Тауарларды кедендік қамтамасыз ету арқылы шығару Выпуск товаров под таможенное обеспечение

    Тауарларды кедендік қамтамасыз ету арқылы шығару Выпуск товаров под таможенное обеспечение

    Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында кедендік бақылаудың жекелеген рәсімдері аяқталғанға дейін, кедендік төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ұсынылған жағдайда, тауарларды шығаруға мүмкіндік көзделген. Аталған тәртіп кедендік бақылау шеңберінде құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеруді аяқтау қажет болған, алайда заңнамаға сәйкес тиісті қамтамасыз ету ұсынылған жағдайда тексеру аяқталғанға дейін тауарларды шығаруға жол берілетін жағдайларда қолданылады. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» кодексінің 96-бабына сәйкес кедендік әкелу баждары мен салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету тауарларды шығаруды жүзеге асыратын кеден органына ұсынылады.

    Заңнамада қамтамасыз етудің мынадай тәсілдері көзделген:

    • ақша қаражаты;
    • банктік кепілдік;
    • кепілгерлік;
    • мүлік кепілі;
    • сақтандыру шарты.

    Қамтамасыз ету ұсынылып, оны кеден органы тіркегеннен кейін, заңнамада белгіленген өзге де талаптар сақталған жағдайда тауарларды шығару жүзеге асырылады. Бұл ретте тауарларды шығару кедендік бақылаудың тоқтатылғанын білдірмейді. Тауарларды қамтамасыз ету арқылы шығаруға негіз болған мәселелер бойынша құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру заңнамада белгіленген тәртіппен жалғастырылады. Осылайша, тауарларды кедендік қамтамасыз ету арқылы шығару кеден заңнамасының талаптарын сақтау мен сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар жасаудың арасындағы теңгерімді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушы тиісті міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз еткен жағдайда жекелеген бақылау рәсімдері аяқталғанға дейін тауарларға билік ету мүмкіндігіне ие болады. Бұл ретте қамтамасыз етуді ұсыну декларантты қажетті құжаттар мен мәліметтерді ұсыну, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кеден органының талаптарын орындау міндетінен босатпайды.

    Таможенным законодательством Республики Казахстан предусмотрена возможность выпуска товаров до завершения отдельных процедур таможенного контроля при условии предоставления обеспечения исполнения обязанности по уплате таможенных платежей. Данный порядок применяется в случаях, когда в рамках таможенного контроля необходимо завершить проверку документов и (или) сведений, однако законодательством допускается выпуск товаров до завершения такой проверки при условии предоставления соответствующего обеспечения. В соответствии со статьей 96 Кодекса Республики Казахстан «О таможенном регулировании в Республике Казахстан» обеспечение исполнения обязанности по уплате таможенных пошлин и налогов предоставляется таможенному органу, осуществляющему выпуск товаров.

    Законодательством предусмотрены следующие способы обеспечения:

    • денежные средства;
    • банковская гарантия;
    • поручительство;
    • залог имущества;
    • договор страхования.

    После предоставления обеспечения и его регистрации таможенным органом, при соблюдении иных установленных законодательством условий, осуществляется выпуск товаров. При этом выпуск товаров не означает прекращение таможенного контроля. Проверка документов и (или) сведений по вопросам, послужившим основанием для выпуска товаров под обеспечение, продолжается в установленном законодательством порядке. Таким образом, выпуск товаров под таможенное обеспечение позволяет обеспечить баланс между соблюдением требований таможенного законодательства и созданием благоприятных условий для осуществления внешнеэкономической деятельности. Участник внешнеэкономической деятельности получает возможность распорядиться товарами до завершения отдельных контрольных процедур при условии надлежащего исполнения соответствующих обязательств. Важно отметить, что предоставление обеспечения не освобождает декларанта от обязанности представить необходимые документы и сведения, а также выполнить требования таможенного органа, предусмотренные законодательством Республики Казахстан.

    Следите за новостями@memleket_newsПодписывайтесь на Telegram-канал memleket.kz и будьте в курсе важных событий в Казахстане.Подписаться

    Похожие материалы

    Новости "Департамент государственных доходов по Алматинской области Комитета государственных доходов по Алматинской области Министерства финансов Республики Казахстан"