқару қызметіне ұсыну.

    Жүктеу
    7d00f95a4f32fa829fdba9ea5573906b_original.38665.docx
    DOCX · 38 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Тергеу нәтижелері туралы ақпарат

    Тергеунәтижелерітуралыақпарат 1.Тексеруге негіз: 2026 жылғы 22 маусымдағы № 28 шұғыл хабарлама (диагнозы: A15.0); 2026 жылғы 22 маусымдағы № 29 шұғыл хабарлама (диагнозы: A16.0). 2.Тексеруді жүргізетін бақылау және қада...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Тергеу нәтижелері туралы ақпарат

    Тергеунәтижелерітуралыақпарат Тергеу жүргізудің негізі: А16.0 диагнозына 17.06.2026ж. келіп түскен шұғыл хабарлама. Тексеру жүргізген бақылау және қадағалау органы – «Павлодар қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақы...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Тергеу нәтижелері туралы ақпарат

    Тергеунәтижелерітуралыақпарат Тергеу жүргізудің негізі: А15.0 диагнозына 17.06.2026ж. келіп түскен шұғыл хабарлама. А15.0 диагнозына 07.07.2026ж. келіп түскен шұғыл хабарлама. Тексеру жүргізген бақылау және қадағалау о...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

    Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат 1.Тергеп-тексеру жүргізудің негізі 2026 жылғы 15 маусымдағы (сағ. 17:56) А23 жағдайына қатысты шұғыл хабарлама 2.Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы «Қ...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

    Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат 1.Тергеу жүргізудің негізі: Павлодар ауданының тұрғынында 30.06.2026 ж. №10 В35 диагнозы тіркелу бойынша шұғыл хабарлама 2.Тексеру жүргізген бақылау және қадағалау органы...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

    Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат 1.Тергеу жүргізудің негізі: Аққулы ауданының тұрғынында 08.07.2026 ж. №9 В35 диагнозы тіркелу бойынша шұғыл хабарлама 2.Тексеру жүргізген бақылау және қадағалау органы –...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

    Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат 1.Тергеу жүргізудің негізі: Аққулы ауданының тұрғындарында 08.07.2026 ж. №5, №6, №7 В86 диагнозы тіркелу бойынша шұғыл хабарламалар 2.Тексеру жүргізген бақылау және қадағ...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

    Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат 1.Тергеу жүргізудің негізі:2026 ж.17.06. шұғыл хабарлама, диагноз: А82.0 коды. 2.Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: -ҚР ДСМ СЭБК Павлодар облысының...

    Жарияланды: