Еуропа лигасының L тобы аясындағы «Астана» «Манчестер Юнайтедтен» басым түсті

    Еуропа лигасының L тобы аясындағы «Астана» «Манчестер Юнайтедтен» басым түсті

    Бүгін Еуропа лигасының L тобы аясындағы 5-турда «Астана» «Манчестер Юнайтедтен» 2:1 есебімен басым түсті.

    Төреші ысқырығынан соң-ақ манчестерлік футболшылар ойын тізгінін қолға алды. Допқа бақылау орнатып, ұдайы шабуылдаумен болған қонақ команда 10-минутта есеп ашты. Гол авторы команда капитаны - Джесси Лингард.

    «Астана» ойыншыларында таразы басын теңестіретін бірнеше мүмкіндік болғанымен соңғы сәтте дәлдік жетіспей жатты.

    Ал екінші таймда Роман Григорчук шәкірттері ес жиып жүйелі ойын өрнегін көрсетті. Алдымен 55-минутта Дмитрий Шомко қарсылас қорғаушысының қателігін тиімді пайдаланып есепті теңестірді.

    Осыдан соң «Астана» футболшылары сенімді ойнай бастады. 62-минутта қарымта шабуыл кезінде Абзал Бейсебеков әуелете асырған доп қорғаушы Бернардқа тиіп қақпа торынан табылды.

    Матч соңына дейін сауатты қорғанған «Астана» топтағы алғашқы жеңісіне жетті.

    Похожие материалы

    Новости "Министерство туризма и спорта Республики Казахстан"